Маңызды әңгіме: Шымкент полициясының басшысы студенттермен кездесті

216 ViewsБүгін Оңтүстік Қазақстан университетінде қалалық Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев 500-ге жуық студентпен кездесу өткізіп, ашық әрі мазмұнды диалог құрды. Жиында генерал жастармен тек ресми баяндама жасап қана қоймай, қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған нақты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, сталкинг, қыз алып қашу, интернет-алаяқтықтағы «дропперлік» схемалар, есірткі тарату, вейп пен «күлдіргіш газ» қолдану, қоғамдық орындарда бет-жүзді […]

Толығырақ

Шымкентте полицейлер ұрланған көлікті иесіне қайтарды

169 ViewsШымкентте полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті жедел анықтап, заңды иесіне қайтарды. Түнгі уақытта белгісіз ер адам бөтеннің автотұрақта тұрған көлігін ұрлап, қозғалыс ережелерін өрескел бұзып, жолда нағыз «Токио-дрифт» жасаған. Кешірек көлігінің жоғалғанын байқаған иесі полицияға хабарлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қозғалыс бағытын зерттеп, күдіктіні анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып […]

Толығырақ

Шымкентте өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде

99 ViewsШымкент қаласында ішкі істер органдарына 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Мәйіт қалалық Дендропарк аумағында анықталды. Ақпарат белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. Аталған дерек бойынша өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Шымкент қаласы Полиция […]

Толығырақ

Экс-полиция полковнигі Нұржан Тілеуов ісі: үкім және қоғам сауалдары

124 ViewsЗаң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын арқау еткен «Әділдік алаңы» бағдарламасында экс-полиция полковнигі Нұржан Тілеуовтің ісіне арналған қорытынды шығарылым ұсынылды. Бұған дейін жүргізілген журналистік зерттеу барысында тергеу процесіне қатысты ықтимал олқылықтар айтылып, бұл іс қоғамда кең талқылауға түскен еді. Ағымдағы жылдың 2 ақпанында сот үкімі жарияланып, Нұржан Тілеуов 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл […]

Толығырақ

Шымкентте екі қарағандылықтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

88 ViewsШымкент қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар қала аумағында есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді. Тексеру кезінде күдіктілер жалға алған пәтерден 250 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон тәркіленді. Аталған көлем заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Сонымен қатар, жасырын орыннан кейіннен өткізуге […]

Толығырақ

Аналар мен балалардың қауіпсіздігі – басты назарда: Абай ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді

79 ViewsШымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының инспекторлары қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізуде. Негізгі мақсат – тек құқық бұзушылыққа әрекет ету емес, оның алдын алып, көмекке мұқтаж жандарды қорғау. Ерекше назар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасына аударылуда. Әйелдермен олардың құқықтары, заңмен көзделген қорғану шаралары және […]

Толығырақ

Шымкент дүкендерінде алаяқтық жасаған гастролер әйелдер ұсталды

94 ViewsШымкент қаласында полицейлер сауда орындарында алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, олар шағын азық-түлік дүкендеріне кіріп, «қайтарым ақшаның айласын» қолданған. Яғни сатушыға ірі купюраны бергендей болып көрсетіп, сол сәтте әңгімеге тартып, асықтырып, назарын басқаға бұрған. Осыны пайдаланып, қайтарым ақшаны алып кеткен. Нақтысында, төлем мүлдем жасалмаған. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі еліміздің басқа өңірінен, […]

Толығырақ

«Қыз тағдыры – ел тағдыры»: Шымкентте сталкингке қарсы ауқымды форум өтті

121 ViewsШымкент қаласында қыз-келіншектердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға арналған «Қыз тағдыры – ел тағдыры» атты кең ауқымды форум ұйымдастырылды. Іс-шараны Полиция департаменті өткізіп, оған 1000-нан астам адам қатысты. Форумға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Полиция департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласының мамандары, теологтар мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара барысында сталкингтің қоғамға […]

Толығырақ