«АЛЛА АЯТ» АҒЫМЫНАН САҚТАНАЙЫҚ!

Дін Саясат Құқық
266 Views

«АЛЛА АЯТ» ұйымы оккультті-мистикалық діни ағым болып табылады (фархадшылар). Ағымның негізін қалаушы — өзін Құдай және «Жаратушы» деп жариялаған. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Чунджа ауылының тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның жұбайы Нина (Әулие Нина, Нина-Ана) айналысуда.

Бұл ағымының өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Бұл дінді ұстанушылар «Алла аят» ағымының негізін қалаушы Ф.Абдуллаевты Фархат Ата деп атап, тəңірге теңейді. Осылайша, «фархатшылар» қозғалысының идеологиясында Ф. Абдуллаевты Құдайға теңеу, ал оның жұбайы Нинаны əулиелер қатарына теңеу көзделген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімдеріне сәйкес Фархат Абдуллаевтың «Алла аят» əдісіне сәйкес адамдарды емдеуді насихаттау және тарату бойынша ұйымның қызметіне тыйым салынған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен мемлекеттік органдардың ведомствоаралық комиссиясы Алматы облысы Чунджа ауылына барып 2008 жылғы 18 мамыр күні «Алла аят» қызметіне жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша төмендегі қорытындыларды жасады:

— «Алла аят» қозғалысы біртіндеп харизматикалық ерекшеліктегі жаңа дәстүрлі емес, жаңа лақаптық діни ілімге айналып келеді. Оккульті ұйымдасу формасы бар бірлестіктің жұмысында деструктивті белгілер бар;

— «Алла аят» сеанстары психикаға деструктивті өзгерістер әкеліп, адамның психикалық және физикалық денсаулығына зиян келтіреді;

— «Алла аят» әдістемесі қазіргі ғылыми-практикалық медицинаның белгілі әдістеріне қайшы келеді жəне оккульті-мистикалық бағытта;

— Қозғалыстың негізін қалаушы мен ізбасарлары (шәкірттері) нейролингвистикалық бағдарламалауды (НЛБ) қолданады.

2006 жылы Астана қаласының прокуратурасы «Алла Аят» әдісі бойынша емдік сеанстарға қатысқан азаматтарда алғашқы психоз және психикалық аурулардың асқыну фактілерін анықтаған.

Осындай басқа да діни ағымдардың қауіпті жағдайларын ескеріп мектеп пен жоғары оқу орындарында деструктивтік, окультік-магиялык және аморальді жалған ғылыми, жалған психологиялық уағыздардың жасалуынан өте сақ болу керек.

Діни өшпенділікке қарсы күрестің бірден-бір пәрменді құралы — діни ағартушылық жұмыстар. Дінді мемлекеттен бөлгенмен, қоғамнан бөліп жара ала алмаймыз. Адамзат өзінің даму тарихында теңдікті, әділдікті, бостандықты аңсап сол үшін күресіп келеді. Ешқандай қоғамда абсолюттік теңдік‚ әділдік, бостандық болмайтынын ойшылдар әлдеқашан көрсетсе де адам осы сұрақты əлі күнге дейін үнемі бірі-біріне қойып келеді. Жəне оған жауапты қандай да бір діннен іздеу белең алып отыр. Әркім, дін атын жамылған ұйымдардан, секталардан осы жауаптарды іздейтін болса, онда

жас мемлекетімізді алдағы уақытта рухани жағынан дағдарысқа ұшырауы, яғни діни экстремистік əрекеттердің болуын жоққа шығаруға болмас.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер нәтижесінде «Алла аят» ағымын Қазақстан Республикасының азаматтарының бостандығы мен өміріне қауіп төндіретін ұйым деп танылды. Тұлға денсаулығына, психологиясына үлкен зиян тигізіп, қоғамда әлеуметтік бағдардан айыратын отбасылық мәселелерге соқтыратын бұл ағым қазіргі таңда сот шешімі бойынша «Алла аят» ағымы Қазақстанда тыйым салынған ағымдар қатарына жатады.

Жарға жығатын жат ағым деп толық дәлелденгендіктен барша адамзат қауымын осындай теріс ағымның жетегіне кетпей, исламның шынайылығын сезініп, адам болып өмір сүруіміздің жарқын жолы болған және дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ханафи мазхабын ұстанып, екі дүниенің бақытына жеткізетін жолымыздан жаңылмайық ағайын!

Сондықтан барлығымыз өзара ынтымақ пен бірлікте болып, өзара сыйластықта жүрсек бізді алар жаудың болмайтындығы сөзсіз. Әйтпесе, қарақан басымызды ғана ойлап, ұстанған түрлі діни көзқарастарымызға байланысты қазіргі кездегі сөз, дін бостандықтарын қалқан етіп бір-бірімізді жағамыздан алып, жазықсыз да негізсіз жала жауып, сүріндіруге тырыссақ, өзіміз де, еліміз де қасірет шегеді. Осыны ұмытпаған жөн дер едік.

«Бірлік түбі — тірлік», «Ырыс алды – ынтымақ» демей ме дана халқымыз. Ендеше, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың пайдасы да, ғибратының да мол екендігі ақиқат.

Өз дінімізді өзіміз айтатын жағдайға жеттік, үйрене беру мен еліктеушіліктен арылатын, өзіміздің мəселелерімізді өзіміз шешетін уақыттың жеткенін ұғынуымыз қажет.

Т.БАЙМАНОВА,

Шымкент қаласы Дін мәселелерін

зерттеу орталығының маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *