ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУДАН ӨТТІ

Қоғам Құқық
1 288 Views

Шымкент қаласынан, жаңа облыс орталығына көшкен Түркістан облысы Әділет департаменті 2019 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жұмыс уақыты, жыл көлеміндегі жетістіктер мен түрлі мәселелер жөнінде Департамент басшысы М.Тұрғараевтың сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

– Мұхит Бекетұлы, әңгімемізді Әділет департаментінің штат санын оңтайландырудан бастасақ…

– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты» Жолдауына сәйкес тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы 2-2,5 есе өсу мақсатында Әділет департаментінің штат санын оңтайландыру бойынша іс-шаралар аяқталды.

Барлық аудан, қалаларында жұмыс атқарылған аудандық, қалалық әділет басқармалары біріктіріліп, 5 ауданаралық әділет басқармалары және 6 ауданарылық аумақтық сот орындаушыларының бөлімі филилалдары құрылды. Атап айтқанда, Арыс қаласы және Бәйдібек, Отырар аудандары Ордабасы ауданаралық әділет басқармасы болып біріктірілді; Түлкібас және Төлеби аудандары Сайрам ауданаралық әділет басқармасы болып біріктірілді; Келес және Қазығұрт аудандарыСарыағаш ауданаралық әділет басқармасы болып біріктірілді; Мақтаарал және Шардара аудандарыЖетісай ауданаралық әділет басқармасы болып біріктірілді; Түркістан қаласы және Созақ ауданыКентау ауданаралық әділет басқармасы болып біріктірілді. Ал, Арыс қаласы және Бәйдібек, Отырар аудандарының аумақтық сот орындаушылар бөлімі – филиалдары Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы болып біріктірілді; Түлкібас және Төлеби аудандарының аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалдары Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы болып біріктірілді; Келес және Қазығұрт аудандарының аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалдарыСарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы болып біріктірілді; Мақтаарал және Шардара аудандарының аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалдарыЖетісай ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы болып біріктірілді; Түркістан қаласының және Созақ ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалыКентау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы болып құрылды. Қазіргі таңда департаменттің, ауданаралық әділет басқармаларының, сот актілерін орындау филиалдардың штаттық санығ 81 бірлікті құрайды. 2018 жылы 127 бірлік құраған.

– Өзіңіз басшылық етіп отырған мекеме жылды қалай аяқтады?

– 2019 жылда Әділет департаментімен 2522(2018жылы – 168644) мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде 424 электронды түрде, 2046 мемлекеттік корпорация арқылы және 52 қағаз түрінде көрсетілді.

1398 (2018 жылы – 2596) жеке және заңды тұлғалардың өтініш пен арыз-шағымдар қаралды, оның ішінде жеке тұлғаның 1315, заңды тұлғаның 83 өтініш пен арыз-шағымы. Түскен арыз-шағымдардың көп бөлігі атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету саласына қатысты болған еді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл арыз-шағым 45 пайызға азайған. Ал, департамент басшысы ретінде мен және менің орынбасарларым 110 азаматқа жеке қабылдау жүргізді.

– Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуде қандай өзгерістер болды?

– Қағазсыз құжат айналымына өту – Электронды үкімет құрудың басты қағидасы. Жаңа әдіс – тұлғалармен тікелей қарым-қатынасты болдырмауға, уақытты үнемдеуге ықпал жасады.

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін әділет органына мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын қою жеткілікті.

Мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандыруға байланысты нормативтік құқықтық акті әділет органдарына ұсыну мерзімі әзірлеуші органның басшысымен бекітілген күннен бастап үш жұмыс күніне дейін қысқарды. Тіркелген нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға автоматты жіберуді қамтамасыз ететін Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу рәсімі автоматтандырылды. Мемлекеттік органдардың тіркелген актілерді 10 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберу міндеті алынып тасталып, оның орнына әділет органдарында тіркелумен бір мезгілде тіркелген актілер әділет органдарынан ресми жариялау үшін эталондық бақылау банкіне автоматты түрде жіберіледі.

Үкіметпен цифрландыру аясында қабылданған бұл шаралар – ашықтық, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, барлық шығындарды оңтайландыру, рәсімдерді жеделдету, қауіпсіздік секілді негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. 2019 жылы мемлекеттік тіркеуге уақтылы ұсынбаған 6 НҚА анықталды, Созақ ауданы әкімінің аппаратынмен 5 НҚА, Шардара ауданы әкімінің аппаратымен 1 НҚА. Осыған орай, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі 457 бабының 1 бөлігімен Созақ және Шардара ауданы әкімдігінің заң бөлімінің басшыларына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, айыппұлдар салынды.

– Әділет органдары адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері және жеке сот орындаушылары көрсететін заң көмегінің сапасын бақылайды. Қазіргі таңда олар қалай жұмыс істеп отыр?

– Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 179 нотариус, 131 адвокат қызмет атқарады. Былтыр адвокаттармен 5488 азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Осыған бюджет қаражатынан 62 812 000 теңге төленді.

Сонымен қатар Түркістан облысы заң кеңесшілерінің палатасы мүшелікте

51 заң кеңесшілер, Арыс қаласының заң кеңесшілерінің палатасы, мүшелікте 10 заң кеңесшілер және «Kazakhstan» заң консультантары палатасы, мүшелікте 34 заң кеңесшілері біріктірілген заң кеңесшілерінің палаталары құрылды.

Өткен жылы департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 16 арыз-шағым түсіп, соның ішінде сегізі негізді деп табылды. Осыған байланысты, екі нотариус «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір нотариустың лицензиясының күші тоқтатылды, Бір нотариусқа қатысты нотариаттық палатаның мүшелікті тоқтата тұру шешім қабылданды, бір нотариусқа қатысты тәртіптік іс жүргізу жауапкершілікке тарту мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды, екі нотариусқа қатысты тәртіптік іс жүргізу арыз берушінің өтініші негізінде тоқтатылды.

Жалпы, 2019 жылы тоғыз нотариустың лицензиясының күші уақытша тоқтатылып, екі нотариустың лицензиясы тоқтатылды. Ал, адвокаттардың іс-әрекеттеріне сегіз шағым түсіп, оның біреуі негізді деп танылған. Осыған байланысты, бір адвокат «сөгіс» түріндегі түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 1 адвокаттың лицензиясының күші тоқтатылды. Ал, заң кеңесшілерге қатысты арыз-шағым түскен жоқ.

– Ал сот шешімдерін орындаудың соңғы сатысында тұратын сот орындаушылары, олардың қызметі туралы не айтасыз?

– 2019 жылы облыс бойынша 9 мемлекеттік сот орындаушы және 126 жеке сот орындаушы жұмыс атқарылған. Олардың орындауында 204 993 атқару құжаты болған. 2018 жылмен салыстырғанда 58445 құжатқа артық болған.

Түскен атқару құжаттарының ішінен жалпы аяқталған атқару құжаты – 73 192 құжат, яғни 36 пайызды құрады. Ал, нақты орындалғаны, 48 250 атқару құжат болды, яғни 65,9 пайызды құрады. Бұл, ҚР Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарында сала бойынша айқындалған индикаторды асыра жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен қол жеткізілгенін айта кету керек.

Мемлекет пайдасына сомма өндіру туралы атқару өндірістері бойынша орындауда – 101 131 құжат орындауда болып, соның ішінде жалпы орындалғаны – 42 664 құжаты 42 пайызға аяқталды.

Мемлекеттік сот орындаушыларының нақты өндірілген сомадан 10 пайыздық атқарушылық санкция мемлекет пайдасына өндірілді, Түркістан облысы Әділет департаментінің аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалдарымен 2019 жыл көлемінде 10 957 643 теңге мемлекет пайдасына өндірілген болатын.

Алимент өндіру санаты бойынша 21 342 атқару құжаты орындауда тұрған. Оның ішінде 5263 атқару құжаты аяқталған, жыл соңына 16 079 атқару құжаты орындауда қалдықта қалған.

Облыс аумағында қалдықта қалған алимент өндіру санаты бойынша 16079 атқару өндірісінің 5355 атқару құжаты борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталуда, 9915 атқару өндірісі бойынша борышкерлер өзара келісіп төлемдер жүргізілуде. Ал, 809 борышкерлер бойынша 3 айдан астам уақытан қарыз берешектері бар борышкерлер. Түркістан облысы полиция департаментінің аудандық, қалалық бөлімдерімен 640 борышкер сот ұйғарымдары негізінде іздеуде жүр.

Облыс аумағында атқарушылық іс жүргізу өндірістері бойынша борышкерлерді Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің талаптарымен әкімшілік жауапкершілікке 448 борышкер тартылды.

Алимент төлемдерін жүргізбегені үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 139 бабтарының талаптарына сайкес 79 борышкерге қатысты қылмыс іс қозғау үшін ішкі істер органдарына ұсыныстар жолданған. Жолданған ұсыныстар бойынша қылмыс құрамы болмауына байланысты ішкі істер органдарымен қысқартылған.

Департамент тарапынан ҚР Әділет министрлігіне «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының талаптарын дұрыс деңгейде орындамағаны үшін 27 жеке сот орындаушысына лицензиясының қолданысы тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізілген. Ұсыныс негізінде 19 жеке сот орындаушысының лицензиясы уақытша тоқтатылып, 1 жеке сот орындаушысының лицензиясы қолданысы тоқтатылды.

– Мұхит мырза Сіздің ұжымыңыздың 2020 жылға қойған мақсаттарымен бөліссеңіз?

– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды.

Әділет департаментімен ерікті студеттер және ерікті заңгерлермен бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын аттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жұмыстарды жүргізуі сапасын арттыру нақты жоспарланған. Осыған орай, барлық еріктілерді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне, ардагерлер, жастар және кәсіподақ ұйымдарына құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге белсене атсалысуға шақырамыз!

– Ашық сұхбатыңыз үшін рақмет, табысты жыл болғай!

Сұхбаттасқан Қуанышбек БОТАБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *