Тимур НАҚЫПБЕКОВ: «КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ – БИЗНЕС ПЕН БИЛІКТІ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ КӨПІР»

Сұхбат
945 Views

Кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2013 жылдың 13 қазан айынан бастап жұмысқа кіріскен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының құрылымы 30кәсіпкерлік субъектілерінен, 14 аудандық филиалдардан тұрады және олардыңнегізгі қызметі іскерлік, инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықтынығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ, шетел инвесторларының бизнес жүргізуінеқолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған. Осы орайда, аталған мекеменіңтындырымды тірліктері мен игілікті істерін білуге бағыт алған біз Түркістаноблысы Кәсіпкерлер палатасы басшысы Нақыпбеков Тимур Арсенұлымен арнайы сұхбаттасып қайтқан едік.

– Жалпы «Атамекеннің» негізгі мақсатына нелер кіреді және халықпен жұмыс жасаудың негізгі критерийлері қандай?

– 2013 жылғы 8 қазанда еліміздің 14 облыс орталығында және Астана мен Алматы қалаларында Кәсіпкерлер палаталары құрылған болатын. Бұл тізімге 17-ші өңір – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы қосылды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғап, заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, аймақтағы бизнес өкілдерін бір ортаға шоғырланған кәсіпкерлік қауымдастық құруға жұмылдыру.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының міндеті – еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру.

Қазақстан облыстары мен аудандарында жергілікті ауқымдағы мәселелер Өңірлік кәсіпкерлер палаталары және олардың аудандық филиалдары арқылы шешілетін болады. Егер орын алған мәселе Үкімет деңгейінде қаралуды талап етсе немесе оны шешу үшін заңнамаға өзгертулер енгізу қажет болса, онда мәселе «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқармасы деңгейінде қаралымға жіберіледі.

Мұндай құрылым бизнестің ауқымды әрі жүйелі мәселелерін, атап айтқанда рұқсат ету процедураларын оңтайландыру, салықтық әкімшіліктендіруді жақсарту сынды мәселелерін бір мезгілде шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шағын қалалар мен ауылдардағы кәсіпкерлердің мәселелері назарсыз қалмайды.

Қазіргі таңда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау, агроөнеркәсіп кешені, жобаларды сүйемелдеу, адами капиталды дамыту және кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау бөлімдері кәсіпкерлерге жұмыс жасауда.

– Облыс бойынша бұл мекеменің беделі халық пен билік арасында деңгейі бүгінгі таңда қандай дәрежеде?

– Бүгінде бизнес пен билік арасында Кәсіпкерлер палатасы байланыстырушы көпір болып отыр. Бизнес Кәсіпкерлер палатасын өз мәселелерін шешудегі соңғы үміті санайды. Кәсіпкерлер палатасында «Өңірлік кеңес» деген орган бар. Ол – әр өңірдің кәсіпкерлік ахуалын бақылап, кәсіпкерлік палатасының мәселелерін көтеретін облыстың беделді кәсіпкерлерінен құралған алаң. 2020 жылдың қыркүйек айында Өңірлік кеңес құрамы сайлау нәтижесінде жасақталған болатын. Жалпы, сайлауға 55 үміткер қатысып, 10 515 бизнес субъектілері дауыс берді. Нәтижесінде, 35 кәсіпкер мүшелікке ие болды.

Өңірлік кеңес құрамының 48 пайызы жаңартылған. Атап кетер жайт, кеңес құрамы әртүрлі салалардағы кәсіпкерлерден құралған.

Сонымен бірге, Өңірлік кеңес жанында 6 салалық комитет құрылып. Комитеттер құрамында жалпы саны 168 қатысушы бар. Әртүрлі салалар бойынша 10 отырыс ұйымдастырылып, отыздан аса маңызды сұрақтар көтерілген болатын.

Бүгінгі күнге салалық комитеттер бизнесте туындап жатқан, шешімін бірлесе қарастыратын, келіссөздер жүргізетін бірегей платформаға айналды. Салалық комитет отырыстарының бірқатары мемлекеттік органдардың қатысумен өткізілді.

Сонымен қатар, бизнестің мәселелерін көтеріп, жобаларын ұсыну мақсатында Өңірлік кеңес мүшелерінің облыс әкімімен кездесулері өткізіліп тұрады.

Бизнеске көмек көрсету үшін Палата жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі де жұмыс жасайды. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Ай сайын өткізілетін кездесулерде Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін бұзуға байланысты нақты жағдайларды шешу жолдарын қарастырады. Осы алаңда бизнес-қоғамдастығының өкілдері тікелей олардың лауазымды тұлғаларымен байланысуға, олардың проблемалары туралы нақты сұрақтар қою мүмкіндігі бар. Әрбір Кеңес отырысының соңында оның қатысушылары аймақтық Палата кәсіпкерді қорғау және қолданыстағы жүйелік бизнес проблемаларын шешу үшін тиісті қадамдар жасайтын шешімдер қабылдайды.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары келіп түскен проблемалық мәселелер бойынша құқықтық пікірлер дайындайды. Ал кәсіпкерлердің құқықтарын ең қатал түрде бұзылған мәселе Кеңестің қарауына шығарылады.

– Аудандардағы бөлімдердің жұмысы қандай?

– Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының 15 ауданда филиалдары аудан тұрғындарына тегін қызмет көрсетуде.

Онда аудандық филиал директоры мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында арнайы кеңесші менеджерлер жұмыс жасайды. Олар жергілікті жерде кәсіпкерлеріміз тап болған проблемалық мәселелерді дереу шешуге тырысады. Ал мәселе облыстық деңгейде болса, онда облыс өз қарауына алады. Ондағы кеңесшілер мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріп, жобаларды толық сүйемелдеуге алады.

Әр аудандағы Палата филиалдарының мекен жайларын біздің Turkistan.atameken.kz cайтымыздан көре аласыздар.

– Негізгі ұстанымыңыз бен жұмыс нәтижелері туралы кеңінен тоқталып өтсеңіз.

«Бұрынғы Оңтүстік өңірі, қазіргі Түркістан халқы кәсіпкерлікке қабілеті бар халық. Өз-өзін асырап, отбасын алға сүйреумен қатар, Республика экономикасын ілгерілетуде үлесі үлкен.

Кәсіп үйренем деушілерге есігіміз әрдайым ашық. Ал біз, Түркістандағы әр отбасында бір кәсіпкерден болу үшін жұмыс жасайтын боламыз».

Жұмыс нәтижелері бойынша:

Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы бұрыннан бері өңірде қалыптасқан оң бизнес-климаты бар шағын және орта кәсіпкерлік өңірі болып табылады. Біздің өлкедегі адамдар өте еңбекқор және іскер. Сондықтан, шағын және орта бизнестің дамуы бүгінде облыстың экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, біздің облыс шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 140 мыңнан асады.

Жұмыс істеп тұрған ШОК салалық бөлінісінде ең үлкен үлесті ауыл шаруашылығы саласы – 57,9% (82,6 мың субъект), қызмет көрсету және сауда саласы – 18,7% (26,7 мың субъект), өзге де қызметтер – 8,7% (12,4 мың субъект), білім беру – 2% (2,8 мың субъект), құрылыс – 1,7% (2,4 мың субъект), сондай-ақ экономиканың өзге де салалары-11% (15,7 мың субъект) алады.

Өңір экономикасына ШОБ салықтық түсімдерінің жалпы сомасы 138,3 млрд.теңгені құрады.

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕР

Жеңілдікті қаржыландыру аясында 48,3 млрд. теңге сомасына 500-ден астам жоба қолдау алды («қарапайым заттар экономикасы: 24,4 млрд. теңге 264 жоба; «БЖК 2025» бағдарламасы 23,9 млрд. теңге сомасына 255 жоба).

Өңірімізде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының дамуы туралы аралық қорытындыларын айта кететін болсам бүгінде, біздің сүйемелдеуде 51,7 млрд. теңге сомасына 492 жоба бар, оның ішінде құны 6,1 млрд.теңге құрайтын 28 жоба қаржы институттары мен банктерде қаралуда.

Банктер 17,1 млрд. теңге сомасына 40 жобаны, Аграрлық несие корпорациясы 6,9 млрд. теңге сомасына 224 жобаны, ал барлығы 24,4 млрд. теңгеден аса сомаға 264 жоба қаржыландырылды.

Біздің облыс экономикасының басым бөлігі аграрлық сектор болғандықтан, жобалардың жартысынан көбі агроөндірісті құрайды (79%), тамақ өнеркәсібі – 18 пайыз, туризм, денсаулық сақтау және білім беру сияқты бағыттардағы қызмет көрсету саласы.

Жобалық кеңсенің шеңберінде бірқатар жобалар бойынша оңды шешілген мәселелер бар.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Палата қызметінің басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Осылайша, 2020 жылы Палатаға 269 өтініш келіп түсіп, оның 123 (45,1 пайыз) оң шешімін тауып, 2,1 млрд. теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалды.

Биылғы орын алған жағдайға қарамастан, төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер тарапынан 300 мыңнан аса өтініштер келіп түскен болатын.

Бұл кезеңдегі тіркелген өтініштердің басым бөлігі республика мен облыс аумағында және облыс аралық орын ауыстыруға рұқсат алу жөнінде болды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША

Бүгінгі таңда Түркістан облысының Кәсіпкерлер Палатасы «егістіктен сөреге дейін» мемлекеттік пилоттық бағдарламасын жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығы өндірісіне бірқатар талдау жүргізіліп, нәтижесінде шұғыл шешуді талап ететін бірқатар мәселелер анықталды. Олардың бірі – агробіліктіліктің төмен деңгейі, соның ішінде сүт өндірісі саласында.

Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы өңірі болып табылады және сүт өңдеу бойынша 21 кәсіпорын бар. Олардың жүктелімі орта есеппен 60 пайызды құрайды.

Тауарлы-сүт фермаларында сүт шығымының төмендігі (күніне 7-10 литр сүт) проблемасы малды тұқымдық түрлендіру жөнінде мақсатты жұмыстың болмауының нәтижесі болып табылады. Жеткілікті азық-түлік базасының болмауы және жануарларды теңгерімсіз тамақтандыру.

Инновацияларды енгізу және тәжірибе алмасу мақсатында біздің өңірдің сүт саласындағы өнімділікті арттыру үшін ветеринарлық оқыту және қызмет көрсету орталықтарын құру жоспарда. Ветеринарлық орталықтың жұмысы сүт кластеріне қатысушыларға еуропалық деңгейде бірыңғай ветеринарлық қызмет көрсетуге бағытталған.

Орталықты құру қызметі сүт және сүт өнімдерін өндіруді жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін ветеринария саласындағы жоғары білікті сарапшыларды тартуды көздейді. Қызметін сүт бағытында жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «бір терезеде» шетелдік мамандарда ветеринария саласындағы өздерінің агроқұзыреттерін арттыруға және оларды практикада қолдануға бірегей мүмкіндік пайда болды.

Ветеринарлық жұмыстардың барлық циклін оқытуды және жүргізуді жыл сайын АҚШ, Германия, Польша, Канада, Израильде біліктілігін арттырудан, тағылымдамадан өтетін. Мұны Түркістан облысында сүт бизнесінің жаңа технологияларын енгізуге және фермерлерді оларды күнделікті жұмысқа бейімдеуге үйретуге ниетті көп жылдық тәжірибесі бар практик-мамандар жүзеге асыруда.

Айта кетейін, «Бөрте Милка» ЖШС базасында орталықтың ашылу орны кездейсоқ таңдалған жоқ. Сүт тауар фермасы Қазақстандағы толық қайта өңдеу циклі бар және тәулігіне 50 тонна өнімділікпен өндіретін ең заманауи кәсіпорындардың топ-3 құрамына кіреді. Жеке роботтандырылған фермасы (DeLaval және Lely жабдығы), асыл тұқымды сиырлары бар, экологиялық таза жемдер және технологиялық процесті автоматтандырудың жоғары дәрежесі бар итальяндық өндірістік желілері (SPX, FBF, Technolat) бар.

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАЙ ЕМЕС ҚОЛДАУ

Бүгінгі күнге Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында операторы болып табылады және қаржылай емес қолдау бойынша 5 бағытта қызмет көрсетуде. Олар: Бизнесті жүргізудің сервистік қолдауы; ақпараттық қамтамасыз ету мемлекеттік қолдау шаралары; «Бизнес-мектеп» жобасы және «Іскерлік байланыс», «Аға сеньорлар» жобалары бар.

2020 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік ынтасы бар халыққа және ШОБ субъектілері үшін 13 026 қызметтер көрсетілді.

Бүгінде Бизнес мектеп жобасы аясында оффлайн 122 адам оқудан өтті, сәуір айынан бастап пандемия салдарынан оқу онлайн өткізіліп, 703 адам оқудан өтті.

Ал «Бастау» жобасы бойынша 2020 жылы 3676 адам оқудан өтіп, оның ішінде 1500 адам өз ісін ашып, 1514 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде. Оқығандардың 1500 жобасы 1 511 056 467 млрд. теңгемен қаржыландырылған.

– Ашық сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан

Қуаныш БОТАБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *