Қазақстандағы жастар тәрбиесі: қазіргі үрдістер мен даму перспективалары

147 ViewsҚазақстандағы жастар тәрбиесі мемлекеттік саясат пен қоғамдық дамудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Жас азаматтар елдің кадрлық, зияткерлік және мәдени әлеуетін қалыптастырады, сондықтан олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау стратегиялық маңызға ие. 14 пен 35 жас аралығындағы жастар республика халқының елеулі бөлігін құрайды, бұл осы бағыттағы жүйелі жұмыстың өзектілігін айқындайды. Қазақстанда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» […]

Толығырақ

Шымкентте 600 миллион теңгеге қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

100 ViewsШымкент қаласында қаржы пирамидасын құру және оны жүргізу фактісі бойынша үкім шығарылды. Қылмыстық істі қаланың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот алдында он адам жауап берді, олардың бірі қылмысты кәмелетке толмаған кезінде жасаған. Сот анықтағандай, 2024–2025 жылдары сотталушылардың бірі қаржы пирамидасы қағидаты бойынша жұмыс істеген қылмыстық схеманы ұйымдастырып, оған жетекшілік еткен. […]

Толығырақ

Түркі елдері сауда және инвестиция бағытында жаңа қадамдарға келісті

76 ViewsТүркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономика және сауда министрлерінің кезекті отырысы өтті. Кездесу аясында мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі бағыттар — өзара сауда көлемін арттыру, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әкімшілік және инфрақұрылымдық кедергілерді жою. Министрлер көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударып, Орта дәліз бағытын нығайту […]

Толығырақ

Шымкенттің цифрлық трансформациясы: «Қазақтелеком» жаңа жобалар мен инвестициялар

116 ViewsШымкентке жұмыс сапарымен келген «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Багдат Мусин қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесті. Кездесу барысында қаланың цифрлық трансформациясын жеделдету, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға арналған смарт-технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Соңғы екі жылда «Қазақтелеком» Шымкенттің инфрақұрылымын дамытуға 2,9 миллиард теңге инвестиция құйды. 2026 жылы компания инвестициялар көлемін ұлғайтуды […]

Толығырақ

Шымкентте екі қарағандылықтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

88 ViewsШымкент қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар қала аумағында есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді. Тексеру кезінде күдіктілер жалға алған пәтерден 250 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон тәркіленді. Аталған көлем заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Сонымен қатар, жасырын орыннан кейіннен өткізуге […]

Толығырақ

Түркістан облысында білім беру саласындағы 583 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша үкім шықты

89 ViewsТүркістан облысында «Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Тергеуді Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді. Іс материалдарына сәйкес, 18 лауазымды тұлғадан құралған топ, оның ішінде басшылар, бухгалтерлер және экономистер, бюджет қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған. Қаражат 49 жалпы білім беретін […]

Толығырақ

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейтілді және жаңа талаптар: бұл бизнесте қалай әсер етеді?

67 Views2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі едәуір кеңейтіліп, 19 атаудан 31-ге дейін артты. Бұл жаңалық Палата кәсіпкерлерінің отырысында талқыланып, дереу кәсіпкерлер арасында қызу пікірталас тудырды. Тауарлар тізімінің кеңеюімен қатар, оларды сауда залдарында орналастыруға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Енді әлеуметтік маңызы бар отандық тауарлардың кемінде 30%-ы тұтынушылардың көзіне көрінетін деңгейде, жоғары […]

Толығырақ

Шымкентте 35 отбасы баспаналы болды

90 ViewsШымкент қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның кезекті кезеңі аясында 35 отбасы жалдамалы пәтерлердің кілтін алды. Пәтер кілттерін табыстау салтанаты «Көрме» көрме орталығында өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс тойын тойлап отырған тұрғындарды құттықтады. Қала басшысы баспана мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын […]

Толығырақ

Шымкентте пайдалануға берілмеген нысан сүрілді

83 ViewsШымкент қаласында жүргізілген тексеру нәтижесінде Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан құрылыс нысаны толықтай бұзылды. Тексеру қала әкімінің тапсырмасы негізінде ұйымдастырылған. Қалалық орта мен құрылыс бақылауына жауапты басқарма мамандары нысанның құқықтық мәртебесін зерделеді. Жалпы аумағы 648 шаршы метрді құрайтын ғимарат спорт залы ретінде тіркелгенімен, оны пайдалануға беру актісі заң талаптарына сәйкес рәсімделмегені […]

Толығырақ

Түркістанда бүйрегін сатпақ болған азаматқа амнистия қолданылды

77 ViewsТүркістан қаласында адам ағзасын заңсыз сатуға оқталу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды. Сот шешімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистия негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айында ер адам мессенджер арқылы өзінің бүйрегін сататыны жөнінде хабарландыру жариялаған. Кейін ол құқық қорғау органдары жүргізген жедел іс-шаралар аясында […]

Толығырақ