ҚАЛА КҮНІМЕН, МИЛЛИОНДАР МЕКЕНІ

Мерей
1 098 Views

Шымкент шаһары қазақ халқының береке бітіп, миллиондар мекеніне айналған ең қонақжай еңмеймандос қалаларының бірі. Шымқалаға бір рет қонақ болып келген жан қайтакелгісі келіп тұрары сөзсіз. Қаланың 2200 жылдық тарихы мен заманауи алыпмегаполиске айналып келе жатқанынан бөлек, қай кезеңде де басты ерекшелігі қалажазындай ыстық, дархан пейілді халқы болып қала бермек. Осы мақала қала күнінеарнайы шығарылым. Тақырып қаланың тарихы, бүгінгі жаһандық статусы, көш бастаптұрған салалар және алып мегаполиске айналу қарқыны туралы ақпаратпенқамтылған.

Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әртүрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» – деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің «Шым» және иранның «Кент» – қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) «чиминь-чемень» яғни, көгалды, гүлденген ал-қап, ал бұған «Кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны береді.

Қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда – мал шаруашылығы дамыған.\

Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан уезіның, ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды. XIX ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған: – 19 мануфактуралык, 70 ұсақ-түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақ-тандыру орны, 27 ұн дүкені, ал XX ғасырдың басында – 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта тазалайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға айналды.

Қала экономикасының дамуында 1883 ж. ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі «Химфарм» АҚ химия-фармацевтикалық зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене сантонино өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында (герб) дермене бұтақшасы бейнеленген.

Соғыстан кейінгі 50-80-інші жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды. Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, қаракөл, цемент, гидролиз зауыттары, «Восход» тігін фабрикасы, металлқұрастыру және тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорынды, «Электроаппарат» зауыты, ал, тамақ өнер-кәсібінен ет, сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кәсіпорындарды атауға болады. Химия өнеркәсібі жедел дамыды. Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылды. Тұрғын үй салу қарқындап жүріп жатты. Жаңа мөлтекаудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің саны өсіп, спорттық-сауықтыру кешендері салынды. Жаңадан салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар.

Қазіргі таңда Шымкент миллиондар мекені аталып отыр. Сол кездегі мемлекет басшысы, Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары. Миллионды қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті. Бізді алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы – бұл жаңалық Шымкент қаласын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әрбір қалалықтың өміріне жаңа серпін береді, оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Бұл – сонымен қатар, біз үшін асқан жауапкершілік», – деп атап өтті.

Қала әкімінің мәлімдеуінше алдағы уақытта шаһардағы жауыр болған бірнеше мәселелер өз шешімін табады. Мәселен, 2022 жылы Шымкентте көгілдір отын мәселесі толығымен шешіледі. Ал, қала аумағындағы канализация проблемасын шешу мақсатында қуаты 150 мың текше метр тазарту қондырғысының құрылысын алдағы үш жылда кезең-кезеңімен салу жоспарлануда. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен 8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистральды су құбыры тартылады. Электр қуатын артыру мақсатында 220 кВ Бозарық кіші станциясының құрылысы жүргізілуде. Ол биыл пайдалануға берілмек.

«Сонымен қатар, екі кіші станцияның құрылыстары басталды. Ол да келесі жылы пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша биыл 227 көше жөнделеді.Ал көлік кептелісін шешу мақсатында, 13 магистральды жолды қайта құру, 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би – Арғынбеков) және 4 көпірдің құрылысы, Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 айналма жолы, №1 автожол, Адырбеков көшесін қайта құру, әл-Фараби көшесінің жалғасын салу көзделген», – делінген әкімдік ақпаратында.

Шымкент – Қазақстанның кәсіпкерлік өңірі десек әсте қателеспейміз. Себебі қала республика бойынша кәсіпкерлік, құрылыс және инвестиция тартуда көш бастап келеді.

Бүгінде республика бойынша индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында Шымкентте 3 жылда 24 кәсіпорын ашылып, 1300 тұрақты жұмыс орны пайда болды. Ал, өткен жылы бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Альянс» компаниясының жіп иіру фабрикасы қайта іске қосылған еді. Қалада 2 индустриялды аймақ тиімді жұмыс істеуде. Қазіргі таңда, 64 млрд.теңге инвестициялар тартылып, 72 жоба іске қосылды. Осының есебінен 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, бюджетке 13,4 млрд.теңге салық түскен. Алдағы 3 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылып, оған 2,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылатын болады. Нәтижесінде 2 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылады.

Ауылшаруашылығы саласында 2019 жылы 29 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Аталмыш салаға соңғы 3 жылда 2,6 млрд. теңге инвестиция салынып, 56 гектар жерге жылыжай және 215 гектар жерге қарқынды бау егілген. Ал, етке 24 мың бас ірі қара бордақыланып, 111 жанұялық сүт фермасы ашылған. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 млрд.теңге субсидия төленген.

Сонымен қатар алдағы үш жылда бизнестің жол картасы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 300 жобаға қолдау көрсетілмек. Ондағы жобалардың құны — 3,3 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде салада жұмыс істейтіндер саны 148 мыңнан 175 мың адамға дейін көбейеді. Жалпы өнімдегі үлесі 27 пайыздан 33 пайызға жеткізілмек.

Қалада инженерлік инфрақұрылым өзекті мәселе. Оның бірнеше себебі бар. Халық саны жедел өсуде. Жаңадан 41 елді мекен қалаға қосылды. Осының салдарынан магистралды жүйелердің қуаты жетіспеуде. Алдағы 3 жылда осы мәселені барынша шешуге жұмыстар істелетіні туралы қала әкімі баяндаған болатын. 140 мың халқы бар тасымал арқылы су ішіп отырған 8 елді мекен және жартылай сумен қамтылған 5 елді мекеннің мәселесі шешілетіні де ағымдағы жылдың міндеттеріне еңгізілген.

Соңғы 3 жылдың ішінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамту мақсатында 10 елдімекенге электр желісі және 2 подстацияның құрылысы салынған. Бүгінде Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамту деңгейі 93 пайызды құрайды. Сонымен қатар, екі подстанцияның құрылыстары жүргізілуде (қуаты 110 кВ «Ақжар» және «1-М-1»). Олар келесі жылы пайдалануға беріледі. шешіледі.

2019 жылы қалада 524 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш өсімі жағынан республикада алғашқы үштіктің қатарында (Түркістан және Алматы облысынан кейін). Өткен 3 жылда 1,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынды. Соның ішінде өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 836 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 450 көпбалалы отбасы, 242 халықтың әлсіз топтары, 904 жастар баспанамен қамтылған. Бүгінде қала күніне орай Шымкент қаласының 90 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды. Пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ҰОС ардагері Халил Ергешов та бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтаған.

«Ұлы Отан соғысында бейбіт заман үшін барын берген Сіздей батырдың бүгін қоныс тойын тойлайтынына қуаныштымын. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Өкінішке орай, әлемді жайлаған аты жаман індет басылмай тұр. Сол себепті, сақтық шараларын сақтау үшін сізді онлайн құттықтауға тура келді» – деді қала басшысы.

Қала күні қарсаңында баспаналы болғандар қатарында 65 көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған 24 жанұя бар. Жалпы жыл соңына дейін тағы 1 144 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 300-і жұмыс істеп жүрген жастарға, 450 пәтер көпбалалы отбасыға, 192-сі әлеуметтік аз қамтылған жанұяға беріледі.

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрханов: «Шымкент қаласының қоғамдық жолаушылар тасымалдау саласында 24 жекеменшік көлік құралдарымен, оның ішінде 63 автобус маршуттары 836 кестемен, 13 шағынавтобус маршруттары 211 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетуде. Ал қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы қолданыстағы маршруттар желісі жаңартылып, Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленуде», — деп мәлімдеді.

«Автобустық тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешендік бағдарламасы (жол картасы)» негізінде және отандық автобус өндірушілерді қолдау мақсатында, Шымкент қаласының әкімдігі жаңа автобустарды лизингке алуды жоспарлап та отыр.

Қаладағы қоғамдық көліктерге «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылған. Жүйені ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға береді.

Сонымен қатар қазіргі таңда қаламызда 175 көше жөнделіп жатса, биылғы жылы жоспар бойынша 256 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Биыл Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғанын ерекше атап өту керек. Осыған орай наурыз – қараша айларында маңызды іс-шаралар легі күн тәтібіне қойылып, қала жаңа мәртебені тойлауға толық дайын еді. Бұл Шымкенттің халықаралық аренада танылуына алғашқы қадам. Қалаға бірнеше елден делегаттар мен туристер келеді деп күтілді. Алайда жаһанды жалмаған індет барлық жоспардың шегерілуне себеп болды. Одан бөлек, ЮНЕСКО-мен бекітілген қаланың 2200 жылдық мерейтойы, республикалық деңгейде Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар да назардан тыс қалмаған.

Шымшаһардағы ерекше жоба «Shymkent-city». Бұл орталық Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Орта Азиядағы ең көне қаланың жаңа тарихи бейнесін айшықтайтын болады. Келешекте «Shymkent-city» аумағы 70 мыңға таяу тұрғынды қамтитын болады. Мұнда 7 мектеп, 21 балабақша, 2 емхана ғимаратын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, қаладағы ең үлкен спорт кешені, концерт залы және жалпы аумағы 62 гектардан асатын саябақ салынады.

Шымкент еліміз бойынша аумағы жағынан ең алып қаланың бірі және бірегейі. Соңғы жылдары қалаға жақын үш ауданнан 40-тан астам елдімекен Шымкент аумағына қосылды. Қазіргі таңда Алматы қаласы 682, ал Нұр-Сұлтан қаласының көлемі 810 шаршы шақырымды құраса, үшінші шаһар аумағының көлемі 1170 шаршы шақырымға жетіп отыр. Сонымен қатар Шымкент ең көне қала екені мәлім. Биыл ол өзінің 2200 жыл толып отырғанын атап өттік. Осыған орай ол ЮНЕСКО-ның мерейтойлық күнтізбесіне енген.

Шырайлы, жаймашуақ мекеннің алар белестері әлі көп екені сөзсіз. Бұл жерде аталған шаралар тек қала халқы үшін жасалған оң істердің жартысы ғана. Қала бүгінгідей тұрғындар үшін нағыз қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы жаңартылған және мәдениеті жоғары болып болашаққа нық қадам басуын жалғастыра бермек.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *