(Жалғасы. Басы өткен сандарда).
ЕСЕРЛІК ПЕ, ӘЛДЕ…
Өзін Оңтүстік өңірі демократтары мен адам құқығын қорғау саласының ең беделді, кез келген мәселені өз пайдасына шешудің жолын қалай болса да табатынына сенген ту ұстар – Р.Ә., осы талап арызды сотта қаратпаудың, өз пайдасына оңтайластырудың немесе өндірістен тоқтатудың ең оңбаған, бетсіздік, бейшаралық, қасамұрғандық, тағы басқа жексұрындықты таңдаған екен…
Негізінен іс қаралмай тұрып, Шымкент облыстық сотының төрағасы Б.Т.-ның атына арыз түсіреді (1993 жылғы 29 наурыз күні. №85 хат). Ақиқаттығына күмән туындамас үшін одан сөзбе-сөз үзінділер келтіремін: «… Почему обл. суд не отменяет решение Дзержинского нарсуда от 19.08.1991 года по иску Кумисбекова А. к врачам Чимкентского горпсихдиспансера, создавшие нездоровную атмосферу и концентрации шизофренанов, … только на одной подписи под документом из Санкт-Петербурга негосударственного Фонда социальной психиатрии и реабилитации. Почему судебные органы до сих пор не сделали запрос о юридической правомочности существования этой организации – Фонда социальной психиатрии и реабилитации. Почему не выяснено через юристов Санкт-Петербурга причины, по которым за «комиссию» расписывается только один человек Р.В. – директор Фонда социальной психиатрии и реабилитации», – деген пәрмен береді.
Біріншіден, ешкімнің де, әсіресе өзінің тарап ретінде қатысы жоқ жеке және заңды тұлғалардың заңды күшіне енген сот шешімі мен талап арыздың мәні бойынша сотқа сұрақ қоюға, сұрағына жауап беруді талап етуге, әсіресе пәрмен беруге құқығы жоқ екені қолданыстағы заңнамалар мен кодекстерден белгілі. Екіншіден, Октябрь революциясының бесігі болған, Ресейдің мәдени, ілім-білімі, интеллектуалдық әлеуеті мен тақуалығы жағынан үлгі тұтар мектебі болған Ленинградтық (Санкт-Петербург) Қор мен сот-психиатриялық сараптамалық комиссия мүшелерінің өз қорытындыларына, оның төрағасы ғана қол қойып, қалған екі мүшесінің қол қоймауы мүмкін емес еді. Оған қосымша, аталған қорытындыға комиссияның үш мүшелерінің де қолтаңбалары қойылған 8 (сегіз) данасын Қордың берген мандаты бойынша сенімді өкілі И.Ю.Горина алып келіп, маған табыс еткен. Сол қорытындылардың заңдылығы тексеріліп, бір-бір данасы Дзержинский аудандық сотына, жауапкерлердің әрқайсысына сот кеңсесі арқылы табысталған. Олар тарапынан талап арыз аудандық және облыстық соттарда қаралған кездері және одан бергі Р.Ә.-мен дауласу мен соттасу басталғанға дейін қорытындының мазмұны мен оның заңдылығына қатысты арыз-шағым болған емес. Соған қарағанда Р.Ә. өзінің қызы С.А. қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығында қызмет еткендіктен, өзіне қарасты әрі бағынышты жауапкер дәріігер – психиатрлардан, оларда болуға тиісті «қорытындының» түпнұсқасын немесе көшірмесін танысуға сұратып алдырған болуы мүмкін. Ал, сондағы комиссия мүшелерінің қолтаңбаларын жойып жіберудің сан-алуан ғылыми-тәжірибелік түрлері мен тәсілдері бар екені белгілі. Оларды қоғам Жарғысы мен Құрылтай тоқтамындағы «филиал» мен «төраға» сөзін өз қолымен сызып тастап (жиын бітіп, оның қорытындысына төраға Қ.М. және хатшы С.Т. қолтаңбаларымен бекіткеннен кейін болса керек. К.А.К.), олардың үстіне «комитет» және «президент» деп жазған Р.Ә. мен оның қызы – С.Ә. дәрігер ретінде заттардың түрі мен түсін өзгертудің талай химиялық реактивтермен тәжірибе жасағандықтан білетіндері даусыз.
Соны өзіне көмектесіп жүрген президиум мен «оперативтік басқару алқасының «мүшелері, сондай-ақ болулары әбден ықтимал тағы басқа да кәсіпқой мамандармен кеңесіп, Қорытындыда болған әрі болуы міндетті сараптаманың қорытынды бөлігіндегі комиссияның екі мүшесінің қолтаңбаларын өшірген болса керек…
АЛЖЫҒАНДЫҚ ПА, ӘЛДЕ…
Жоғарыда келтірілген Б.Т.-ның атына екінші рет жазған 1993 жылғы 5 сәуірдегі №86 арызында Р.Ә: «… На самом деле это определение суда подлежало к отмене,… не отрицаемых ответчиком в 10 страницах письменных доказательств к делу и оформленного на оснований показаний уличных психических больных К.Ж., В.А. и Т.Т… Организовали нападки против комитета группой известных психических больных Ж., В., и др…», – деп жазады.
Мені қызметке қабылдағанда, медициналық психиатрия саласымен соттасуымның нәтижесі туралы айтып бергенімде, Р.Ә: «… Бұрын сен сияқты талай адамның тағдыры тәлкекке түсті ғой. Енді мүмкін болса өзіңдей негізсіз зардап шеккендерге көмектесуіміз керек. Қазіргі кезде ондай мүмкіндіктер бар. Оған сенің тарихың дәлел, тәжірибең сабақ, үлгі болады…», – деген болатын.
Енді міне, сол кезде өзінің ұсынысымен және қызы С.Ә. жолдамасымен Қордың сот-психиатриялық сараптамасынан өтіп, оның қорытындысын әкелуге қызметтік хат дайындатқан Р.Ә., бұрынғы комсомол мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері болған К.Ж. мен тәлімгер-кәсіпкер Н.В.-ны, «халық қаһарманы» атағын беру керек деген, желтоқсандық Т.Т.-ны «көшенің көк атты шизофрениктері» қатарына жатқыза салады…
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры В.К.-ге жазған 1993 жылғы 13 сәуір күнгі №89 хатында, аудандық және облыстық сотқа жазған арыздағыларын қайталап, дамыта түседі. Онда жоғарыда аталған азаматтар қатарын кезінде өзі «нағыз демократ», «патриот» деп мадақтайтын В.А.-ны қосады. Оны да ешқайда жұмыс істемейтін, көшенің көк атты шизофренигі деп көрсетеді.
Абай халық сотының соты П.-ны комитеттің ұсынған құжаттарымен шектелмей, іске куә ретінде қатысуын талап еткенін «абсурд и не понятно» деп бағалайды.
Сөйтіп, прокурордан Қордың «қорытындысына», менің талап арыздарым бойынша қабылданып, заңды күшіне енген сот шешімдерін бұзуға және қаралу сатысындағы «біріктірілген» талап арызымды тоқтату туралы наразылықпен шығуды сұранады…
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы С.А.-ге жолдаған 1993 жылғы 16 сәуір күнгі №91 хатында, жоғарыдағы арыздарындағы мән-жайларды қайталап, оларға қосымша: «… При этом двое членов, так называемой комиссии психолог-эксперт С. А. подписавшись в начале протокола об ответственности за дачу ложного заключения, с заключением не согласились и уклонились от него видимо как составленное из эмоциональных заявлении клиента…», – деп, аталған екі эксперттің іс-әрекеттері мен шешімдерін жоққа шығару мақсатында, олар үшін өзі тұжырым жасап, өзі жауап береді. Мұны логикалық, психикалық, құқықтық, дәлелдемелік тұрғысынан қалай түсініп, қалай бағалауға болады? Бірақ, оған дер кезінде мән беріп, зерделеп, тиісті талаптар қойған прокуратура мен сот болмады.
Сол кездегі қолданыстағы заңдар мен кодекстерге сәйкес, Р.Ә.-ның жеке басы мен заңды тұлға ретінде Комитетке ешқандай қатысы жоқ әрі олар тарап болмаған, Шымкент қаласы, Дзержинский аудандық сотының 1991 жылғы 19 тамыз күнгі заңды күшіне енген және ондағы міндеттемелер жауапкерлермен орындалып қойған шешімге шағымдануға, оны бұзып, қайтадан қарау туралы талап қоюға құқығы болмағанын жоғарыда келтірдім. Жоғарғы Сот соларды ескермеді ме, жоқ әлде Р.Ә. өздеріне қарсы, «басқа» жаққа арыздануы мүмкіндігінен сақтанды ма, әйтеуір ол сұраған сот шешімін бұзып, басқа құрамда сол соттың қарауына жолдау туралы нарзылық келтірген (1993 жылғы 7 маусым күнгі №3п/359). Соның негізінде облыстық сот Дзержинский аудандық сотының 1991 жылғы 19 тамыз күнгі шешімі мен обл.соттың азаматтыық істер жөніндегі алқасының 1991 жылғы 4 қазан күнгі ұйғарымын бұзып, істі басқа құрамда сол соттың қарауына жіберді (1993 жылғы 24 маусым).
СОТТА ТАҒЫ ДА ҰТТЫМ
Сондықтан, менің ісім төңірегінде қалыптасқан жағдай мен Р.Ә.-ның «қорытындыға» таққан кінәлары туралы Қорға жазып, оның заңдылығын, яғни комиссия мүшелерінің оның бастапқы «кіріспе» бөлігі мен соңғы «қорытындысына» барлығының қолтаңбаларының қойылғандарын қосымша растауды сұрандым. Соған байланысты, «қорытындының» сол кездегі қолданыстағы заңдар талабына сай жасалғанын, толығымен қолдарын қойғандарын және олардың мөрмен бекітілгенін растаған хатты және жеделхатты Дзержинский аудандық сотының, Комитет президентінің және менің атыма жіберді (1993 жылғы 3 қыркүйек күні №9).
Ол бойынша іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында екінші рет қаралды. Психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері Б.Ж. сотта бұрын қаралып, шешім қабылданған және заңды күшіндегі бұл істі бұздырып, қайтадан қарату туралы шағымданған қандай адам немесе заңды тұлға болды екен? Соны білгіміз келеді? – деген өтініш жасады. Сот оған демократиялық Комитет пен оның Президенті Р.Ә.-дан жергілікті соттар мен прокуратураларға және Жоғарғы Сотқа арыздар мен шағымдар түсірілгенін айтқан…
Жауапкерлер Б.Ж., Л.Ж. және Г.Б. бұрынғы Дзержинский аудандық сотының 1991 жылғы 19 тамыз күнгі шешімі мен облсоттың азаматтық алқасының 1991 жылғы 10 қазан күнгі ұйғаруына ешқандай қарсылығымыз жоқ. Ондағы талапкер А.Күмісбековтің оған келісімі мен наразылығы болмаса, біз онымен келісеміз деген болатын.
Соларға байланысты сот Б.Ж.-ға, А.Ж.-ға және Г.Б.-ға қойған ар-намысты қорғау талап арыз толығымен қанағаттандырылды. Негізсіз және заңсыз ПНД есебіне алғандары және психикалық аурумен зардап шегеді дегендері үшін жазбаша кешірім сұрауды міндеттеді (1993 жылғы 23 қыркүйек күнгі №2-315 шешім).
Бір қызығы, жергілікті соттар мен прокуратураларға арыз-шағымдарды «бұрқырата» жазған Комитет Президенті Р.Ә.-мен оны қолдаған президиумның 25 және «оперативті басқару алқасының» 7 және тексеру комиссиясының 3 мүшесінің бірде-біреуі өздері талап етіп, бұздырып, қайтадан қаратқан соттағы іске келіп қатыспағандары, мені сол кезде ойландырған, әлі де таңдандырады. Сонда не, Р.Ә. мен оның «қолшоқпары» деуге болатын президиум мен «оперативты басқару алқасы және тексеру комиссиясының мүшелері» топтасып батырсынып, біреуге «тасадан тас атқанда», сотқа келіп жауап беруден «қашатын қ…» болғандары ма? Жоқ, әлде «гермафродиттер» сияқты екі функционалды пақырлар ма? – деген ойдан әлі күнге дейін арыла алмаймын.
ЛАТЫН ХАЛҚЫН ДА, ПЕРЗЕНТІН ДЕ ҚҰРМЕТТЕЙМІН
Қарапайым халық өмірбақи армандап әрі күресіп келген, талай тарландардың тағдыры талқандалған, өмірі қиылған Әділеттік, Теңдік, Бостандық, Тәуелсіздік, сияқты қасиетті де киелі күрес жолында тәжірибе жинақтап, дұрыс бағыт алып жеңіске жетуіме өз басын тәуекелге тіккен И.Ю.Горинадай перзенті бар латын халқы қалай мақтанса да болады. Оларды өз басым ерекше құрметтеймін!
Сондықтан да латын халқының: «Әруақ туралы оң сөйле, немесе үндеме» деген өсиетін ертерек біліп, өмірімде қатаң ұстанып келемін. Солай бола тұра, оқырмандардың аталған «Адам құқығын қорғау жөніндегі «Алматы – Хельсинки – Париж» облыстық демократиялық комитетінің» президиумы, «оперативті басқару алқасы» мен тексеру комиссиясы мүшелерінің алғашқы сайланғандарының кездеріндегі аты-жөндерін, болмыс-бітімдерін И.Ю.Горинаның атқарған қоғамдық-саяси, әлеуметтік, құқықтық, тағы басқа да іс-әрекетімен салыстырып білулері үшін жариялыққа беруді жөн көрген болатынмын. Бірақ этикалық, моральдық, құқықтық және азаматтық қалыпты сақтап, олардың аты-жөнін қысқартып көрсетумен шектелдім. Нақты кімдер екенін білгісі келген тұлғаларға заңды негізде мүмкіндік беріледі.
Жоғарыда келтірілген мән-жайлар мен алдағы уақытта айтылатын «эпизодтардың» барлығы сол азаматтардың аман-сау кезінде менің қызметім мен тұлғалық, болмыстық бітімім талқыланған. Сонда олардың мәжіліске қатысқандары өз пікірін айтқан, комитет қабылданған шешімдерді қолдаған, соған байланысты түзілген хаттамаларға, актілерге, Жарлықтарға, Қаулыларға және Бұйрықтарға тиістілері қолтаңбасын қойған. Олар мөрмен бекітілген. Сондықтан, менің осы мақаланы жариялауым – тасадан тас ату, аты-жөнін қысқартып көрсетуім – қорқақтық емес. Керісінше, көшпенді ата-бабаларымыз бен апа-әжелеріміз ат тұяғын дүбірлетіп қорғаған Еуропа мен Азия кеңістігінің басым бөлігіне дейін кеңейткен Ұлы даланың қазіргі ұрпақтары – қазақтар мекендейтін Қазақстанның киелі оңтүстік өңіріндегі «демократтарының» өзара дауласу додасы мен соттасу майданында «айтылған сөз – атыған оқтың» жаңғырығы ғана. Сол себепті, осында аты-жөні қысқартылып келтірілген азаматтардың аман-сауына қарымта уәж айтуларына, маған тағы да «тасадан тас атқылап», сотқа беруіне (әрине комитетке кезең-кезеңімен «президент» болып сайланды деп есептеген Ж.К. мен Ж.М. заңды күшіне енген сот шешімдерімен анықталған ондаған, жүздеген мың теңгені маған толық көлемде төлегеннен кейін) мүмкіндіктер беремін. Ал, марқұм болғандарынан, олардың отбасы мүшелерінен алдын ала кешірім сұраймын…
СОТ ШЕШІМІН ОРЫНДАУДАН ЖАЛТАРУ
Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотының 1993 жылғы 23 қыркүйектегі шешімі заңды күшіне енгеннен кейін менің бұрынғы қызметіме қайтадан орналастыру, лажсыздан жұмыссыз жүрген уақытыма жалақымды Р.Ә.-ден өндіріп алып беру, ар-намысымызды қорлағаны үшін кешірім сұрату және басқа мәселелер бойынша біріктірілген талап арызым (1993 жылғы 22 ақпан күнгі) Абай аудандық сотында қайтадан қарала бастады.
Р.Ә. істің қаралуын кешеуілдету немесе тағы да бұздыру амалын қайтадан жаңғыртып, жалғастырды. Қазақстан Республикасының жергілікті және Жоғарғы Сотына шағымдар түсірді. Комитеттің кезектен тыс Конференциясын шақырды. Ондағы сайлауға қатысты қойылған сұрақтармен бірге аудандық және облыстық соттың менің ісіме қатысты қабылдаған шешімін дұрыс емес деп есептеген хабарлама бекітті (1994 жылғы 3 қаңтар күні).
Іс қаралу сатысындағы Абай аудандық сотының төрағасы Д.Т.-ның атына арыз түсірген (1994 жылғы 3 ақпан күні). Онда тағы да менің ар-намысыма тиетін теңеулер жазып, өзінің сайлау ісімен айналысатынын, туған күйеу баласының қайтыс болғанын айтқан. Әл-Фараби аудандық сотының 1993 жылдың 23 қыркүйегі күнгі шешімімен келіспейтіні туралы Жоғарғы Сотқа 1993 жылы 13 желтоқсанда №104 шағым жолдап, оның жауабын күтуде екенін көрсеткен. Сот соны негізге алып, 1994 жылғы 7 ақпан күніне тағайындалған істің қаралуын белгісіз мерзімге кейінге қалдырған (1994 жылғы 10 ақпан күні, №10/223 хаты).
Одан кейін бұл істі қараған судья Т.Қ. жауапкер Р.Ә.-ның жұмысбастылығына байланысты (Жоғарғы Сотта қоғамдық қорғаушы ретінде қатысқан) істің қаралуын уақытша тоқтатқан (1994 жылғы 25 сәуір күні, №2-1 ұйғарым және 1994 жылғы 5 мамыр күні №10 хат)…
Кезекті істі қараған судья Қ.Б. мені бұрынғы қызметіме қайтадан орналастыру және лажсыздан жұмыссыз жүрген мерзіміне 12 600 теңгені облыстық Комитеттен өндіру туралы шешім қабылдады (1994 жылғы 7 маусым күні, іс №2-9).
Р.Ә. оған кассациялық шағым түсірді (1994 жылғы 15 маусым күні, №125). Облыстық соттың азаматтық іс бойынша алқасы Абай аудандық соты шешімінің бұрынғы қызметіме қайтадан орналастыру туралы бөлігін өзгеріссіз, тараптардың бейбіт келісімдері туралы бөлігін бекітусіз қалдырды. Лажсыздан жұмыссыз жүрген мерзіміне А.Күмісбекке комитет 10 000 (он мың) теңге төлеу міндеттелді.
Соттың сол шешіміне байланысты 1994 жылғы 25 шілде күні №38 бұйрық шығарып, бекітілген 10 000 теңгенің орнына Р.Ә. 8 800 (сегіз мың сегіз жүз) теңге төлеуді ұйғарды (?). №39 бұйрығымен, комитет жауапты хатшысының бір айлық жалақысын 825 теңге деп бекітті…
«ПРЕЗИДЕНТТЕР» ҚАША БАСТАДЫ:
бірінші «президент» «пас» деді
1994 жылғы 11 қазан күні Комитеттің атқару органының мәжілісі болды. Онда комитет президенті Р.Ә.-ның денсаулығына байланысты қызметінен босату туралы арызы қаралды. Ол қанағаттандырылып, алдағы президиумда талқыланып, бекіту ұсынылды. Соған байланысты осы қоғам алғашқы құрылғанда жауапты хатшылық қызметін атқарған Ж.К.-ға президент міндетін атқару жүктелді. Оны осы қызметке сайлау туралы кандидатурасын атком атынан президиумның қарауына қоюды ұсынды.
Комитет жұмысынан қол үзген бірнеше адам президиум мен атком мүшелігінен шығарылды. Олардың орнына жаңадан келген О.Қ., И.Ә., Қ.С., С.Е., Х.С., Е.М.-ның кандидатуралары ұсынылды. Олардың кандидатураларын алдағы президиум мәжілісінде бекітті.
Осы жерде өтіп кетсе де айта кетуім керек, мен ойламаған және күтпеген бір пікірді тарихшы ғалым, әскери офицер-полковник Ә.И. «күңк етіп» айтып қалды. Дәл сөзбе-сөз есімде қалмағанымен, ол: «… Мынау үлкен үй ұлдарының Ордасынан Комитетті ыдыратып құртуға жіберілген агент сияқты ғой», – деп міңгірледі.
1994 жылғы 12 қазан күнгі президиум мәжілісінде Комитет өткен күні жоспарланған сұрақтарды талқылады.
Оған президиумның тізім бойынша 25 мүшесінің 11- і (он бірі) қатысты, яғни қаралатын сұрақтарды шешуге кворум болмады. Оны ары-бері ақылдасып, мәжілісті бастап, жоспарланған мәселелерді талқылады.
Кезегімен сөз алған Ә.С., М.Б., Қ.М., П.Д., Ә.И.-лер Р.Ә.-ның жеке азамат – тұлға және қоғам қайраткері ретіндегі атқарған істері жөнінде жақсы пікірлер мен ұсыныстар айтты. Солардың қатарында Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағын беру, комитет президиумының құрметті мүшесі атағын, қаладағы бір көшеге есімін беруді ұсынды.
Кезінде соттар мен прокуратураларға жазған хаттарында, арыз-шағымдарында, «көшенің психикалық ауруы – шизофренияға шалдыққан, ешқайда жұмыс істемейтін қаңғыбас» деген секілді теңеулер айтқан. Осы қызметтен босату туралы арыз беруіне В.А.: Р.А. шынында денсаулығы себеп болды ма? Жоқ, әлде басқа жағдайларға байланысты ма екенін түсіндіруді өтінемін. Менің білуімше әлі денсаулығына шағым жасамаған сияқты еді ғой деді.
Өз кезегінде мен де сөйлеп, Р.-ны азамат ретінде сыйлап, қадір тұтамын. Қоғамдық іске деген белсенділік, нақты бір мәселені шешудегі батылдық, қажырлық пен еңбекқорлығы үшін құрметтеймін. Оның шаршап, шалдығып, денсаулығына байланысты деп қызметтен босату туралы арыз беруіне, қала берді комитетте қалыптасқан ауыр жағдайдың пайда болуына, шындығын айтсам, оны «төңіректеп жүргендер» кінәлі. Олар көп жағдайда Р.-ның жоғарыда аталған ерекшеліктерін өздерінің мақсат-мүддесіне жету үшін пайдаланып, оны тауға да, тасқа да соққылап шаршатып, істері тынғаннан кейін тайып тұрады.
Жасы үлкен болса да ашығын айтуым керек, Р. кейде өзінің қатты кетіп, бір істерді шешерде қателіктер жіберіп немесе дұрыс бағыт-бағдар ала алмай қалатынын мойындағысы келмейді. Сондай ерекшеліктерін айтып, кейбір кездерде тежеу болуға тырысқанымды Р. теріс ұғынып жүрді.
Өзімнің екі рет қызметтен «қуылып», соттасу арқылы жұмысыма қайтадан орналастырылғаныма қарамай, денсаулығына байланысты қызметтен босату туралы арыз бергенде, бұл жерден мен-ақ кетейін, – деген ұсыныс та жасадым. Бірақ, ол өз шешімінен қайтпайтын «басқа да» себептерін айтты.
Егер Р.-ны «төңіректеп жүргендер» оның абырой-беделін, денсаулығын, ертеңін ойлап, ал ол өз кезегінде менің де кейбір ұсыныстарымды дұрыс бағалағанда, комитеттегі көп жағдай дәл қазіргідей болмас еді. Сондықтан, жаңадан сайланатын президент пен президиум мүшелері өткеннен дұрыс сабақ алып, нағыз демократиялық бағдар ұстауын тілер едім» – дедім.
Содан кейін сөйлеген Р.Ә.: «Ақиқатын айтсам, денсаулығым нашарлап, қызметке жарамайтындай халде емеспін. Бірақ, комитеттің жауапты хатшысы А.Күмісбеков екеуміздің арамызда болған түсініспеушіліктер мен оның қызметтен екі рет босатылып, сот билігімен екі рет қайтадан орналастырылуы барысындағы айтыс-тартыс ауыр соққы болды, көп күш-қуатымды алды. Бұрын да талайды көрдім. Бірақ мұндай қиындыққа кездеспеген едім», – деді.
Сәл кідіріп, толғанып тебіренді ме, жоқ әлде қиналып күйзелді ме, жоғарыда жазғанымдай, бұған дейін екеуміз сөйлескендегі «қызметтен кетуімнің басқа да себептері бар» дегенінің шет жағасын қатты қобалжулы күйде, жайлап қана шығарды. Ол екеуміздің физикалық тұлға ретіндегі жаратылысымыз, жас айырмашылығымыз бен болмыс-бітімімізге, психологиялық гепотиттеріміз бен генофондтарымызға, интеллектуалдық әлеуетімізге, рухани байлығымыз бен беріктігімізге, генетикалық түп тамырымыз бен олардан алынатын биоэнергетикалық қуат, оның күші мен киесіне, қазақы наным-таныммен айтқанда, «әруақтар арпалысына» қатысты болған еді…
Президиум Р.Ә.-ның арызын қанағаттандырып, комитет президенті қызметінен босатты. Оған президиумның құрметті мүшесі, Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағы, көшелерінің біріне оның есімін беру туралы тиісті үкімет органдарына ұсыныс енгізу туралы қаулы қабылдады…
Президенттікке кандидат Ж.К.:
– А.Күмісбеков мырза жауапты хатшылық қызметіне президиум қаулысымен емес, президент бұйрығымен тағайындалған. Сондықтан, ол президиумның заңды мүшесі болып саналмайды әрі Комитет президенттігіне сайлануға кандидатурасын ұсынуға болмайды. А.Күмісбеков қоғамды таратып жіберген, жұмыс істелінбеген. Мен қоғам жұмысын ұйымдастырып, қызметін қалпына келтіремін, шиеленіскен барлық дауларды шешемін… Шымкент қаласының әкімдігіндегі және Комитеттің жұмыстарын бірдей атқаруға уақыт табамын, – деді.
Президенттіктен үміткер екінші адам ретінде мен: «Дәл қазір бұл қоғамды кімнің таратып, кімнің жұмыс істеп жүргеніне баға беруден аулақпын. Президент болып сайлана қалсам, қоғамды басқарудың жоғары дәрежесінде, шынайы демократиялық жағдайда жүргізер едім… – дедім.
Қорытындысында көпшілік дауыспен Ж.К. Комитеттің президенті болып сайланды. Ол туралы қаулы қабылданды.
Басқа да ұйымдық мәселелер бойынша басқару органдарына сайланған адамдардың жаңа тізімі бекітілді.
Екінші «президенттің» 20 000 теңгені түгімен жұтқаны ма?
Қоғам атқару комитетінің 1994 жылғы 16 желтоқсан күнгі мәжілісінде сот шешіміне орай жауапты хатшылық қызметіме тағайындалдым. Президенттің бір айлық жалақысы 3 000, ал жауапты хатшыныкі 2 600 теңге болып бекітілді.
1995 жылғы 9 қаңтар күнгі және 13 сәуір күнгі (№175) мәжілістерде, Абай аудандық сотының 1994 жылғы 7 маусым күнгі шешімі мен облыстық соттың 1994 жылғы 22 шілде күнгі ұйғаруымен анықталған және осы күнгі Р.Ә. мен А.Күмісбековтың бейбіт келісіміне сәйкес маған 10 000 теңге төлеу туралы шешім қабылданды.
Комитеттің 1995 жылғы 26 қаңтар күнгі мәжілісінде шұғыл түрде Ж.К.-ның Комитет президенті қызметінен босату арызы қаралды және ол қанағаттандырылып, қызметтен босатылды. Комитет президенті қызметін атқару, комитеттің жауапты хатшысы маған – А.Күмісбекке жүктелді. Комитеттің қызмет еткен мерзімдегі атқарған жұмысы мен басқа жағдайларына есеп беріп, оңтайландыру, келесі президентті сайлау конференциясын 1995 жылғы 18 ақпан күнгі сағат 10:00-де өткізу бекітілді.
Ж.К.-ның 3 (үш) айдай ғана президенттік таққа отырып, «оның қызметін» жандандырамын, бәрін қалпына келтіремін және шешемін деген уәдесін аяқсыз қалдырып, одан бас тартқанының себебі тек мені ғана емес, президиум мен атқарушылық орган мүшелерінің барлығын ойландырған болса керек. Оның себебі кейіннен белгілі болды. Сөйтсек, Комитеттің «Комбанк ТаймБанк» банкіндегі 20 000 (жиырма мың, әрине бұдан өзгеше болуы да мүмкін) теңгеден сот шешімімен міндеттелген 12 600 (он екі мың алты жүз) теңгені маған төлеудің орнына 1994 жылғы 11 тамыз күнгі бұйрықпен Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық зейнетақы қорына аударылған екен. Бірақ, оны бұрыннан бірін-бірі жақсы білетін, жалпы қоғамдық ұйымдар мен осы комитетте қызметтес болған әрі ортақ қызығушылықтары бар Р.Ә. мен Ж.К.-ның жоғарыдағы ақшаны қайсысының және кімнің атына аударғаны құпияда қалуда. Оны білсе вице-призиденттер А.С. мен Қ.М. білер деп ойлаймын. (1995.03.22 күнгі, қоғамдық ұйымдар бөлімінің басшысы Р.Б.-ның анықтамасы).
ОҚО Әділет департаментінің осы 1995 жылғы 11 сәуір күнгі №1-17-485, тағы басқа анықтамаларында мен жауапты хатшы қызметіне қабылданған кезден бастап көрсетіп, реттеп, заң талаптарына сәйкестендіру керек деген және ол үшін екі рет қызметтен кетуіме себеп болған кемшіліктер, қателіктер, жалғандықтар мен құқық бұзушылықтардың орын алғаны анықталды. Бірақ кеш…
Мен 1995 жылғы 18 ақпан күнгі конференцияға президиум мүшелері өздерінің тағы бір адамын әкеліп «президент» етіп сайлайтындарына көзім анық жетті. Сондықтан, өзіме президенттік міндет жүктелген және құқықтық тұрғыдан берілген мүмкіндіктерді икемді және тездетіп пайдалану керек болды. Солай еттім де. Комитетте жинақталған, менен құпияда сақталған және басқа ескерусіз қалған құжаттардың барлығымен таныстым. Алдағы уақытта қажет болып қалуы мүмкін дегендерінің көшірмелерін, ерекше маңыздыларының және екі данадан болғандарының біреуін алдым. Алып оқыдым да таңдандым…
Аманқұл КҮМІСБЕКҰЛЫ.
Шымкент қаласы.
(Жалғасы бар).