АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА

Экономика
1 067 Views

Шымкент қаласында осы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14.7 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға артық. Ауыл шаруашылығы өнімінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша бірінші орында. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары хабарлады.

Басқарма мамандарының сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артқан. Өндірілген өнім көлемінің ішінде егін шаруашылығы 1,6 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы 12 млрд. теңгеге жеткен.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 217,3 млн. теңге бөлініп, 8 бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетіліп келеді. Есеп беру кезеңінде оның 992,3 млн. теңгесі игерілген.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың I-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында 6 мыңнан астам адам жұмыс жасаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *