ДІНИ БІЛІМДІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ КІМНЕН АЛҒАН ДҰРЫС?

Білім Дін
21 Views

Кез келген мемлекеттің діни білім беру жүйесінің қалыптасуындағы басымдықтарды бірінші кезекте мемлекеттегі ұлттың діни қатыстылығы айқындайтыныбелгілі. Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейінбірыңғай ислами арнада дамыды. 20 ғасырға дейін елімізде дінтану мамандығыбойынша жүйелі оқыту моделі болған жоқ. Кейін діни білім ретінде Дінтанусаласында оқып бітірген жастарға «Дінтанушы» біліктілігі беріле бастады.

Діни білімді қайдан аламыз? Қазақстан бойынша діни-зайырлы білім беретін ЖОО бар. Қазіргі кезеңде дінтану әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Демирел атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінде және «Нұр-Мүбәрак» қазақ-египет ислам университетінде жүргізіле бастады.

Бүгінгі күні Қазақстанда дін мамандары екі бағытта – дінтанушылар мен теологтар ретінде даярланады. Дінтанушы мамандарды Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Шет тілдер және іскерлік университетінде, Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша дінтанущы мамандар даярлайды. Діни зайырлы білім қалаған азаматтарына осы оқу орындары бар.

Сол себепті де діни білімді діни тұрғыда беретін медресе, медресе-колледждер, имамдарды даярлау орталықтары жұмыс істейді. Бұлардың барлығынан кейін жеке қызығушылық танытушылар рұқсат етілген діни сайттарға сұрақтар қою арқылы және Қазақстан Республикасы Дін істері зерттеу орталығының рұқсаты берілген кітаптарды оқып өз білімін жетілдіре алады.

Қорытындылай келе, діни білімді ЖОО-мен қатар, ҚР аумағында тіркелген медресе-колледждерден, кітаптардан, сайттардан ала аламыз. Діни және дінтанулық білім базалық пәндері мен бағыттылығы жөнінен бір-бірінен ажыратылғанымен, түпкі мақсаты бір. Ол – дін туралы түсінікті дұрыс қалыптастыруға, шетін көзқарастардан сақ болуға, өзге діндер мен сенімдерге құрметпен қарауға, дәстүрлі рухани құндылықтарды қадірлеуге, «имандылық» ұғымын дұрыс түсінуге және бағалай білуге жетелеу. Сондықтан заман талабына сәйкес діни және дінтанулық білімнің өзара тиімді түрде игі мақсатқа қызмет етуінің жан-жақты мүмкіндіктерін жете қарастырған жөн.

Тыныштық СЕЙІЛБЕКҚЫЗЫ,

Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *