Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Нұртас Иманқұлов тұңғыш рет Тәурат кітабын орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Кітап «Тәурат бес кітап» деген атаумен жарық көрді.
Қасиетті кітап Израильден әкелінген Бехор Барухтың жалпы редакциясымен шыққан Эрец Исраэль 1997 жылғы түпнұсқасының орыс тіліндегі нұсқасынан аударылған. Профессор Нұртас Иманқұлов көп жылдық еңбегіне 5 жыл уақытын арнады.
Айта кету керек, бұл кітап Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында жарық көрді.
Кітап суреттермен безендірілген 1000 беттен тұрады. Ол дін саласының қызметкерлеріне, дінтанушыларға және дінге қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.
– «Тәурат» сөзінің түбірі – тәлім, тәрбие, нұсқау, заң дегенді білдіреді. Кітапты аудару кезінде терминология жағынан біраз қиындық болды. Мәселен, қазақша шапан атауларына, киім тігетін жіп түрлеріне қатысты атауларды табу оңай болған жоқ, — дейді дінтанушы.
Профессор Нұртас Иманқұлов көптеген кітаптың авторы. Олардың қатарында «Еврейлер тағылымы» және «Қазақия философиясы» басылымдары бар.

Бул кітаптың алғашқы бетінде Алла Тағаланың Ерекше Атырау көне еврей тілінде жазылған «ЙХВХ» н/е «ЙГВГ», көп тілінде ЯХУА деп дыбысты лады. Таурат кітабындағы бұл есіме шамасымен 7000-рет кездеседі. Қызық қазақ тілінде бұл кітапті қайдан тапсақ болады?…
Бул кітаптың алғашқы бетінде Алла Тағаланың Ерекше Аты келтірілген, бұл көне еврей тілінде «ЙХВХ» н/е «ЙГВГ» деп жазылған. Көп тілінде «ЯХУА» ,ал қазақ тілінде «ЕХОБА» деп дыбыстылады. Таурат кітабындағы бұл есімі шамасымен 7000-рет кездеседі. Қызық бұл кітапті қайдан тапсақ болады екен?…