1 018 Views
3 желтоқсанда Дублинде Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне де жеребе тартылды. 2019 жылғы 5-6 маусым күндері Португалияда Ұлттар лигасының жартылай финалдық ойындары өтеді. Португалия – Швейцариямен, Нидерланды – Ұлыбританиямен кездеседі. Онда жолы болмаған құрама командалар 9 маусымда қола медаль үшін таласқа түседі. Ал жеңіске жеткендері сол күні чемпиондық атақты сарапқа салатын болады.
Әбдісаттар ӘЛІП,
Спорт журналистері арасындағы республикалық шығармашылық конкурстың лауреаты.
Шымкент қаласы.