ЕҰУ МЕН «БОЛАШАҚ» ХБО ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Білім
266 Views


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат кадрларды қайта даярлауға және профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.

Меморандумға ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов және «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов қол қойды. Тараптар білімді жетілдіру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Кездесу барысында ЕҰУ ректоры жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кадрлық әлеуетті нығайтуға баса назар аударылатынын атап өтті. Университет үздік отандық және шетелдік мамандарды жұмысқа тартады.

«ЕҰУ ғылыми кадрлық әлеуетті нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Біз ғалымдарымыздың және оқытушыларымыздың кәсіби деңгейін арттыруға жағдай жасаймыз және әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытамыз. «Жас ғалым» жобасының арқасында ЕҰУ ғалымдар қатары 86 постдокторантқа артты. 50-ден астам ЕҰУ ғалымы екінші жыл қатарынан «500 ғалым» жобасы аясында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында жастар үшін ғылым саласы анағұрлым тартымды бола түскенін және әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамалар саны артқанын атап өтті. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығымен бүгінгі меморандум біздің қызметкерлеріміздің қайта даярлау және кәсіби деңгейін арттыру саласындағы перспективалар мен мүмкіндіктерді кеңейтеді»,- деді Ерлан Сыдықов.

Еуразия ұлттық университетінде магистратура және докторантура бағыттары бойынша «Болашақ» бағдарламасының 150-ге жуық түлегі еңбек етеді. Биыл профессор-оқытушылар құрамынан 47 адам «500 ғалым» жобасы аясында тағылымдамадан өтуге өтінім берді.

«Болашақ» бағдарламасының 30 жылдық тарихында 12 мыңнан астам білікті маман дайындалды. Бағдарлама «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, шетелде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алған ЕҰУ-дың 970 түлектерінің көкжиегін кеңейтті. Ұлттық университет Қазақстанда және одан тыс жерлерде бәсекеге қабілетті түлектерді дайындайды. Еуразия университетінің дамуына «Болашақ» өкілдері үлес қосуда. Бүгінгі таңда ЕҰУ-да бағдарламаның 149 түлегі жұмыс істейді. Біз ЕҰУ қауымдастығы арасында стипендиялық бағдарламаның маңыздылығын насихаттауға бар күш-жігерімізді саламыз және жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға қуаныштымыз», — деп атап өтті Олжас Сәкенов.

Кездесу барысында тараптар университет ғылымына жас ғалымдарды тарту бойынша ұсыныстарды талқылады. Сонымен қатар студенттер мен оқытушыларға «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге және шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге қатысты ақпарат берілді.

ЕҰУ-нің баспасөз қызметі орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *