КРИПТОЮНИТ – МОЛШЫЛЫҚҚА АПАРАТЫН ТӨТЕ ЖОЛ

Қоғам Әр алуан
1 002 Views

Кез-келген адам өз отбасында молшылық, береке болғанын қалайды. Сол үшін азаптанып жұмыс істейді.Бұл да керек. «Еңбек етсең – емерсің» деген бұрыннан келе жатқан мәтел екені де рас. Алайда заманның, экономиканың қызу қарқынмен өсіп жатқан заманында тек маңдай терді тамшылата төгіп жүріп қана игілікке жетем деу аңғалдыққа тән ой өрісі болып тұр.

Бүгінгі таңда оқу-білім, инновацияға ұмтылыс көп жетістіктерге бастайтын болды. Соның бірі көліктік жүйеде революциялық жаңалық болып дүниеге келіп жатқан Скайвей аспажол әлемдік бренді. Бұл туралы баспасөзде де, ғаламторда да ақпараттар аста-төк. Өкінішке орай көпшілік сол ақпаратты білмей отыр. Академик Анатолий Юницкий ойлап тапқан бұл инновациялық жоба Беларуссияда жүзеге асырылып, бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай, Шарджа қалаларында құрылыстары қызу жүріп жатыр.

Ал осы стартап жобаға тікелей қаржылық қолдау көрсетіп отырған Скайвейинвестгрупп компаниясы ғасыр жобасының жүзеге асуында шешуші рөл атқарып отыр. Осы мекеменің бас директоры Андрей Ховратов «Скайвейдің» тезірек жүзеге асуына тікелей ықпал етіп отырған ірі тұлға, қаржы данышпаны, ұйымдастырушылық қабілеті таң қалдыратын білгір де білікті басшы.

Кәсіби инвестор Андрей Федорович ойлап тапқан Криптоюнит бағдарламасы бүкіл әлемнің 180-нен астам елінің 500 мыңнан астам адамын елең еткізіп, бүгінгі таңда осы криптоюнитті арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалып отыр. Сегіз этаптан тұратын бұл бағдарламаның қазір үшінші этапы аяқталуға жақын. Жақында төртінші кезең басталмақ.

Мұны жазып отырғанымыз, осы бағдарламаны жүзеге асырып жатқан «Скайвейинвестгрупп» компаниясы экономиканың жиырмадан астам секторына қаржы салып, қарапайым адамдардың мол игілікке кенелуіне мүмкіндік туғызуда. Содан түскен қаржыдан осы криптоюнит токенін сатып алған адамдарға дивидент- қосымша қаражат төлеп отыратын болады. Компания қазірдің алғашқы екі этап бойынша ақшалай бонус төледі. Болашақта ай сайын төлейтін бұл төлемдер көлемі өсіп отырмақ. Яғни криптоюнитті сатып алған адам өмір бойы дивидент-қосымша табыс алып отыратын болады.

Бұл бағдарламаның келешегі зор екенін, Әлемдік инвестициялық қоржын атанған бұл жобаға азуын айға білеген көптеген эксперттер өте жоғары баға беріп отыр. Сондықтан осы үлкен істің қожайындарының бірі болуға ұмтылайық, ағайын. Мұндай мүмкіндік жүз жылда бір рет болатынын ұмытпайық. КРИПТОЮНИТ — МОЛШЫЛЫҚҚА АПАРАТЫН ТӨТЕ ЖОЛ. Сондықтан мұндай мүмкіншіліктен сырт қалмай, отбасымыздың өмір бойы тұрақты қаражатпен қамтамасыз етілуін қазірден ойластырайық.

Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН,

Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *