Газ құбыры өтетін күзетілетін аймақтағы жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті

Заң
112 Views

Бүгін таңертең «QazaqGaz Aimaq» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Түркістан облысы Төлеби ауданы Абдулабад ауылындағы газ құбырымаңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына барған мамандар автокөліктің газ құбырының жерүстітұсына соғылғанын анықтады. Құбырдың зақымдануы салдарынан газ алауы тұтанып, көлік құралы өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардапшеккен жоқ. Өрт тез арада сөндірілді. Өртті ауыздықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында апаттық-диспетчерлік қызмет мамандары «Зертас» газ тарату қосынынан газды ажырату бойынша жедел жұмыс жүргізді. Тұтынушыларды газбен жабдықтау қалыпты тәртіпте жүзеге асырылып, абоненттерді көгілдір отыннан ажыратуға жол берілмеді.

«Халықтың қауіпсіздігі мен газбен жабдықтаудың тұрақтылығы бізүшін анық басымдық болып табылады. Жағдай тұрақты бақылауда. Барлық қажетті техникалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін қажетті нысан толық жарамды күйге келтіріледі», — деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ жергілікті өндірістік филиалынан.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *