МЕГАПОЛИС МЭРІ ЕЛОРДАДА ЕСЕП БЕРДІ

Қоғам
765 Views

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі ЕрланҚуанышұлы Айтаханов ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзегеасыру аясындағы қаланың басты жетістіктері, сондай-ақ 2019 жылдың 11 айыныңқорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеді.

Ерлан Қуанышұлының айтуынша, 2019 жылдың 11 айында өнеркәсіп өнімі 16,4 пайызға, ауыл шаруашылық өнімі 5,5 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 15,3 пайызға, бөлшек сауда көлемі 7,1 пайызға артқан.

«Шымкент — республикалық қала мәртебесін иемденуімен қаланың іскерлік белсенділігі өсіп, күн санап халықтың санымен ғана емес, экономикалық қуатымен де қарқынды дамып келеді. Қала экономикасының орнықты дамуына өнеркәсіп саласының маңызы зор. Салада ағымдағы жылы 26 млрд. теңгеге 7 жоба жүзеге асырылып, 389 жаңа жұмыс орындары ашылды. Кәсіпкерлік санмен ғана емес, жаңа технологиямен жабдықталған сапалы өніммен де толығуда. Мәселен, «Рахат Шымкент» ЖШС оңтүстіккореялық компаниясының қаржысы есебінен құны 1,8 млрд.теңгеге мармелад өндіру желісін іске қосты», — деді қала басшысы.

Мегаполистің экономикасына тартылған инвестиция туралы мәлімдеген Ерлан Қуанышұлы қалада жұмыс істейтін 2 индустриялық аймақтың аумағы 100 пайыз игерілгенін атап өтті. Аталған аймақтарда бүгінде құны 42 млрд. теңгеге 67 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Олардан мемлекеттік бюджетке 16 млрд.теңге көлемінде салық түскен. Сонымен қатар қала бойынша шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

«Қалаға инвестиция тарту мақсатында Сингапур, Түркия, Қытай, БАӘ, Ресей, Оңтүстік Корея мен Өзбекстан елдерінің әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде, өзбек инвесторларының қатысуымен ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Альянс» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін 60 тонна, ал келесі жылы 6 мың тонна мақта талшығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде бұрынғы «Меланж» АҚ-ы іске қосылады. Нәтижесінде, жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылады. Бұл өз кезегінде елімізде өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттырады және 800 адамға жұмыс орнын береді», – деп хабарлады Е.Айтаханов.

Баспасөз мәслихатында сонымен қатар келер жылы аумағы 306 гектарды құрайтын үшінші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы мен ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін аумағы 136 гектар болатын «Агроиндустриалды аймақ» құрылатыны мәлім болды. Қазірдің өзінде «Жұлдыз» ИА 20 млрд.теңгеге 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 20 жобаны жүзеге асыруға инвесторлар ниет білдірсе, ал агроиндустриалды аймақта 109 млрд.теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылып, 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделуде екен.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында осы жылы 350 және 200 орындық екі жатақхана құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді. Келесі жылы «Шымкент» ӘКК арқылы 2 500 орындық жатақхана салу жоспарлануда. Шымкент қаласында жаңа оқу жылынан бастап жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Бұл жаңа мектеп құрылыстарын салуға инвесторларды тартуға мүмкіндік берді. Биылғы жылдың өзінде 5 мың орындық 11 жекеменшік мектеп ашылса, бюджет есебінен, 5 700 орынға арналған 9 мектеп құрылысы жүргізіліп, 5 білім ошағы пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды 4 мектептің мәселесі шешілді. Ал алдағы үш жылда жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы 10 мектеп құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізілетін болады.

Қала тұрғындарын газбен қамту үшін Шымкентте №3 АГРС құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 2020 жылы Сапақ датқа ауылынан ұзындығы 13,5 шақырым, қуаттылығы 25,0 мың текше метр сағатына құрайтын магистралды газ құбырын салу жоспарлануда. Бұл қаланың 2-3 жылдық қажеттілігін толық жабады. Ағымдағы жылы 43 көше күрделі, 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 90 шақырымдық топырақ жолға тас төселді. 2020 жылы шалғайда орналасқан 40 елдімекеннің сексен негізгі көшелерін асфальттау жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық көлік жүргізу мәселесі қаралады. Елді мекендердегі 48 көше күрделі, 73 көше орташа жөндеуден өтеді және топырақ жолға толығымен тас төселетін болады. Қаланың 7 магистралды көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Елбасының тапсырмасымен жеке инвесторлардың есебінен Шымкентте жаңа әуежай терминалының құрылысы басталып, 2020 жылы аяқталады. Сонымен қатар келесі жылы темір жол вокзалының ғимараты қайта құрудан өтетін болады.Әлеуметтік салада нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Есепті кезеңде 35 мыңға жуық азамат (2018 жылы – 29 341) әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бастамасын іске асыру мақсатында Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты еңбегіне сүйене отырып, Шымкент шаһарына қала әкімі «Қайырымды қала» деген балама атау ұсынды. Оны қала тұрғындары ерекше ықыласпен қолдады.

Қазіргі таңда қалада қанатқақты режимде «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық электронды порталы жұмысын жасауда Бүгінгі таңда портал арқылы 1246 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарымен көмек көрсетілді. Бүгінде портал арқылы 1246 отбасыға азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарымен көмек көрсетілді. Демеушілердің есебінен жалғызбасты және көпбалалы аналарға 45 пәтер берілді (Корпорация Сити Строй, КазМедеоГранд, Атамекен корпорациясы, А.Р.Т құрылыс, Отау – строй, Канфар-Бюлдинг ЖШС, Қорлар — Ізгілік Василия, Сайман). Сонымен қатар қалада 244 қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп, 5519 жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен көмір, тағы басқа да қаржылай көмектер көрсетілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *