Абай БАЛАЖАН: «ШЫМКЕНТ – ҮРЕЙ ҚҰШАҒЫНДА»

Қоғам
1 504 Views

Шымкент – үрей құшағында. Ит тұмау баудай түсіріп бара жатса, үрейленбегенде қайтеді?! Біздіңтөрт қабатты ғимараттың өзінде ауырмаған адам қалмады. Бір қызметкер бақилықболды. Ауырып жатқан жалғыз біздің ғимараттағы адамдар ма екен? Соңғы біраптаның өзінде Шымкенттің төрт бұрышы науқастардың ырсыл-гүрсілінен теңселіптұр. Бір үйдің адамдары ауырса, отағасынан маза кетіп, отбасы мүшелерін сабырғашақырып жатпаушы ма еді?! Қаланың әкесі – әкімі емес пе?! Ал, Әйтенов жым-жырт.Осы бір аптада не өзі, не орынбасарлары ең болмағанда бір рет тікелейбайланысқа шығып, халыққа ешнәрсе түсіндірген жоқ. Не қауіп бар демейді, неуайымдамаңдар, қауіп жоқ демейді. Мына үдеріп жүрген елге көмектесу қолданкелмесе де, бір ауыз жылы сөзін айтып, сабырға шақыру керек еді ғой. Қазақшажөндеп жеткізе алмаса, білетін орысшасымен-ақ айта берсін. Қазір жұрт тілгеқарайын деп тұрған жоқ, шүршітше болса да сыңар ақпараттың өзіне зәру. Меноппозиционер емеспін, бірақ, Шымкент билігінің ойында не барын түсінбедім.

Бұрын дәріханаларда өтпей тұратын, өтпеген соң сатушылар амал жоқ, «сдачаға» беретін, баяғыда әжелеріміз бен шешелеріміз «тер дәрі» дейтін дәрілердің өзі дефицитке айналып барады.

Мұның бәрі неден?

Мұның бәрі елдің үрейге бой алдыруынан. Тағы да айтамыз, ол үшін елді кінәлаудың түк те қажеті жоқ. Себебі оларға жағдайды түсіндірген, сабырға шақырған пенде болмады.

Егу бөлмелеріндегі, дәріханалардағы кезекті сөзбен айтудың қажеті жоқ, көзбен көру керек!

Ал, сол кезде… адамдарға егу бөлмелері жетпей жатқан кезде Шымкент қаласындағы №1 емханада жөндеу жұмыстары басталып кетіпті. Құдай-ау, қазір жұмыс істеп тұрған ғимаратты ремонтқа жабатын уақыт па? Қалалық әкімдіктегілердің “Ол ғимаратты жөндеуге қоюға байланысты тендер баяғыда ойнатылып қойылған. Кезегі келді, мердігерлер жұмысты бастап кетті” деп айтарын іштей сезіп отырмын. Бірақ пандемия құтырып тұрған қазіргі кезеңде өңір басшысы барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, жөндеу жұмыстарының баршасын тоқтатып тастауы керек деген ойдамын. Қолдағы қаражаттың бәрі соңғы тиынына дейін адамдардың денсаулығына жұмсалуы керек. Құрылыстың тендерлері сосын-ақ ойнатыла берер. Ойнағанды қоймасаңдар, мына ел шынымен ойнатып қояды. Бұл “Жезөкше” деген роликті түсіртіп алып, сосын әркімге “керемет дүние” деп мақтатудан гөрі зардабы ауырырақ дүние ғой. Мұны түсіну үшін соншалықты ақылды болудың қажеті жоқ, меніңше.

Иә, айтайын деп айтпайсың…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *