Зәуре ОРАЛБАЕВА: «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТЕК МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ, ТУРИЗМ ЕМЕС…»

Рухани жаңғыру Сұхбат
44 Views

«Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімдіжүзеге асарына сенімдімін. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­лардытолықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». Бұл ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтқан ойы. Бүгінде Руханижаңғыру халық санасының жаңғыруына, елдің биік белестерді бағындыруындаЕлбасының салып берген сара жолы болып отыр. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының жарияланғанына биыл үш жылтолды. Осыған дейін байтағымыздың барлық өңірінде Рухани жаңғыру кеңсесіашылған болатын. Бүгін біз Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалықкеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаевамен мекеме жұмысымен танысып, осы уақытқадейін атқарған жұмысына шолу жасадық.

– Шымкент қаласы бойынша қоғамды дамыту, яғни рухани-адамгершілік тәрбие, мәдени даму сынды мәселелерге шығармашылық интеллигенцияны тарту қалай жолға қойылды?

– Болашаққа бағар рухани жаңғыру Елбасының бұл бағдарламасы ұлттың дамуы үшін өте қажетті идеологиялық құжат. Республика көлемінде және Шымкент қаласында 2020 жылы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру бойынша негізгі үш бағыт таңдалды. Оны бекіткен Президент әкімшілігі және қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ұлттық комиссия. Осы ұлттық комиссия басшысы мемлекеттік хатшы – Қ. Көшербаев. Бұл үш бағыттың біріншісі – Тұлғаны дамыту. Оған білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік сияқты негізгі жобалар кіреді. Екіншісі – Ұлттың дамуы. Ол ұлттық бірегейлікті сақтау бағытын қамтиды. Үшіншісі – Мемлекеттің дамуы. Революциялық емес, эволюциялық даму. Бұл дегеніміз Мемлекеттік қоғамдастық және Азаматтық қоғам институтының тығыз байланысы. Осылармен қоса-қабат Шымкент қаласында ғұлама тұлғалар Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлының биылғы мерейтойларына байланысты іс-шаралар. Сонымен қатар қаланың ТМД елдерінің Мәдени астанасы атануына орай, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойларына орай қатысты жоспар түзілген. Олардың ішінде әрқайсысына қатысты жобалар бар, әрине.

Ал қоғамды дамыту осы үш бағытты топтастыра келгенде әр азаматтың санасын жаңғыртуды мақсат етеді. Сананы жаңғырту дегеніміз әр азаматтың бүгінгі қоғамның талаптарына сай өзгеруіне ықпал ету. Бұл ретте әрине, рухани адамгершілік тәрбиенің, мәдени даму мәселелерінің маңызы өте зор. Осыны негізге алып биылғы жылы ақпан айының басында Шымкент басшылығы бастамасымен қалада «Мәртебелі поэзия мінбері» ашылды. Түрлі іс-шараларға шығармашылық интеллигенцияны, зиялы қауымды тарту осы шарадан басталды. Күні бүгінге дейін осы Мәртебелі поэзия мінберінде 30-ға жуық республикаға есімі белгілі ақын жазушылар, прозаиктер, жазба ақындардың қатысуымен әдеби кештер, оқырмандармен кездесу кештері өтті. Наурыз, Сәуір, Маусым айларында карантиндік шектеулерге байланысты бұл шаралар онлайн түрде өтті.

2020 жылы атқарылған бірқатар іс-шараларға тоқталып өтсек, «Шымкент – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында жастар арасында құқық бұзушылықпен қылмысты болдырмау, нашақорлықтың алдын алу және түнгі мезгілдегі (22.00-ден ойынханаларда және 23.00-ден 06.00-ге дейін) кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау жұмыстары бойынша рейдтік іс-шаралар, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақ КСР-нің халық ақыны, ардақты ана Әселхан Қалыбекованың қатысуымен «Сен қымбатсың, туған жер» тақырыбында әдеби кеш, Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының базасында Әбу Насыр әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында тарихи-танымдық сағат, Жазушы, Қазақстанның құрметті журналисті, «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Мархабат Байғұттың студенттерді адалдық, парасаттылық бағытында тәрбиелеу, білім алушылар бойында өзін, өз іс-әрекетін және мінез-құлқын ұғынуға ұмтылысын дамыту, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, жауапкершілікті және парасаттылықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы жетілдіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – бұлыңғыр қоғам дерті» атты парасаттылық дәрісі өтті.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, бөлім мен ерікті жастар бірлесіп, «Желбіре, менің жалауым!» акциясын өткізіп, қаланың 4 ауданында рәміздерді қолдану және тарихы туралы сауалнама жүргізіп, жалаушалар таратты. Әлеуметтік желілерде «Желбіре, көк байрақ!» челленджін бастады.

Сонымен бірге бөлім басшысы З. Оралбаева «Руханият – ұлттың ұстыны», «Рухани жаңғыру бағдарламасының Шымкентте сапалы жүзеге асырылуы», «Ұлттық дәстүр отбасыдан басталады» тақырыптарында онлайн-сұхбаттар өткізді. Жобалық кеңсе ұжымы мен ғалым, тарихшылар, ТВ студия мамандары 12 маусым күні «Сайрамдағы сансыз бабтар мекеніне онлайн-экскурсия» жасады. Нәтижесінде деректі фильм дайындалмақ. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету мақсатында «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» жобасы іске қосылды.

Бір қуантарлығы бүгінгі таңда Шымкент қаласында Шығармашылық интеллигенцияның, яғни зиялы қауымның жаңа толқыны қалыптасып келеді. Жастар, жас ақындар өте көп. Олардың бойындағы өнердің күннен-күнге дамып келе жатқаны қуантады. Ал, жалпы, жыл басында қала басшылығының ұйытқы болуымен қаламыздың зиялы қауым азаматтарымен бірнеше отырыстар ұйымдастырылды. Бұл басқосулардың дені Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңызды тапсырмаларының жалғасы десе болады. Ең бірінші кезекте прагматикалық бағытта дамуды негізге ала отырып, даңғазалыққа, ысырапшылыққа жол бермеу бойынша және қаламыздың мәдени тұрғыдан дамуына, ТМД елдерінің астанасы ретінде өзін жаңа қырдан танытуға қандай ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз бар, жұмысты қай бағытта жүйелесек деген пікір алмасу өткен болатын. Сол жерде бірнеше ұсыныстар қаралды. Қаладағы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығы, оның ішінде Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы бірлесіп, бірқатар шаралады осы зиялы қауым ұсынған бағытта әрі қарай өрбітті.

Негізі Рухани жаңғыру бағдарламасы бұл тек мәдениет не тек білім немесе тек туризммен ғана шектелмейді. Ол қоғамдағы барлық салаға қатысты бағдарлама. Сол себепті оның әрбір жобасын тиянақты сапалы жүзеге асыру барлық құрылымдарға, барлық ведомстволарға үлкен сын.

– Карантинге байланысты орын алған жағдайға тоқталсаңыз. Қандай шаралар шегерілді? Олар қашан жалғасын табады? Осы кезеңде өткен онлайн шаралар туралы айтып өтсеңіз.

– Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласының волонтерлері «Арбат», «Орталық саябақ» және аялдамалар мен қоғамдық көліктерде қала тұрғындарымен қонақтарына 1000 бетперде тегін таратып, 500-ге жуық ақпараттық түсіндірме парақшалары таратылды. Оған қоса қаламыздағы 4 ауданның (Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Еңбекші) мамандарымен бірлесіп 1 000 000-нан аса бетперделер таратты. Елімізде жайлаған коронавирустың алдын алу шараларына Шымкент қаласының 100-ге жуық волонтерлері жұмылдырылып, балаларға арналған 600-ден астам аскорбинді қышқыл дәрумендері таратылды.

Covid-19 пандемиясынан сақтану ережелері туралы 5 мың ақпараттық парақшалар әзірленіп, қаламыздың белсенді жастары адам көп шоғырланатын орталықтарда таратып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Коронавирус инфекциясына арнайы бейне роликтер түсіріліп, электронды флаерлер дайындалды.

Бұл туралы ақпараттар, арнайы бағдарламалар жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жеке кәсіпкерлері бірнеше рет қолдануға болатын бетперделер дайындап шығаруды қолға алды және оған волонтерлер белсенді көмек көрсетіп, 1 тәулікте 10 мыңға жуық бетперделер дайындап шығарды. Аталған жұмысты волонтерлер 2 ауысымда істеп, 50-ге жуық волонтерлерге еңбекақы төленді.

«Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында жастар тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері бар 250 себетті әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға үлестірді. Бұл акция жыл соңына дейін жалғасын тауып, 1000-ға жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ардагерлер мен қарияларға көмек көрсетілетін болады.

Волонтерлермен бірлескен «Sabaqtastyq» бағытындағы 25 акция №4, №3 балалар үйінде жалғасты. Балаларға мерекелік кештер ұйымдастырылды, азық-түлік жеткізілді.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы аясында орын алған «Qamqor», «Saulyq» бағытында ардагерлер үйі мен дағдарыс орталықтарында 15 кездесу, ардагерлер үйінде сенбілік шаралары, мерекелік кештер мен 80 ардагердің қан қысымын өлшеу шаралары ұйымдастырылды.

«Лига волонтеров Казахстана» қоғамдық ұйымының төрайымы Айсұлу Ерниязова Шымкент қаласы волонтерлеріне жұмысын жетілдіру мақсатында 1 апталық оқыту курсын ұйымдастырды. Аталған оқыту курсына 500 ерікті қатыстырылды.

Қаламыздағы төтенше жағдайға байланысты «Шымкент волонтерлер қауымдастығы» (Жария, Мейірім, Добряки Шымкента, Волонтер Шымкент, ASSA, Ізгілікте жарысайық, Благо дарю, Lider.kz, Жастар қуаты) 9 еріктілер ұйымдары бірлесіп, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерінен 5000 себетті әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға жеткізіп берді.

«Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының еріктілері төтенше жағдайға байланысты, 700 мұқтаж отбасының тізімін анықтап, оларды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалына жолдады, 300 отбасыға көмек алуға байланысты бағыт-бағдар беріліп, 180 отбасыға 1 тонна ет таратылды. «#BizBirgemiz» жобасы аясында ашылған CALL центрге 13 волонтер жіберілді. Сонымен қатар, волонтерлер «Мейірім» қайырымдылық қорының жұмысына атсалысып, осы жағдайға байланысты қолданысқа қажетті 200 отбасыға дейінгі киім-кешектер, 100 отбасыға азық-түлік себеттері, медициналық бетперде, антисептиктер таратты.

Сонымен қатар, 2 мамыр күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдай зардаптарын жоюға атсалысу мақсатында кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. Сонымен қатар «Шымкент волонтерлер қауымдастығы» көмекке алғашқылардың бірі болып ат салысуда. Қазір аталған қауымдастық су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар, азық-түліктер мен балаларға ойыншықтар, төсек орындарын жеткізу үшін көмектесуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде төтенше жағдай жариялауына байланысты 20 сәуір мен 5 маусым аралығында «Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасы және Рухани жаңғыру бөлімінің бірлесуімен онлайн режимінде 297 іс-шара жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

Сұхбат – 58

Ақпарат – 34

Концерт – 44

Әдеби оқу – 27

Дәрістер – 25

Спектакль – 21

Байқау – 12

Би көрінісі – 5

Айтыс – 4

Бейнебаяндама – 10

Көрме – 17

Поэзия кеші – 3

Деректі фильм – 1

Дөңгелек үстел – 2

Танымдық сағат – 1

Шеберлік сағат – 2

– Сөзіңізді қортындылай келе алдағы уақытқа жоспар мен жасалған жұмыстың нәтижесі туралы не айтасыз? Бағдарлама өз деңгейінде жүзеге асуда ма? Жастар арасында және жалпы халық санасының жаңғырып, рухани өркендеуі байқалады ма?

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының жарияланғанына биыл үш жыл толды. Бағдарламаның бағыттары мен арнайы жобалары бойынша Шымкент қаласында бір жыл бұрын құрылған жобалық кеңсенің үйлестіруімен және ақпараттық сүйемелдеуімен 2020 жылдың басынан 100-ден астам шағын және ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. 144 тармақтан тұратын 2020 жылдың кешенді жоспары қала әкімдігінің басқармалары, ЖОО, Қазақстан халқы Ассамблеясы, саяси партиялар, Қазақтану ғылыми бірлестігі және аудан әкімдіктерінің жоспарлары және Ақпарат, қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұсыныстары негізінде түзілген.

Қаңтар-мамыр аралығында Бағдарлама аясында қолға алынған жұмыстар мен іс-шараларға тоқталсақ, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе…» атты поэзия кеші, «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясындағы рухани кездесулер, «Әйелдер мен бизнес: жаңа мүмкіндіктер – 2020» атты практикалық бизнес-форум, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талдау және жүзеге асыру мақсатындағы «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» атты форумы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша студент жастар арасындағы пікірсайыс, мектеп оқушыларының (9-11 сынып) арасында «Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсы, Қала мекемелерінде «Шалқар» радиосының қосылуы, Жас музыканттардың «Өнерім саған, Шымқала!» 53-ші қалалық фестиваль-байқауы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ЖОО-дағы «75 күн – 75 игі іс» атты марафон, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, «Bookcrossing» жобасы аясында кітаптар сөресінің ашылуы, «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі, «Мәртебелі поэзия мінбері» бағдарламасы аясындағы ақын-жазушылармен кездесулер, қала әкімдігінің тапсырысымен «САҚ» киностудиясы шығарған «Көне құмыраның сыры» атты мультфильмінің тұсаукесері, «Қайырымды қала – Шымкент» концепциясына сәйкес жаңа қалалық ізгілікті мәдениет қалыптастыруға арналған сәлем беру дәстүрі үлгісін насихаттауға арналған «Сәлемің түзу болсын!» этнотанымдық іс-шарасы, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен Абай шығармашылығына арналған «Өлең – сөздің патшасы…» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауы, Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өмірлік маңызды мәселелерді шешу бойынша әлеуметтік әлсіз топтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» жобасының іске қосылуы, Ерікті жастар арасындағы Экологиялық слет өтті. Сондай-ақ, қала басқармаларымен, мекеме, ұйымдарымен, Үкіметтік емес ұйымдармен еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықтың көптеп шоғырлануына жол бермеу мақсатында онлайн режиміндегі ондаған іс-шаралар, әлеуметтік желілер арқылы акция, челлендждер ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта да ғұлама тұлғалар Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына байланысты іс-шараларды және «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына, Жеңістің 75 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығына орайластырылған басқа да іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге, Этноауылдың ашылуы, «Жібек жолы» ТМД елдерінің қолөнер шеберлерінің көрмесі, ТМД елдерінің «Ұлттар достығы» цирк қойылымдары, Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалі, Қазақстандағы ресейлік фильмдердің апталығы, Ескі қалашық – «Цитадель» туристік аймағының ашылуы, «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығының фестивалі, «Шымкент — қайырымды қала» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, ТМД елдері балалар жазушыларының форумы және басқа да Халықаралық, республикалық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жобаларға барынша халықтық сипат беріп, пайдалы етіп іске асыру көзделген. Қазіргі жағдайға байланысты, шаралардың басым бөлігі тележоба және онлайн форматта өтуі мүмкін.

– Сұхбатыңызға алғыс айтып, өзекті де өнегелі осындай шаралардың қатары тола бергей дейміз!

Сұхбаттасқан Г. ҒАНИҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *