Шымкентте құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі тоқтатылды

61 ViewsШымкент қаласында абаттандыру және санитарлық талаптарды бұзу фактісі анықталды. Қала тұрғыны құрылыс қалдықтарын заңсыз төккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еңбекші ауданы әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері санитарлық жағдайды бақылау мақсатында жүргізген бірлескен рейд барысында құқықбұзушылық тіркелді. Тексеру кезінде жүк көлігінен Базарқапа тұрғын алабындағы Сайрам Су өзенінің жағасына құрылыс қалдықтары төгілгені анықталды. Құқық бұзушының […]

Толығырақ

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

59 Views Астана қаласында өткен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция жобасындағы ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы туралы сауалға жауап берді. Министрдің айтуынша, Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет екені нақты көрсетілген. Ал 5-бапқа сәйкес, қолданыстағы құқық құрамына Конституция нормалары, соған сәйкес […]

Толығырақ

Экс-полиция полковнигі Нұржан Тілеуов ісі: үкім және қоғам сауалдары

84 ViewsЗаң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын арқау еткен «Әділдік алаңы» бағдарламасында экс-полиция полковнигі Нұржан Тілеуовтің ісіне арналған қорытынды шығарылым ұсынылды. Бұған дейін жүргізілген журналистік зерттеу барысында тергеу процесіне қатысты ықтимал олқылықтар айтылып, бұл іс қоғамда кең талқылауға түскен еді. Ағымдағы жылдың 2 ақпанында сот үкімі жарияланып, Нұржан Тілеуов 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл […]

Толығырақ

Шымкентте 600 миллион теңгеге қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

70 ViewsШымкент қаласында қаржы пирамидасын құру және оны жүргізу фактісі бойынша үкім шығарылды. Қылмыстық істі қаланың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот алдында он адам жауап берді, олардың бірі қылмысты кәмелетке толмаған кезінде жасаған. Сот анықтағандай, 2024–2025 жылдары сотталушылардың бірі қаржы пирамидасы қағидаты бойынша жұмыс істеген қылмыстық схеманы ұйымдастырып, оған жетекшілік еткен. […]

Толығырақ

Шымкенттің цифрлық трансформациясы: «Қазақтелеком» жаңа жобалар мен инвестициялар

85 ViewsШымкентке жұмыс сапарымен келген «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Багдат Мусин қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесті. Кездесу барысында қаланың цифрлық трансформациясын жеделдету, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға арналған смарт-технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Соңғы екі жылда «Қазақтелеком» Шымкенттің инфрақұрылымын дамытуға 2,9 миллиард теңге инвестиция құйды. 2026 жылы компания инвестициялар көлемін ұлғайтуды […]

Толығырақ

Шымкентте екі қарағандылықтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

68 ViewsШымкент қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар қала аумағында есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді. Тексеру кезінде күдіктілер жалға алған пәтерден 250 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон тәркіленді. Аталған көлем заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Сонымен қатар, жасырын орыннан кейіннен өткізуге […]

Толығырақ

Түркістан облысында білім беру саласындағы 583 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша үкім шықты

59 ViewsТүркістан облысында «Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Тергеуді Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді. Іс материалдарына сәйкес, 18 лауазымды тұлғадан құралған топ, оның ішінде басшылар, бухгалтерлер және экономистер, бюджет қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған. Қаражат 49 жалпы білім беретін […]

Толығырақ

Шымкентте пайдалануға берілмеген нысан сүрілді

57 ViewsШымкент қаласында жүргізілген тексеру нәтижесінде Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан құрылыс нысаны толықтай бұзылды. Тексеру қала әкімінің тапсырмасы негізінде ұйымдастырылған. Қалалық орта мен құрылыс бақылауына жауапты басқарма мамандары нысанның құқықтық мәртебесін зерделеді. Жалпы аумағы 648 шаршы метрді құрайтын ғимарат спорт залы ретінде тіркелгенімен, оны пайдалануға беру актісі заң талаптарына сәйкес рәсімделмегені […]

Толығырақ

Түркістанда бүйрегін сатпақ болған азаматқа амнистия қолданылды

54 ViewsТүркістан қаласында адам ағзасын заңсыз сатуға оқталу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды. Сот шешімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистия негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айында ер адам мессенджер арқылы өзінің бүйрегін сататыны жөнінде хабарландыру жариялаған. Кейін ол құқық қорғау органдары жүргізген жедел іс-шаралар аясында […]

Толығырақ

Шымкенттегі кәріз жарылысы 2,3 млн теңге залал келтірді

56 ViewsШымкентте Бадам өзенінде орын алған оқиға айтарлықтай экологиялық және материалдық шығынға әкеп соқты. Кәріз құбырының жарылуы салдарынан ірі көлемде балық қырылды, ал мемлекетке келген жалпы залал 2,3 миллион теңгеге бағаланды. Аккредиттелген ғылыми-зерттеу ұйымының мамандарымен бірлескен тексеру барысында 900 килограммнан астам балықтың зақымданғаны анықталды. Экологтар бұл тек тікелей экономикалық шығын ғана емес, сонымен қатар өзен […]

Толығырақ