АНА – КҮННІҢ НҰРЫ, ӨМІРДІҢ ГҮЛІ!

Қоғам Құттықтаймыз
1 426 Views

Құрметті профессор-оқытушылар, сала қызметкерлері, студент-жастар!

Әйел – өмірдің өзі, тіршіліктің бастауы.Ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы. Дүниеде ананың аялы алақанынан, саялы құшағынан артық еш нәрсе жоқ екені баршамызға аян.

Ана – күннің нұры, өмірдің гүлі. Нәзік жанды аруларымыздың гүлдей нәзік болмысы, қыз-келіншектердің күмістей сыңғырлаған күлкісі барша ерлер қауымы асыға күтетін осынау аналар мерекесі қарсаңында айрықша сезіле түседі.

Құрметті аналар мен арулар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешқашан толастамасын. Көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.

Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт пен сәттілік тілеймін!

Зор құрметпен,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры,

ҚР ҰҒА академигі, профессор

Ерлан СЫДЫҚОВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *