АБАЙ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Мерей
854 Views

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерекесіне орай облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының»ұйымдастыруымен «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарабарысында басқарма қолдауымен облысымыздағы бірқатар Абай есімді 10 жастағыжасөспірімдерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Аталған шараны облыстық Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Дәурен Сариев ашып, ұлы ойшыл туралы өз ойын ортаға салды.

«Жас ұрпаққа Абайдың ұлы бейнесін, өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау бізге парыз. Абай есімін көтеріп жүру үлкен жа-уапкершілік. Облысымыздағы Абай есімді жастар бұл жауапкер-шілікті көтеріп жүре алады деп сенемін», – деді Дәурен Нұрланұлы.

Түркология ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері, филология магистрі Роза Жұмабайқызы «Абайдың кісілік келбеті» туралы баяндама оқып, осы күнге дейін ұлы ақын туралы жазылған құнды мақалаларға шолу жасады.

Шара барысында облыстағы жас ақындар Абайға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, көркемсөз оқу шеберлері ақынның жырларын нақышына келтіре жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ, мерекелік шарада халық арасына кең таралған Абай әндері де шырқалды. Мәселен, Қожахмет Аманбаев «Сегіз аяқ» әнін, Мейрамбек Мырзахметов «Көзімнің қарасы» әнін тамылжыта орындап, келген қонақтарға ерекше серпіліс сыйлады.

Айта кетейік, мемлекет басшысының Жарлығымен 10 тамыз – «Абай күні» болып белгіленген болатын. Осыған орай, облысымыздың барлық аудан-қалаларында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бетті дайындаған Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *