БАЛАНЫҢЫЗДЫ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙ АЛАСЫЗ?

Денсаулық
247 Views

Туберкулез және БЦЖ екпесінің маңыздылығы балалар — жасөспірімдер жасындағы туберкулез бүкіл әлемдік өзекті мәселе болып табылады. Туберкулездің қоздырғышы- микробактериялар. Бұл ауа тамшыларымен таралатын және aғзағa туберкулезбактериялары түскенде дамитын қауіпті ауру. Ең алдымен өкпені, кейде басқаағзаларды да зақымдайды. Аурудың негізгі жұқтырушы көзі туберкулезге шалдыққанадам болып табылады.

Туберкулез негізінен тұқым қуаламайтын ауру. Туберкулез ауруына шалдыққан науқаспен Сіз тығыз байланысқан жағдайда, сөйлесу арқылы, жөтелгенде, түшкіру арқылы туберкулез микобактериясын жұқтырасыз. Туберкулез неліктен қауіпті ауру болып табылады? Ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Туберкулездің алғашқы белгілері: жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы дене қызуының көтерілуі кеуде қуысының ауыруы және шаншуы дене салмағының азаюы түнгі уақытта терлеу тәбеттің төмендеуі қатты шаршау және әлсіздік Осы аталған симптомдар бойыңызда байқалса тұрақты мекен жайыңыз бойынша жергілікті емханадан флюорографиялық тексеруден өткенің дұрыс!

Сіз баланыңызды туберкулезден қалай қорғай аласыз?

Баларымызды туберкулез ауруынан қорғаудың негізгі және арнайы әдісі — БЦЖ екпесі. Эпидемиологиялық жағдайда туберкулезге қарсы вакцинациялаудың өте маңызды прфилактикалық мәні бар. Екпе егілмеген балаларда туберкулез даму қаупі 2,5 есе, ал оның ауыр ағымы 3 есе артады. Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ екпесі туралы барлық ақпарат ата-аналар үшін ашық әрі қол жетімді болса да, бүгінгі таңда одан бас тарту әлі де өршуде.

БЦЖ екпесінің бала денсаулығына пайдасы немесе зияны барма ма деген сауал әрбір ата-ананың ой-санасында сақталған. БЦЖ — туберкулез таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетеді, жұқтыру кезінде аурудың жеңіл түрде өтуіне мүмкіндік береді. Барлық ата-аналарға БЦЖ екпесінен кейін тыртықтың дамуы, яғни туберкулез ауруына қарсы тұратын иммундық жүйенің қалыптасуын білу маңызды.

Кішкентай организмдер туберкулезге қарсы вакцинацияға әр түрлі әсер етеді, сондықтан БЦЖ екпесінен кейінгі кезең балаларда әр түрлі болады. Ата-аналарға қажетсіз уайымдамау керек. Егер БЦЖ екпесі қызарса, бұл реакция жүргізілген вакцинациядан кейін бір жыл бойы қалыпты болып саналады. Бұл жағдайда дәрігерден кеңес алу қажет емес, бірақ жоспарлы тексеру кезінде аймақтық дәрігерге екпенің қызарғаны туралы хабарлау қажет. Әсіресе, ата-ананы екпе орнында пайда болған ісік қорқытады. Бірнеше айда БЦЖ орнында ірің пайда болады БЦЖ екпесі вакцинациядан кейінгі іріңдеу сатысында не істеу керек екенін білмейді. Ол бірте-бірте қабықтанады, оны жұлып алуға, оған ешнәрсе жағуға болмайды, екпенің орны сорылып, тыртық түзіледі.

БЦЖ егуден кейін бірнеше күн бойы жоғары температураның болуы – қалыпты жағдай, яғни ағза оған енгізілген бактерияларға белсенді әсер етеді. Балаларда БЦЖ екпелерінің мұндай салдары әдетте қауіпсіз және ата-аналарда қорқыныш сезімін тудырмауы тиіс.

Ал егер температура тым жоғары болса және 3 күннен ұзақ болса, дереу дәрігерлік көмекке жүгіну қажет.Бала өмірінің алғашқы жылында педиатрдың тұрақты, жиі бақылауында болады, сондықтан балалар ағзасының вакцинацияға ағза реакциясының қалай өтуі жөнінде кеңес алуға болады.

Туберкулезге қарсы екпе жасаған балалар вакцинацияланбаған адамдарға қарағанда 15 есе аз және әлдеқайда оңай ауырады. Вакцина ең алдымен, аурудың ауыр, өміріне қауіпті ауыр ағымда өтетін түрлерінен, мысалы, туберкулезді менингиттен қорғайды.

Құрметті ата-аналар, оқырмандар балаңызға уақытында туберкулезге қарсы БЦЖ екпесін егуге қарсы болмаңыз, бала денсаулығы өз қолыңызда, келешек жас ұрпақтың денсаулығын бірлесіп нығайтайық! Дені сау ұрпақ — қазақ елінің болашағы.

Нағима ӘЛМЕН,

Түркістан облысының Қоғамдық Денсаулық Басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығының» балалар-жасөспірім бөлімінің фтизиопедиатры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *