АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Билік Жастар Мәселе Саясат Уақыт Қоғам
7 Views

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Шымкент қаласындағы Достық үйі алдында «Мың алғыс саған, туған ел!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мерекенің қоғам үшін маңызына тоқталып, Алғыс айту күні бірлік пен татулықты дәріптейтін ерекше күн екенін атап өтті. Оның айтуынша, көктемнің алғашқы күнінің дәл осы мерекемен тұспа-тұс келуі – адамдар арасындағы жылылық пен ризашылықтың символы.Спикерлер өз сөздерінде Конституцияның ел бірлігі мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі айрықша маңызын атап өтіп, Ата Заң Қазақстан халқын ортақ құндылықтар мен мақсаттар төңірегіне топтастыратын басты құқықтық құжат екенін жеткізді. Сонымен қатар, Конституцияда бекітілген теңдік, өзара құрмет және келісім қағидаттары қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың берік негізі екені айтылды. Мерекелік іс-шара барысында ардагерлерге, ұстаздарға, медицина қызметкерлеріне, спортшыларға, полиция қызметкерлеріне және тазалық саласының мамандарына «Алғыс қоржыны» табысталды.Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жастар орталығы» директоры Е. Анарханұлы мен М.Сапарбаев атындағы Орта Азия инновациялық университетінің студенті Х. Абдуллаев сөз сөйлеп, қазақ еліне және қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.Айта кетейік, іс-шараға қала әкімінің орынбасары, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылым өкілдері, зиялы қауым мүшелері, этномәдени бірлестіктер белсенділері, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.