ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕЛБАСЫ

Мерей
898 Views

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Сіздерді, бүкілхалықтық таңдауының бірлігі күні ретінде енген мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.

Қазақстан Тәуелсіздігіне қол жеткізген мерзімде алыстағы алып елдер де, қыр астындағы көршілер де санасатын айбынды мемлекетке айналды.

Ел абыройының әлемдік деңгейде асқақтауы Тұңғыш Президенттің сарабдал саясаты, қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық және құқықтық реформалардың нәтижесі.

Тәуелсіздік жылдары орасан мол табыстарға қол жеткіздік. Қай саланы алып қарамаңыз, мейлі ол құқық қорғау, сот төрелігі, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер болсын, бәрінде қарыштап дамып келеміз.

Тұңғыш Президентіміз заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату жағдайына аса көңіл бөлді. 2017 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңына қол қойып, сала қызметіне жаңа бағыт пен серпін берді.

Бұл өз кезегінде халық пен қоғамның мүддесін қорғайтын ашық, әділ және тиімді прокуратура жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасап отыр.

Қазіргі таңда қаламыздың прокуратура органдары 580 мыңға жуық азаматтардың құқықтарын қорғады.

Сіздерді баршаңызды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз қазақ елінің тұғыры биік, мерейі үстем болсын!

Ізгі ниетпен,

Мақсат ҚОЖАБАЕВ,

Шымкент қаласының прокуроры,

аға әділет кеңесшісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *