ЕҰУ, ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ R&D ОРТАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Білім
177 Views

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Еуразия ұлттық университеті, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Қазақстан инжиниринг» «Research & Development орталығы» ЖШС өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар ғылыми жетістіктерді өндіріске ендіру үшін ғылыми-білім беруді және өнеркәсіпті интеграциялауды жоспарлап отыр.

Ынтымақтастық туралы меморандумды ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов және «Research & Development орталығы» ЖШС бас директоры Ғани Байсейітов бекітті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырымдағы Парламент Мәжілісі бірінші сессиясының ашылуында ғылымды дамыту, ғылымижетістіктерді коммерцияландыру қажеттігін атап өтті. Университет ғылымның елэкономикасының нақты секторына үлесін арттыруды мақсат тұтып отыр. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясымен R&D орталықпен әріптестік бірлескен ғылымизерттеулерді жүргізудің, ғылыми және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ауқымды басымдықтар ашады», — деп атап өтті Ерлан Сыдықов.

Меморандум аясында инженерия, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласында бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулерді жүргізу және әзірлемелерді коммерцияландыру жоспарланған. Тараптар ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару және телеметрия бағдарламаларын әзірлеуді, олардың инжинирингі мен реинжинирингін да қолға алмақ.

«Жобаларды іскеасыру үшін бізге ғылым және ғалымдарымыздың қолдауы қажет. Сондықтан бізбірінші кезекте ЕҰУ-ға жүгіндік. Қазір біздің компанияда Еуразия ұлттықуниверситетінің студенттері тәжірибеден сәтті өтуде. Біз сіздің ғалымдарыңызбен алғашқы қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру үшін ынтымақтасуғамақсат тұтып отырмыз. Сонымен қатар жаңа технологияларды әзірлеу үшінробототехника бойынша ЕҰУ-мен құзыреттілік орталығын құру аса маңызды болыптабылады. Біз машина жасау, авиақұрылыс саласындағы инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруға дайынбыз«, — деп атап өтті Теміржан Әбдірахманов.

Кездесу барысында ЖОО ғалымдарымен бірлесе ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мәселелері талқыланды.

ЕҰУ-нің баспасөз орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *