АСА ҚАУІПТІ ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛ

Қоғам Құқық
627 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстанхалқына Жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын басты назарға алған болатын.

Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқанын, уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастағанын, нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатқанын, бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел екенін атап көрсетті.

Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс екенін, сондықтан, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Шымкент қала прокуратурасы есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу саласында қала аумағында орын алған қылмыстарға талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау осы салада қылмыстылық деңгейінің өткен жылмен салыстырғанда біршама өскенін көрсетіп отыр.

Ең алаңдататын мәселелердің бірі – синтетикалық есірткі түрлерін сату деректерінің, оның ішінде аса ірі мөлшерде, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы, қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер.

Статистикалық деректерге тоқталатын болсақ:

2022 жылдың есепті мерзімінде Қылмыстық Кодекстің 297-бабымен 50 қылмыс (2021ж. 9 ай — 43) тіркелген (13 қылмыс қоғамдық орында жасалған), оның ішінде 11 қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданған.

Көріп отығанымыздай, қылмыстар 16 пайызға өскен, есірткі заттарын әлеуметтік желілерді (телеграмм, WhatsUp және т.б.) пайдалана отырып, аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын қоғамдық орындарда жасыру («Закладка») арқылы сату деректері көбейіп отыр.

Қала тұрғындары (басым бөлігі 18-30 жастағы жігіттер) жеңіл табыс табу мақсатында, бейтаныс тұлғалармен әлеуметтік желілер арқылы байланысып, аса ауыр санаттағы қылмыстарды жасап, жауаптылыққа тартылуда.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде Шымкент қаласының 1996 ж.т. «Ержан» есімді тұрғыны аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын қоғамдық орындарда жасыру («Закладка») арқылы сату дерегі анықталып, ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігінің 2,3,5) тармақтарымен айыпталып, сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айрылып, қазіргі таңда жазасын өтеуде.

ҚК-тің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» қарастырылған қылмыс жасағаны үшін 5 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан әлеуметтік желілерде (телеграмм, WhatsUp және т.б.) есірткіні жарнамалау, сату немесе басқа да заңсыз іс-әрекеттерге итермелеу деректері белгілі болған жағдайда полиция немесе прокуратура органдарына тез арада хабарлауды сұраймыз.

Шымкент қала прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *