19 Views
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінде «күлдіргіш газ» ретінде белгілі азот тотығын заңсыз сату дерегін анықтады.
Профилактикалық іс-шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері аталған заттың келушілерге сатылғанын құжаттады.
Тексеру кезінде мекемеден азот тотығы құйылған баллондар, сондай-ақ пайдаланылған көп мөлшердегі әуе шарлары табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Клуб иесі полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.