Ақшаға қосымша бір балл: Шымкентте студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған схема әшкереленді

34 ViewsШымкент қаласының Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мегаполистегі жоғары оқу орындарының бірінің студенттерін алғау схемасының жолын кесті. Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың қазан айынан бастап екі күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы шымкенттік жоғары оқу орнының студенттерінің парақшаларын анықтап, арнайы боттардың көмегімен олардың ұялы телефон нөмірлері мен жеке деректерін жинаған. Әрі қарай күдіктілер оқу […]

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАСЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖОСПАРЫН ТАБАНДЫ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

28 ViewsПрезиденттің “Таза Қазақстан” акциясы аясында қала аумағын көркейту, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрғындар үшін жайлы, таза ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қаланың жалпы аумағы 772 гектарды қамтитын 300 нысан тұрақты күтімге алынған. Оның ішінде: 36 саябақ (342 га) – демалыс пен табиғат сүйгіш тұрғындар үшін жасалған жайлы кеңістік; 80 гүлзар […]

Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

46 ViewsТүркістан қаласында жол және қоғамдық көлік саласы соңғы жылдары жүйелі түрде жаңарып, нақты нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл – қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының бастамасымен қолға алынған кешенді жұмыстардың айқын көрінісі. Шахар басшысы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарды тұрақты түрде аралап, әрбір жобаның орындалу барысын тікелей бақылауда ұстап келеді. Қала көшелеріндегі құрылыс алаңдары — тек мердігерлердің […]

Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

28 ViewsШымкент қаласында Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа дипломатиялық өкілдік Шымкент қаласында, сондай-ақ, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қызмет көрсететін болады. Іс-шараға Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрик Де Майер, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, дипломатиялық корпустың және іскерлік ортаның өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген қала әкімі Құрметті консулдықтың […]

Толығырақ

КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

37 ViewsШымкент қаласында кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгін жаңа пәтерлердің кілттері баспаналы болу мүмкіндігін ұзақ уақыт күткен отыз отбасыға табысталды. Салтанатты іс-шара «Көрме» орталығында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Мегаполис басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, үймен қамту саласындағы жүйелі жұмыс қала тұрғындарының өмір сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға мүмкіндік беріп […]

Толығырақ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ ӨСІМДЕ

35 ViewsҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжановтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз жиынында туризм саласының даму көрсеткіштері мен инвестициялық мүмкіндіктерді арттыру бағытындағы негізгі бастамалар таныстырылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 1 трлн 256 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда […]

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

57 Views«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, азаматтардың нақты мәселелерін шешуде, қоғамдық қабылдауларды жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Партия алаңында өткен кезекті қабылдауда азаматтар көтерген мәселелерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары  Үмбетәлиев тыңдады. Партия алаңындағы қабылдауға келген тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, Сауран ауданынан […]

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙДА АРАЛАР ТОЗАҢДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН АТҚАРАДЫ

36 ViewsКөлтоған ауылының тұрғыны Алпамыс Тәңірбергенов 20 соттық жерге жылыжай кешенін салып, қызанақ өсірумен айналысады. Жылыжайда қызанақтың «Разия» және «Ғ1» сынды сұрыптары егілген. Барлығы 6 мың түп көшет отырғызылған. Әр түптен жылына екі рет 5 келіден өнім жиналады. Қызанақтың бір келісі орта есеппен 500 теңгеден сатылып, негізгі нарық ретінде Шымкент қаласына жөнелтіледі. Кәсіпке жалпы 9 […]

Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ КЕСТЕ БОЙЫНША ТӨЛЕМДЕРІ: ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҮГУ КЕРЕК?

37 ViewsҚазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған адамдарға (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас), сондай-ақ мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Зейнет жасына жетуіне байланысты […]

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ХАБАРДАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ҚОЛДАУЫ

39 ViewsҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы халық арасында кеңінен талқыланып, жұртшылықтың бұл құжатқа қатысты хабардарлық деңгейі айтарлықтай жоғары екендігі анықталды. Қоғамдық саясат институты жүргізген зерттеу нәтижелері осы мәселенің қоғамдағы өзектілігін айқындап отыр. ХАЛЫҚТЫҢ ХАБАРДАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ Зерттеуге қатысқан респонденттердің 87,5%-ы жаңа Конституция жобасымен белгілі бір деңгейде таныс екенін мәлімдеген. Олардың 34,2%-ы құжаттың толық мазмұнын жақсы […]

Толығырақ