ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Қоғам Құқық
81 Views

Қазір елімізде азаматтар жеке көлігіне мемлекеттік номерді онлайн алады. Ал сырттан әкелінген көліктер қалай болмақ? Шекара асып, кеденнен өтіп келген автокөлік иелері тұрақты тіркеу және баж салығы секілді төлемдерді қалай жасайды? Осы сауалдарды біз Шымкент қаласы Полиция департаменті Процессинг орталығының бастығы, полиция майоры Мұрат Молдабековке жолдап отырмыз. Жауабы төмендегідей.

Мұрат Молдабеков, Шымкент қаласы ПД Процессинг орталығының бастығы, полиция майоры:

— Процессинг орталығының атқаратын жұмыстары – көлік жүргізуші азаматтардың автокөлігін тіркеу, есепке қою, есептен шығару, сондай-ақ, жүргізуші куәліктерін беру және емтихан алу. Біздегі рәсімделетін автокөліктер таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 22.00-ге дейін қабылданады. Бұл үшін жергілікті азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құжаттарын тапсырып, автокөліктің қозғалтқыш көлеміне қарап салығы төленеді. Сонымен қатар, әкімшілік айыппұлдары бар ма, жоқ па тексеріледі. Содан кейін сатушы мен сатып алушы арасында келісім шарт түзіледі. Құжаттар рәсімделіп болғаннан кейін біздің базаға құжаттардың электронды нұсқасы келіп түседі. Біз ол жерде жаңа автокөлік иесінің іздеуде тұрған, тұрмағаны жөнінде мағлұматты тексереміз. Одан кейін көлік иесі құжаттарды толық қолына ала алады. Бұл процестің бәрі 15 минут көлемінде орындалады.

— Шымкент қаласында шетелден келген автокөліктер бар. Оларды тіркеудің өз тәртібі бар. Ең алдымен, қозғалтқыш көлемі мен шыққан жылына қарап баж салығы тағайындалады. Яғни, 2020-2021 жылы тіркелген автокөліктер үшін бастапқы тіркеу төленбейді. 2019 жылдан төмен автокөліктер 50 айлық есептік көрсеткіш сомасында салық төлейді. Бұл шамамен 168 мың теңге. 2018 жылғы шетелден келген автокөліктер 1 млн 200 мың теңге дейін, яғни жеті жылға дейінгі төмен автокөліктер 500 мың теңгеден 4 миллион теңге аралығында болмақ.

* * *

Армения мен Қырғызстанның көліктерін сенімхат арқылы тізгіндеп жүрген қазақстандықтар алдында енді үш жол ғана бар: бірінші — көліктерін заңды түрде тіркеуге қою; екінші — тіркеуді қымбатсынса, көлігін ел аумағынан шығару; ал үшінші жолы көлікті қосалқы бөлшекке сату.

Бірінші жол – көлікті тіркеу жайын тереңірек сөз етейік. Көлікті тіркеу үшін ең алдымен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет. Олар біріншіден көлікті тіркеуге болатын-болмайтынын анықтаса, екіншіден бастапқы тіркеу және утилизациялық алым мөлшерін анықтап береді. Айта кету керек, барлық көлік тіркеуге жатпайды, оның өзіндік талаптары бар.

Ресей, Беларусь және Қазақстанға ортақ техникалық регламент Қырғызстанда тек 2018 жылғы 12 ақпаннан қолданыла бастаса, Арменияда 2020 жылғы 2 қаңтардан бастап қана күшіне енді. Әкелінген көліктердің техрегламентке сәйкес келетінін сараптамақ түгіл, бұл туралы әлі тіпті де мәселе қозғала қойған жоқ. Соған орай, мемлекет пен көлік иелері тіркеу жөнінде ортақ келісімге келген жағдайда да осы мәселе алдан шығары сөзсіз. Бірақ, бұл әзірге келер күннің еншісінде.

Бастапқы тіркеуге келейік. Тіркеуге қою үшін Армения мен Қазақстандағы кедендік айырманы төлеуге тура келеді.

«Шетелдік көліктерді Қазақстанда тіркеуге қою құны шамамен 500 мың теңге мен 4 миллион теңге аралығында болмақ. Бұл сома көліктің жылы мен қай елден әкелінгеніне байланысты».

Утилизациялық алым да көлік тасушылардың қалтасына оңай соқпайды. Мұндай талап Қазақстанда 2016 жылдың қаңтарынан бастап енгізілді және бұл талап жергілікті автоөндірушілер, ресми импортерлер және шетелден көлік әкелетін өзге заңды, жеке тұлғалардың бәріне ортақ. Утилизациялық алым бастапқы тіркеуге қоюдан бұрын төленеді. Айлық есептік көрсеткішпен есептелетін бұл алым түрі көліктің қозғалтқышының көлеміне және базалық алым коэффициентіне тәуелді. Қазақстанға жиі әкелінетін жеңіл көліктерді сөз етсек, 2020 жылғы утилизациялық алым мөлшері төмендегіше:

· Қозғалтқыш көлемі 1000 текше см-ге дейін – 3*50 АЕК (397 650 теңге);

· Қозғалтқыш көлемі 1001-2000 текше см аралығы – 7*50 АЕК (927 850 теңге);

· Қозғалтқыш көлемі 2001-3000 текше см аралығы – 10*50 АЕК (1 325 500 теңге).

· Қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден жоғары – 23*50 АЕК (3 048 650 теңге).

М1 санатына жататын жеңіл автокөліктерді (ескерту: электр қозғалтқышты көліктер емес) бастапқы тіркеу құны төмендегіше:

· Соңғы 2 жылда шығарылған көліктер (2019-2020 жылдар) – 662,75 теңге;

· 2-ден 3 жылға дейінгі аралықта шығарылған көліктер (2018 жыл) – 132 550 теңге;

· 3 жылдан ары уақытта шығарылған көліктер (2017 жыл және одан бұрын) – 1 325 500 теңге.

ІІМ бұған дейін ЕЭО елдерінен тасылып жатқан көліктердің басым бөлігі 2000-2010 жылдар аралығында шығарылған көліктер екенін мәлімдеген болатын. Тиісінше, олардың бәрі де бастапқы тіркеу үшін ғана 1 325 500 теңге төлеуге мәжбүр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *