ҚҰРҒАҚ «ПИЯР» ОРҒА ЖЫҒАР, ҚАЛҚАМАНОВ «МЫРЗА»!

Билік Мәселе
1 004 Views

Түркістан облысының әкімі Ө.ШӨКЕЕВТІҢ назарына!

ҚҰРҒАҚ «ПИЯР» ОРҒА ЖЫҒАР, ҚАЛҚАМАНОВ «МЫРЗА»!

Түркістан облысы бүгінде құрылысы дамып, инфрақұрылымдық жағынан көркейіп келеді.Өкінішке қарай, әлемді жаулаған жаман індет Түркістан өңірін де айналып өткенжоқ. Түркістан облысы әкімнің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетов,Түркістан облысында бірнеше жауапты жұмыс атқарып, соңғы уақытта Ордабасыауданының әкімі болған Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев ағаларымызды да сұм ажаларамыздан алып кетті. Бұл азаматтар Өмірзақ Естайұлының ең сенімді адал жәнееңбекқор қайраткерлері еді. Елбасы және Президенттің үнемі назарында тұратын,жаңадан негізі қаланған Түркістан облысының ілгері дамуына бар қолайлықтар жаратылған. Өкінішке қарай, облыста ақсап тұрған мәселе жоқ емес әрине. Соңғыкезде көп сынға ілінген білім, спорт, мәдениет салалары сын көтермейтінжағдайға тап болғандай. Бұл салаға жетекшілік ететін Сәкен АмангелдіұлыҚалқаманов мырза Түркістан облысының әкімінің идеология жөніндегі орынбасарыбіз көтеріп келе жатқан білім саласындағы былықтарға толыққанды жауап бермейотыр. Соңғы кезде спорт басқармасында орын алған жағдайлар көңілге қаю түсіріпқана қоймай, сыбайлас жемқорлық ылаңдарына да бой бергені айтылуда. Жаңа оқужылына адами әуелетті дамыту басқармасы (білім басқармасы) жүз пайыз дайын емесекені, оның ішінде колледждердің тағдырына тиісті басқарма басшылығы мен СәкенҚалқамановтың ешқандай алаңдатушылық пен жанашырлық байқатпауы түсініксізжағдай болып отыр. Сонда бұлар облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке жәнехалыққа қандай есеп беретіні көңілге күдік ұялатады. Біз тиісті мекемелерге,сондай-ақ облыс әкіміне бұл туралы арнайы қызметтік хат жолдап, қатаң тексеружүргізу арқылы мәселенің анық қанығына жетуді сұранған болатынбыз. Облыс әкімібұл мәселеге бей-жай қарамайды деген ойдамыз әлі. «Балық басынан шіриді»демекші білім басқармасы, спорт, мәдениетке жауапты тікелей облыс әкімніңорынбасары Сәкен Қалқаманов болып табылатын болса, бүгінде бұл шенеуніктіңТүркістандағы жүріс-тұрысына қарап, сәулет, құрылыс, архитектура салаларынөзіне қосып алған ба деген ойда қаламыз. Әлеуметтік желідегі жеке парақшасындаүнемі құрылыс нысандарында жүргені, жай жүрмей оны суретке түсіріп, фейсбуктажариялағанына қарап (суреттері қоса тіркеледі) біз оны өзі жетекшілік ететінсаладан ауысқан ба деген ойға келдік. Карантин жағдайына байланысты тікелейкездесуге мүмкіндік болмай отыруына орай, алдағы уақытта өзімізді қызықтырғанкелелі мәселелерге байланысты сұрақтарымызды арнайы жолдайтын боламыз.

Өткен аптада ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілген тікелей онлайн конференциясында Түркістанның білім саласына қатысты маңызды сұрақтар ортада талқыланған болатын. Онлайн конференцияда облыстағы оқу орындарының басшылары да көкейде жүрген мәселелерін айтты. Соның ішінде цифрландыру мәселесі, бірегей форматқа көшу, қашықтықтан оқыту сынды өзекті түйткілдер әлі де өз шешімін таппағаны айқындалды. Осы сәтте министрлік алдында, облыстың білім саласындағы басқарма басшылығы таяқтың бір ұшын әкімдікке де сілтей салған көрінеді. Демек, облыста бұған жауапты шенеунік тағы сол Сәкен Қалқаманов екен. Ал бұл мырза құрылыс нысандары тағы басқа да өзіне қатысы жоқ салаларды жарнамалаумен фейсбук парақшасында белсенділігін көрсетіп келеді. Көрсетіп қана қоймай, тікелей эфирде қаншама алтын уақытын текке шығындайды. Жоғарыдағы суреттер өзінің фейсбук парақшасындағы тікелей эфирлерден алынған. Осы мемлекеттік қызметкерге жараса ма? Оны көріп отырған ел-жұрт қандай ойда болады? Өз саласын жоғары деңгейге көтеріп, халықтың ықыласына бөленіп, фейсбукта жұлдыз болып жүрсе оған дау жоқ еді әрине. Ал біздің көтеріп отырғанымыз әлеуметтік маңызы ауқымды, болашақты бағамдайтын, стратегиялық маңызы биік мәселе болғандықтан халық атынан да, өз атымыздан да болашағымыз үшін алаңдап отырған жағдай бар. Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қай жерді басқармасын, қай салада отырмасын өзіне қамшы салдырмаған, білгір қайраткер ретінде елге танылған азамат. Бірақ қоластындағылардың жасап жатқан іс-әрекеттері Шөкеевке қиянат жасағандай сезімге оралтады екен адамды. Бүгінде Түркістан облысы Спорт саласында басшы жоқ, бұрынғы басшылықтың не үшін жұмыстан кеткені жартылай құпия болып отыр, білімдегі былықтар барынша ілгері емес, кері қарай кетуде. Жауап беретін басшы адам жоқ. «Құрғақ «пияр» орға жығар, сыбайластық торға тығар» (бұл – бүгінгінің мақалына айналған) демекші бұл бағытты дұрыс жолға қоймаса, Түркістанның болашағы бұлыңғыр болмауына кім кепіл?!

Әділ ҚЫРАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *