Онтусиктен Северге кошу, ол жакка барсан ескииииииии уй береди маз боласынба баргансон богымен катып каласын барсан

Билік Видео Жастар Заң Мәселе Саясат Уақыт Қоғам
25 Views

00:0011:12

Соңғы жылдары еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлерге қоныс аудару қарқыны артып келеді. Мемлекеттік көші-қон бағдарламасы аясында бүгінде Солтүстік Қазақстанға 10 мыңға жуық отбасы қоныс аударған.

Азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, тұрғын үйлер салынып, жұмыс орындары ұсынылуда. Бағдарлама аясында қоныстанушылар тек баспанамен ғана емес, еңбекпен де қамтылып отыр. Көптеген азаматтар жергілікті кәсіпорындарға жұмысқа орналасса, енді бірқатары өз кәсібін ашып, шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосуда. Арасында мал шаруашылығын, сауда-саттықты, қызмет көрсету саласын жолға қойған табысты кәсіпкерлер де бар. Бағдарлама Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы және Ұлытау облысы өңірлерінде жүзеге асырылып жатыр.Бұл аймақтарда жаңа үйлер бой көтеріп, инфрақұрылым жақсарып, әлеуметтік нысандар жаңартылуда. Халықтың сапалы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған жұмыстардың басы-қасында жүрген азаматтардың бірі – халық қалаулысы, «Ұлы көш» қоғам бірлестігінің төрағасы Жаңабай Ағабеков. Ол 2016 жылдан бері оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару жұмыстарымен жүйелі түрде айналысып келеді. Оның бастамасымен көптеген отбасы жаңа қонысқа көшіп, баспаналы болып, тұрақты жұмыспен қамтылған.Өткен жылы ұйымдастырылған «Шығыс шақырады» форумы да өз нәтижесін берген. Аталған шара барысында көші-қон мәселелері кеңінен талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Форумнан кейін солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтардың қатары артқан. Бүгінде бұл бастамалар ел ішіндегі демографиялық тепе-теңдікті сақтауға және өңірлердің дамуына өз үлесін қосып отыр.

Айта кетейік, бүгінде солтүстікке көшіру жұмыстары тек еліміз аумағында ғана емес, шет елдерде де жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Өзбекстанда тұратын қандастарды тарихи Отанына қоныстандыру бағытында жүйелі жұмыс қолға алынған. Жоспар бойынша көшіп келушілер аталған 6 облыстың біріне  орналастырылмақ.Қазіргі таңда 1000-ға жуық отбасы қоныс аударуға қызығушылық танытып, ниет білдірген. Алдымен өтініш берген отбасылар солтүстік өңірлердің тыныс-тіршілігімен танысады.Болашақ қоныстанушыларға аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, жұмыс орындары мен тұрғын үй мүмкіндіктері көрсетіледі. Танысу сапарынан кейін өздеріне ұнаған елді мекенге қоныстану туралы шешім қабылдайды.Бұл бастама шетелдегі қандастарды, оңтүстік тұрғындарын солтүстік өңірлердің дамуына серпін беруге бағытталған.

Осылайша, солтүстік өңірлерге көшіру бағдарламасы ел ішіндегі ғана емес, шетелдегі қандастарды да қамтып, ауқымын кеңейтіп келеді.Бұл бастама – халықтың тұрмыс сапасын арттырып, еңбек ресурстарын тиімді орналастыруға және өңірлердің дамуына серпін беруге бағытталған маңызды қадам.Мемлекет қолдауы мен қоғамдық ұйымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде мыңдаған отбасы жаңа ортаға бейімделіп, болашағына сеніммен қадам басуда.