«BIZBIRGEMIZ: БӘРІН ТЫҢДАП, ЖҰМЫЛА ШЕШЕМІЗ!»

Саясат Қоғам
611 Views

«Nur Otan» партиясының ішкі іріктеуіне қатысушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик ЕРЛАН СЫДЫҚОВТЫҢ PRIMARIES 2020 БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті елорда тұрғындары!

Мен халықтың күшіне сенемін, баршамыздың – жастар мен зейнеткерлердің, шаруалар мен жұмысшылардың, дәрігерлер мен ұстаздардың, инженерлер мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын «Nur Otan» партиясының күшіне сенемін.

Менің өмірлік және көпжылдық кәсіби тәжірибем, соның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры лауазымындағы тәжірибем біздің қоғамның проблемаларын дұрыс зерделеуге мүмкіндік береді.

Менің бағдарламам өзекті міндеттерді шешуге, жаңа мүмкіндіктерді ашуға бағытталған және «Bizbirgemiz: Бәрін тыңдап, жұмыла шешеміз» ұранына негізделген.

МЕНІҢ БАҒДАРЛАМАМНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

1. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымын дамыту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — ел азаматтарына бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа бағыты тұжырымдамасы бастамасының аясында:

— цифрландыру және әлеуметтік желілер мүмкіндіктерін максималды пайдалана отырып, халықпен қарым-қатынас пен кері байланыстың тиімділігін арттыру;

— демократия формасы ретінде қоғамдық бақылауды және мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысуды күшейту арқылы билікке деген сенімді арттыру.

2. ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДІ ЖАҢҒЫРТУ

— Ел экономикасындағы жаңа технологиялық тәртіпті дамыту үшін бизнес пен өндіріс қаржыландыратын қолданбалы ғылымды қолдау.

— Білім экономикасы үшін адам капиталын дамытуға арналған іргетас ретінде барлық деңгейлердегі білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесу.

— Үздіксіз білім беру: «өмірлік дипломнан» «өмір бойы білім алуға».

3. ЖАҢА ЖАСТАР САЯСАТЫ

— Қысқа мерзімді және орташа мерзімді перспективада жастарды дамытуға арналған шаралар мен жобаларды әзірлеуге көмектесу. Болашақ қазақстандық бейнесін қалыптастыру мақсатында жастардың мүмкіндіктері мен құлшынысын зерттеу.

— Маңызды шешімдерді қабылдауда қазақстандық қоғамның саяси және азаматтық өміріне жастардың қатысуын қолдау.

— Жастардың әлеуметтік амандығы, жұмыспен қамтылу мәселелері – мемлекеттік жастар саясатының басымдығы. Жас отбасылар мен жастар кәсіпкерлігіне жан-жақты қолдау көрсету.

4. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ САЯСИ ЖҮЙЕНІ ҚАЙТА ЖҮКТЕУ

— Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларында көрініс тапқан бағдарламалық міндеттерді іске асыру аясында қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруы бойынша әрі қарай жұмысты жалғастыру.

— Қоғам мен тұлғаны дамыту үшін Ұлы Абайдың бай мұрасына ден қою, білім мен қоғамдық санадағы басымдық ретінде ұлттық сәйкестікті сақтап қалу.

— Мемлекеттік басқаруды жаңғырту және халықтың саяси басқаруға белсене араласуы үшін «Саяси партиялар туралы» заңға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама көтеру.

5. АСТАНАНЫ ДАМЫТУДАН ЕЛІМІЗДІҢ ҚАЛАЛАРЫН ДАМЫТУҒА

— Тұрғындардың жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қызметі туралы тұрақты және объективті ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

— полисті дамыту бойынша азаматтардың бастамаларына ашықтық. Халық пен қала әкімшілігінің тиімді қарым-қатынасы үшін құзырет пен инфо-мәдениетті дамыту бойынша бағдарламалар жасау.

— Нұр-Сұлтанның урбандалуы жағдайында табысты халықаралық тәжірибелерді енгізуді, инфрақұрылымды жақсартуды қолдау және қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу: көлік, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, тұрғын үй және аулалардың ыңғайлылығы, қауіпсіздік және т.б.

— Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін сапалы арттыруға жәрдемдесу, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау.

Тек бірге, тек жұмыла отырып, Біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз!

«Bizbirgemiz: бәрін тыңдап, жұмыла шешеміз».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *