ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХШЫЛАРЫ АСТАНАҒА ЖИНАЛДЫ

Тарих Қоғам
436 Views

Астанада Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының дәстүрлі форумы өтіп жатыр. Халықаралық шараға Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан ғалымдары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысуда. Мақсат: Өткен тарих пен тарихи процестерге ортақ көзқарас қалыптастыру. Сонымен бірге, сала мамандары арасында коммуникацияны нығайту да негізгі міндеттің бірі. Форумда көтерілетін тағы бір тақырып: Жас тарихшыларды даярлауда бәріне бірдей әдістеме әзірлеп, платформа құру.

Бахром Абдухолимов, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясы президентінің орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Біріншіден, өз уақытында өтіп жатқан форум. Талқылайтын тақырып жетерлік, әрбірі өте өзекті. Біз жақсы білеміз ғылымды тек бір елдің аясында қарастыруға болмайды. Өйткені ғылымда бекітілген шекара жоқ. Қазір Орталық Азия елдерінің Мемлекет басшылары аймақтың ортақ тарихын зерттеу мақсатында ғалымдардың бірігіп жұмыс істеуіне барлық мүмкіндікті жасап берді.

Асылбек Данияр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *