* Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі.
* Опасыздық – ойсыздық.
* Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.
* Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
* Намысты нанға сатпа.
* Қарабет болып қашқанша – қайрат көрсетіп өлген артық.
* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.
* Именіп жүріп көрген игіліктен – қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше – шындықтың уын ішін өлген артық.
* Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
* Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
* Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.
* Ата-ана қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас,
Ел қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.
* Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?!
Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес.
* Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.
* Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.
* Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.
* Жақсы сөз жанға – жақын, құлаққа – жағымды, ойға – қонымды келеді.