МАҚСАТ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ

Қоғам Құқық
812 Views

Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы .Осыған бастайтын бір жол – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Сыбайлас жемқорлық –қауіпті әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық — бұл мемлекет қауіпсіздігінежүйелі залал. Демек, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретінфактор.

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заман дерті. Ғасыр ағысыменбірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып,бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған мәселелердің бірі. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытқа ерекше мән беріп, кейін Қазақстан Президентіқызметіне ресми кірісу рәсімінде нақтылаған маңызды бағыттардың бірін «Сыбайласжемқорлықты жою» деп белгілеген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы күресті күшейту ба­ғы­­­тын­­­дағы ал­ғашқы қадам­дар­дың бірі Прези­дентіміздің Мем­лекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­­­­­қор­­­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­­­тігін екі жеке ведом­ст­во­­­­ға: Мем­лекет­тік қыз­мет іс­те­рі агенттігі және Сыбай­лас жем­­­қор­лыққа қар­сы іс-қи­мыл агент­тігі етіпқай­та құру ту­ралы шешімі болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті. Осы тұрғыда Шымкент қаласының Абай аудандық сотының «Судьялар мен сот қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық пен қылмыс белгілері бар көріністерге жол бермеу және «Жергілікті соттар ғимаратындағы өткізу және ішкі объектілік тәртіп туралы» ереже талаптарын орындау күн тәртібінен түспейді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында аға сот приставына сот ғимаратына кірудің рұқсаттық тәртібін қатаң сақтап, судьялар мен сот қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер ретінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, сотқа келген азаматтармен жұмыс уақытысында және де жұмыстан тыс уақытта, демалыс, мейрам күндері процессуалдық емес қатынастарға бармау жөнінде ескертіліп, орындалуы үнемі бақылауға алынып отырады.

Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар өздерінің қызметтік өкілеттіктері мен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланып немесе мүліктік пайда алу үшін өз өкілеттіктерін өзге жолмен пайдалануы арқылы жеке немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды қабылдау емес; жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген артықшылықтар мен артықшылықтарды заңсыз ұсынуы арқылы осы тұлғалардың пара алуы. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сонымен қатар, басқа да заңдарда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын, заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын әрекет.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін қозғаған тұста мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады? Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар.

Сыбайлас жемқорлық – бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше. Ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.

Жемқорлықтың құрығына түсетін де, оның көзін құртатын да халық. Сондықтан, парақорлық дертін жоюда халық, қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Қазақстан халқы өз алдына ел болып, еңсесі биік жоғары мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. «Адамдарды еңбек етуге үйретіп, білім беру керек. Алайда, осының бәрі адам бойындағы жаман қасиеттерден арылуға көмектесе алмайды. Адамды тәрбиелеу барысында «ар ғылымын» міндетті түрде енгізу қажет», – деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, бойымызда ең алдымен арымыз бен намысымыз болса, жемқорлыққа ешқашан жол берілмейді деген ойдамын. Яғни, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз.

Эльмира ҚАЛЫМБЕТОВА,

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *