Қаңтар айының қорытындысы бойынша Kia бренді Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы бойынша көш бастады. Бұл туралы «Қазақстанның Автокөлік Одағы» мәлімдеді.
Allur компаниялар тобының дерегінше, бір ай ішінде 2774 Kia автокөлігі сатылған. Бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 183 пайызға көп және желтоқсан айының нәтижесінен 44 пайызға жоғары. Брендтің нарықтағы үлесі 20 пайыздан асып, 11 пайыздық тармаққа артқан.
Ай қорытындысында үш модель ең көп сатылған ондыққа енді.
Kia Sportage кроссовері — 1482 дана (+222%).
Kia Cerato — 493 көлік (+413%).
Ал Kia Soluto алғаш рет үздіктер қатарына қосылып, 337 дана сатылған.
2025 жылғы модельдерге ақпан айының соңына дейін арнайы ұсыныстар қарастырылған. Sportage үлгісіне 4,5 млн теңгеге дейін, K5 және Sorento модельдеріне 4,2 млн теңгеге дейін, ал K8 көлігіне 5 млн теңгеге дейін жеңілдік ұсынылады.