ALASH STAR “İSTANBUL” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

мәдениет
74 Views

Түркия төрінде Стамбулдағы Фатих ауданы мәдениет үйінде ALASH STAR “İSTANBUL” мектеп оқушылары көркем өнерпаздарының халықаралық фестивалі табысты өтті. Көктемгі оқу демалыстарына орай өткізілген байқауға Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстан (Нарын облысы) Республикаларынан өнер мектептерінің түлектері қатысты.

Қазақстандық 150 өнер бүлдіршіндері 8 облыстан, Астанадағы ALASH өнер орталығының жетекшісі Арайлым Айтқожа, белгілі әнші, “Көк тудың желбірегені” әнінің авторы Ибрагим Ескендір жетекшілігіндегі домбырашылар үйірмесі, мың бұралған биші ансамбльдері, жыраулар өнер мектебінің домбырашылары, айтыс өрендері өнер көрсетті.

Фестивальдің мақсаты – талантты балалардың шығармашылығын халықаралық деңгейде насихатталуына ықпал жасау, қолдау көрсету.

Алғашқы қазақ Бас консулы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының Түркиядағы өкілі, Қазақстан мәдениет орталығының жетекшісі Ержан Уайс құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстанның өнері мен мәдениетін бүкіл әлемге танытуға белсенділікке шақырды.

Қазылар алқасы, қазақтың белгілі дәстүрлі әншісі, атақты жырау, Алмас Алматовтың шәкірті, “Дарын” сыйлығының иегері Күнсұлу Түрікпенова, Стамбулдағы өнер институттарының оқытушылары, қазақ қыздары Гүлнар Зікірияқызы, Гульмарам Балтаева, Арайлым Айтқожа сынды әділқазылар алқасы өнерпаздарға әділ бағасын берді.

Астанадағы ALASH өнер орталығының оқушылары, әнші Ибрагим Ескендір жетекшілігіндегі домбырашылар ансамблі Бас жүлдеге ие болды. Қатысушылардың бәріне де жүлделі марапаттар тапсырылды.

Осылайша Анадолы елінде түркі халықтарының, қазақтың ән-күйлері, сонымен бірге өзбектің, қырғыздың қобызшыларының да өнері шырқалып жатты. Түркі әлемінің өнері жасай берсін. Қазақ, түрік, өзбек, қырғыз достықтары ұзағынан болғай!

Ер УБАЙДИН,

Ыстанбұл қаласы,

Түркия

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *