«NUR OTAN»: ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ АРТАДЫ

Қоғам
696 Views

Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде 39 мыңнан астам азамат тіркелген. Оның 5 505-і көп балалы отбасылар. 100 мыңнан астам азамат несиелік тұрғын үйге өтініш берген.Осы орайда, «NUR OTAN» партиясы жаңа баспананың әрбір отбасыға қолжетімді болуын белсенді түрде қолдайды! Партия бағдарламасына сәйкес, қалада 5 жыл ішінде 3 млн. ш.м. баспана немесе 47 мың пәтер салынады. Осылайша, 3 мыңға жуық көп балалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топтағы 532 азамат баспанамен қамтылмақ.

Осы тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны мен сапасын зерделеу мақсатында қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қайрат Имашев пен Нұрпейіс Анарбеков құрылысты партиялық бақылауға алып, мердігерлермен сөйлесіп қайтты. Одан әрі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында 10 бағытқа басымдық беріліп отыр. Солардың бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету. Алдыңғы 5 жылда қалада 3 млн. шаршы метр тұрғын үй халыққа тапсырылуы керек. Осы бағыттағы жұмыстар партия тарапынан ерекше қадағалауға алынып, мән берілуде. Бүгін сол мақсатта құрылыс нысандарының жұмыс барысына зерделеу жұмыстарын жүргізудеміз», – деп атап өтті үміткер Қайрат Дүйсенбекұлы.

Ал қалалық мәслихатқа үміткер Нұрпейіс Анарбеков болса «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан қызметі жоғары екенін сондай-ақ, елдің әлеуетін жақсарту саласында, халықтың бай, қуатты болуына партия ары қарай да аянбай еңбек ететінін тілге тиек етті.

Елдің ертеңі жақсы болуы үшін, «Nur Otan» партиясымен халық бірге болуы керек, халықтың әлеуетін жақсарту, білім саласына көп көңіл бөлінуде, отбасылық жағдайы төмен адамдарға жәрдем беру, жұмыспен қамтуға партияның қосып жатқан үлесі жоғары. Жұмысы бар елдің хал ахуалы әрдайым жақсы болады, елдің жағдайы жақсарса ол «Nur Otan» партиясының абыройы болмақ. Партияның еселі еңбегін халық та көріп отыр, сол себепті «Nur Otan» партиясын көпшілігі қолдайды.

«Nur Otan» партиясы халықтық партия, оның басты құндылығы – адам, олардың денсаулығы, жақсы өмір сүруі, жетістікке бірге жету. Ал, сайлауалды бағдарламасымен халықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешуді көздейді.

Сол себепті «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *