АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

Жастар Қоғам
674 Views

«Жастар — біздің үмітіміз және жарқын болашағымыз»

Қасым-Жомарт Тоқаев,

Қазақстан Республикасының Президенті,

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы

Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден бір педагогикалық негізі – патриотизм. Бұл «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм — адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», -деп анықтама берілген. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты — жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.

Патриотизм – бұл әлеуметтік топтардың, ұлттық қауымдардың еңбек, әскери және басқа дәстүрлермен, мінез-құлықтық принциптерімен, адамдардың сезімімен және көңіл-күйімен, Отанды дамытуға және қорғауға бағытталған Отанға деген позитивті қатынастарымен байланысты көзқарастар мен идеялардың күрделі жүйесі.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жағдайында барлық ұлттардың өзіндік жалпы сана-сезім үйлесімділігі арқылы қазақ халқының және басқа ұлттардың ұлттық өзіне тән патриотизммен байыпталған, Қазақстан – барлық этностар Отаны деген жалпыұлттық патриотизм идеологиясы идеясы қалыптасуы қажет.

Патриотизм бұл әртүрлі компоненттерден тұратын күрделі қоғамдық құбылыс. Патриотизм – бұл ең алдымен халықтың Отанға деген сезімдерінің комплексі.Патриоттық сана ата-мекеннің атрибуттарының көрінісінің нәтижесі ретінде санада қалыптасады. Патриоттық сана – бұл идеялардың және көзқарастардың Отанға деген позитивті қатынастармен байланысты күрделі басқарылатын жүйесі.Жалпы патриоттық сана бұл Отандық құндылықтар көрінісінің нәтижесі және адамдардың санасында прогрессивті дәстүрлердің қабылдануы. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жаңа жалпыұлттық мүдделерін табу мақсаты алға қойылған, олардың бірі болып жалпықазақстандық патриотизм болып табылады.

Қазақстан Республикасын Қорғаудағы азаматтардың Конституциялық құқықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу мақсаты мен сипатын, әскери іспен азаматтық қорғаныс негіздерін ұғынуға, «Жас жауынгер дайындығы» деңгейінде қажетті біліммен практикалық дағдыға ие болған болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда бізді осы күрделі және сонымен бірге құрметті мамандықты таңдап, Отан қорғаушылармен бір қатарға лайықты болу үшін өз өмірін армиямен байланыстыруға тырысатын жастардың позитивтілігі мен тілегі ерекше қуантады.

Жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында өз Отанын қорғауға дайын ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет.Осы ретте ардагерлер мемлекеттің қоғамдық өміріне, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде үнемі белсенді қатысады. Өңірлерде жастармен «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» әскери-патриоттық акциясының өткізілуіне өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесіне елеулі үлес қосуда, Ерлік сабақтарын, турнирлерді, дәрістер мен жастармен әңгімелер өткізуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев идеологиялық жұмыстың, атап айтқанда азаматтардың бойында қазақстандық патриотизм мен жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Елдің дамуы мен өркендеуі, оның болашағы жастарға тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар — біздің үмітіміз және жарқын болашағымыз» деп атап өтті. 2022 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 597 Қаулысымен азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары бекітілді. Оларда Қазақстан Республикасының азаматтарына әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі айқындалған.Қағидалар азаматтарда патриотизмді, рухани-адамгершілік қасиеттерді, бейбіт және соғыс уақыты жағдайында конституциялық және әскери борышқа адалдықты, жауапкершілік пен тәртіпті тәрбиелеуге және дамытуға, Қазақстан Республикасы халқының жоғары моральдық рухын қолдауға бағытталған.Үкіметтің осы қаулысын іске асыру идеологиялық және әскери-патриоттық тәрбие беру, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы оң құқықтық салдарға алып келеді, азаматтардың санасы мен сезімдерінде патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен нанымдарды, мәдени және тарихи мұраға, Қазақстан халқының дәстүрлеріне және Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделеріне құрмет көрсетуді бекітеді.

Әскери-патриоттық тәрбие жүйесі, осы тұжырымдаманы мазмұндау жастарды патриотизммен Отанына абыроймен қызмет етуге дайын болуға тәрбиелеуді біршама дербес жүйе ретінде қарастыруды көздейді. Бұл, ең алдымен, әскери-патриоттық тәрбие мақсатының, міндеттерінің, мазмұнымен принциптерінің практикада түрлі буындарды, құрылымдарды, органдарды, осы қызметті жүзеге асыру жолдарының, нысандарының, әдістерімен құралдарының бүкіл әр алуандығын қамтитын күрделі тармақталған жүйесі арқылы іске асырылады.Әскери-патриоттық жұмыс жүйесі орнатылған немесе қалыптасқан тәртіпті, бастапқы ұжымнан, топтан бастап жоғары басқару органдарына дейін оның барлық деңгейлеріндегі тәрбие қызметінің мазмұнын көрсетеді. Жүйе әскери-патриоттық тәрбиеге әсер ететін барлық факторларды практикада кешенді есепке алуды қамтамасыз етуге, қоғамның, мемлекеттің мүддесінде, Қарулы Күштерді нығайтуда олардың міндеттерін орындау процесінде тиімділікті арттыруға ықпал ететін қажетті жағдайлармен механизмдерді жасауға арналған.  Тәрбиенің осы бағытының бүкіл жүйесін ұйымдастыруды, оның жұмыс істеуін және оның тиімділігімен түпкілікті нәтижелерін бақылауды қамтамасыз ететін негізгі институт мемлекет болып табылады. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі — бұл мемлекет саясатының ұзақ мерзімді бағыттарының бірі болуы қажет.

Р.Ж.МАДЬЯРОВ,

подполковник, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *