ОТАН – ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТҰТЫНУДАН БАСТАЛАДЫ

Мәселе Экономика
591 Views

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем.

Мұқағали МАҚАТАЕВ.

Отандық өнімді тұтынудың мәдениеті біздің елде бүгінге дейін қалыптаспаған. Қазақ еліндегі кез-келген дүкендерге кірсеңіз самсап тұрған Ресей тауарлары. Сонда деймін-ау, біз өз елімізде тұрып басқа елдің экономикасына қызмет етіп жүргенін, өзге елдің азаматтарын жұмыспен қамтып отырғанын жұрт біле ме екен, деген сұрақ көкейіңнен кетпей қояды. Ол дейтініміз зауыт пен фабрика жалпы кәсіпорынның шығарған өнімі нарықта өтіп сатылып тұрса жұмысшыларына күнкөріс бар деген сөз.

Біз «үнем тиыннан басталады» деген ұғымға аса мән бермейтініміз белгілі. Өзсөзімізде күнделікті тұтынатын тауарларды ғана айтпақпыз, техникалық басқаауқымды тауарларды онсыз да Ресейден алатынымыз анық. «алмақшы болып тұрғаным Рәсиски ме?» – Иә, Россиский – десе болғаны арзан-қымбаттығына қарамай сатыпала салады. Дәл сол тауар одан арзан бағада өзіміздің «КZ» белгісімен тұрғандарға қарамайды. Кеңес дәуірінде қай өнім болсын «СССР-Сапа» нышаныменшықты, ол бүгінде Ресей деген түсінік қалыптасқан. Оның үстіне елімізЕгемендігін алған тұста ала сөмкені сүйретіп қай жерде арзан тауар сапасынақарамай, әсіресе, Қытайдың қолөнер бұйымдарын тұтынуға мәжбүр болған халық, Ресейдікі сапалы деген түсінік қалыптасып қалған.

Күнделікті пайдаланатын бұйымдардың негізі ауыл шаруашылығында өндіріледі, оған мемлекеттік қолдау жағы көңіл көншітерлік пе, ол да өз алдында үкіметтік деңгейде қамқорлықты қажет етеді. Егістікті өңдеуден алдын топырақтың (структуралы немесе структурасыз) құнарлығына қарай егілетін тұқым сапалылығы үлкен рөл ойнайды. Осы арада ауыл шаруашылығы мен ғылымның арасындағы іскерлік байланысты тереңдету инновациялық (латын тілінен алынған, жаңалық) ғылым мен адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайын жасауды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы салаларын мәселен, тұрмыстық инфро (латын тілінен алынған, төменгі, астыңғы) құрылым сауда, көлік, байланыс т.б.). Осы ауқымды әрекеттердің түпкі мақсаты халық тұтынатын тауарларды молайтумен қатар сапасын да арттыру арзан бағаны көздейді. Сонда ғана ел-жұрт отандық өнімді тұтынуды әдетке айналдырады.

Ауыл шаруашылық өнімі күнкөріс деңгейінің көп пайызын құрайтындығы бесенеден белгілі және сонымен қатар, ел экономикасының құлдырауы да азық-түлік тауарларынан байқалады, мәселен, бағаның өсуінен, тауар тапшылығынан, қызмет сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы инфляцияны (латын тілінен алынған, қабыну, ісіну) құрайды. Қазақ елінің Бас газетінің 1 желтоқсан 2021 жылы шыққан көрсеткіші бойынша «…азық-түлік тауарлары жыл басынан бері 11,5%-ға қымбаттады: оның ішінде қант 32,1%-ға, май 31,6%-ға, көкөніс 25,8%-ға өсті» деп хабарлапты.

Ауыл шаруашылығы – тоқырау, тежелуі өнімнің тұтынудан көп өндірілгендігінен келіп шығады. Тоқырау – кризис (кризис – грек тілінен алынған, шешім, қайырылу межесі, қиындық жағдай, шұғыл, арқаға қайырылу). Өндіріс тежелгенде азық-түлік тауар күйінде көбейіп сатылмай тұрып қалады, диқандар өз жұмыстарын тастап кетуге мәжбүр болады, жұмыссыздардың санын көбейтеді. Өнеркәсіп тоқырауына қарағанда, ауыл шаруашылығындағы тоқырау ұзаққа созылады, өйткені, диқандар жылы ауа райын күтеді, оған ұзағымен толық бір жыл кетеді.

ХІХ ғасырдың 70-жылдары ауыл шаруашылық пен өнеркәсіп тоқыраулары бір уақытқа тура келгені Батыс Еуропа, Ресей, АҚШ сияқты алпауытты мемлекеттерде 90-жылдарға дейін созылғандығы тарихтан белгілі. Бұлардың экономикасының тежелуі егістік жерлерді пайдалану мәдениетінің төмендігінен келіп шыққандығын ауыл шаруашылығы мамандары ғана біледі, яғни, танаптап егу тәсіліне немқұрайды қарағандығының соңы егістіктің құнарсыздығынан келіп шыққан болатын. Оның басты себебі жылда бір жерге бір дақылды еге беру пайданы көп табамыз деген мысық тілеуден келіп шыққан. Алғашында Ана-Жер барын төгіп береді, кейінгі егіс жылдарында өнімі бәсеңдей бастайды оның орнын толтыру мақсатында химиялық ұғытты жылда бере беру пайдасынан зиянын көбейтеді.

Бай мемлекеттер тауарды көп сатып алып қарсы бәсекелестікті жойып өзі ғана нарықты көтеріп те пайда табу жолымен бағаға қолжетімсіздіктен ел арасында наразылық шеруге шыққан халық тобыры көбейетінінің дәлелі 2022 жылдың қаңтар айының басындағы Маңғыстау, Алматы, Шымкент қозғалысы дәлел болады. Бұған тек ауыл шаруашылығының қымбаттауынан емес газ, мұнай өнімдері негізгі себеп болды.

Өнім өндірген диқандардың өз тауарларын еркін саудалауға да кедергілер кездесетінін ашына айтып жүр. Егіске кеткен шығынды қарапайым диқанның шамасы жетпегендіктен корпорацияны (латын тілінен алынған, бірлестік) іздейді, олар лезде дайын тұратын одақпен қоғамдасып бірлеседі. Дайын тұрған тауарға делдал болып шыға келеді. Кәсіпкерлердің қолы диқанға қарағанда ұзын болғандықтан иеленген меншігін қалаған елді мекенге, тіпті шет мемлекетке де шығарып сатуға қарымы жетеді. Бұл шағын және орта бизнес өз өнімдерін сату мүмкіндіктерінің шектелуіне алып келіп соғады. Нәтижеде клиенттердің немесе меншікті ұжымдасып иеленушілердің (корпорация) талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте және жеткізу нүктелері арасындағы қайшылықтардың тууы алыпсатарлардың да өз мүддесі тауардың сатылуының қымбаттауына алып келіп соғады. Өндірушілердің негізгі бағалау көрсеткіші жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты болады.

Қазақстан Республикасы үкімет қаулысымен 2020 жыл 1 қаңтардан «Қолдау» бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы – 2025» қаулылардың тарапынан берілетін мүмкіндіктерге өндіріс ауқымына, көлеміне қарамай қол жеткізу керек екен. Оған ауыл шаруашылығы тауар айналымын «Қолдау» бағдарламасы арасындағы байланыстың нәтижесі өнім өндірушілер мен жеке қосалқы шаруашылық арасында заңнама тұрғысынан өнімді жеткізу тетігі заңдастырылуы тиімді тәсіл болды деп айта аламыз. Себебі, әкімшілік кедергілерді жоюдың бір тетігі мемлекеттік қор есебінен қаржылай көмек беру азық-түлік тауарлардың қымбаттауына өзінен-өзі жол бермейді.

Мемлекет қолдайтын ауыл шаруашылық өнімдерінің белгілі мөлшерін қолдау орталығымен бірлескендігін дәлелдеу үшін алып келуді өз міндетіне алса жауапкершілігінің кепілі. Өндірілген өнімге мемлекеттік тарапынан қосымша құн салығынан босау да тиімді екені сөзсіз. Демек тауардың арзандатудың төте жолы деп атауға да болады. Осындай мемлекеттік қолдау тауып отырған ірі кәсіпорындар бар олар мемлекеттің қолдауына (субсидия) ие болып отыр. Бұл қолдаудан тыс қалып отырған әсіресе ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнес өкілдері жалпы ауыл шаруашылығының 70 пайызын құрады екен. Міне осы пайыздық көрсеткіштің өзі дүкендердегі отандық өнімнің бағасы удай болып тұруының себебі осында жатса керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ауыл шаруашылығындағы көктемгі іс-қимылдарында көп қиындықтарға кез болып шешу жолдарында мемлекеттен қолдау күтетіндігі назарға алынған. «Көктемнің бір күні, жаздың жүз күніне татиды» дейді, халқымыздың айтатынындай бар, егіс кезінде диқанға қол ұшын бермеген өкімет егіс науқанын өткізіп алып, баға шарықтау шегіне шығып, халық шулағанда өкіметтің «ақылы кіріп» 50 миллиард теңге ажырату бағаны қолдан тоқтату жолына бару «суға кеткен тал қармайдының» кері ғана. 1 маусым (2021) күннен бастап азық–түлік бағасын ұстап тұруға 50 миллиард теңге өкімет тарапынан бөлінді. Бағаны қолдан жасау немесе оны ұстап тұру деген ақылға қонымсыз. Мәселен, диқан яғни кәсіпкер базарға алып барған тауарына өзі бағасын нарыққа қарай қояды, ол нарықтық экономиканың заңдылығы. «Мына бағамен сатыңыз» деген уәж базар ережесінде жүрмейді, ол төмен бағамен сатқысы келмейді, өйткені ол өзінің тауары. Шығынын жабу үшін қалаған бағада қалаған жерде сата алады. Егер базар бағасынан көтеріп жіберсе ол тауар сатылмай тұрып қалады да иесі шығынның астында қалады. Әлемдегі нарықтық экономика деген осы.

Ауыл шаруашылық қызметкерлеріне орталықтың қолдауы ауадай қажет. Біз жоғарыда айтқандай серіктестіктер бір-бірімен іскерлік байланыстар орнатып тауар өндірушілермен келісім шарттар түзісіп есеп айырысып тұру халықтың арасында айтылатын «есепті дос айырылмас» болып тұрса, қажетті азық-түлік өнімдер халықтың қалтасы көтеретіндей деңгейде тұрары анық. Нарықтық экономикадағы отандық өнім осылай өзін-өзі қорғауына мүмкіндік туындайды. Ол мемлекет басшысының Жолдауында цифрлық технологияны ендіруді басты міндет етіп қойды. Бүгінгі таңда өмірдің жедел дамып өркениетке ілесу жолында тез арада қолымыздағы ауқымды мәліметтерді игере алатын өнер құрылғыларын өндіріске қосу – цифрлы технологияны осылай түсінуіміз ләзім. Бүгінде азық-түлік мәселесінің заңнамалық негізін жетілдіру – цифрлы технологияны автоматтандыру арқылы, адам баласының тіршілік жолында даму үдерістерін жүргізуде жаңа отандық өнім алу ғылыми жаңалығынан тыс қалмауы керек. Олардың сапасы мен қол жетімділігі қамтамасыз етілетіні хақ.

Ата-бабалар дәстүрімен келе жатқан ауыл шаруашылығы екі салада, яғни, мал шаруашылығымен қатар «Түбінде баянды еңбек егін салған» деген ұлы Абай, «Жазғытұры» өлеңінде:

Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер,

Шаруаның біреуі екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер, – деп айтқандай қазақты қазақ етіп ұстап отырған осы екі шаруашылығы ежелден белгілі жағдайда қалыптасқан және ол ұзақ жылдар бойы екшеленіп сынақтан өткен, мол тәжірибе жинақталған.

Бүгінде отандық өнімнің кең құлаш жаюына өз еліміздегі ішкі шикізатты пайдалану өнеркәсіп орындарымен және шет елдердегі алпауытты өнеркәсіптермен айқын бәсекеге түсетін әлеуетіміз де күш-қуатымыз да, білімді маман да жеткілікті. Енді бізге не жетіспейді, кәсіпкерлік ынта-жігер, мемлекеттік қолдау және өндіріске бөлінген қаржының тиісті жеріне жету үшін заңның баптарына қосымша өзгерістер керек-ақ. Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер болсын, жеке меншік иелері болсын оларға қаржылай көмектің түр-түрін; аз пайызбен кредит беру, мемлекеттік бюджет есебінен, корпорация есебінен, АҚ ұжымдары және Қорлар («Атамекен», «Самұрық-Қазына», «Назарбаев» т.б.) көмегімен шешімін тапса еліміздегі азық-түлік мәселесі мемлекеттік деңгейде өз шешімін табар еді, сатушы да, алушы да ынты-шынтысымен елінде жергеніне ырза болар еді деген түсініктеміз.

Сейдалы ОРАЗАЛИЕВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *