АСТАНАДАҒЫ АЛАМАН АЙҚАС

Спорт
19 Views


Биылғы 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан Әлем Кубогы – World Boxing бәсекелері үшінші кезеңінің сайыстары өтті. Байрақты бәсекеге 30 елден келген 300-дей былғары қолғап шебері қатысып, өздерінің бақтарын сынап көрді. Астанадағы аламан айқасқа Өзбекстан Ұлттық құрама командасының қыздары қатысып, жігіттері келмей қалды.

Қазақстан Ұлттық құрама командасы (ерлер):

Бас бапкері – Қайрат Сәтжанов.

Санжар Тәшкенбай (50 келі), Әлем чемпионы (2023), Азия чемпионы (2022) – чемпион.

Махмұд Сабырхан (55), Әлем чемпионы (2023), Азия чемпионы (2024) – чемпион.

Серік Теміржанов (60).

Ертуған Зейнуллинов (65) – қола жүлдегер.

Абылайхан Жүсіпов (70).

Сабыржан Аққалықов (75) – чемпион.

Нұрбек Оралбай (80), Әлем чемпионы (2023), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері (2024) – күміс жүлдегер.

Бекзат Нұрдәулетов (85), Әлем чемпионы (2029) – чемпион.

Сағындық Тоғамбай (90) – қола жүлдегер.

Айбек Оралбай, (+90), капитан, Азияның қос дүркін чемпионы (2022, 2024) (+90) – чемпион.

Қазақстан Ұлттық құрама командасы (әйелдер):

Бас бапкер – Елдос Сейдалин.

Назым Абайқызы Қызайбай (48 келі), капитан, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (2024), Әлемнің үш дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы. 1/8 финалда канадалық Приянка Диллоннан, ширек финалда өзбекстандық Фарзона Фозиловадан, жартылай финалда жапониялық Хикану Шинохарадан, шешуші ақтық финалдық сында үндістандық Минакши Минакшиден басым түсті – чемпион.

Алуа Балқыбекова (51) – күміс жүлдегер.

Анель Сақыш (54).

Айдана Забынбекова (57) – қола жүлдегер.

Виктория Графеева (60) – чемпион.

Аида Әбікеева (65), Әлем чемпионы (2025) – қола жүлдегер.

Наталья Богданова (70) – чемпион.

Надежда Рябец (75) – күміс жүлдегер.

Гүлсая Ержан (80).

Елдана Талипова (+80) – күміс жүлдегер.

Өзбекстан

Навбахор Хамидова (65) – чемпион.

Феруза Казакова (54) – қола жүлдегер.

Азиза Зокирова (75) – қола жүлдегер.

Сохиба Рузметова (80) – қола жүлдегер.

Олтиной Сотимбоева (+80) – қола жүлдегер.

Әзербайжан

Субхан Мамедов (50) – қола жүлдегер.

Магомедали Гасымзаде (60) – қола жүлдегер.

Махаммад Абдуллаев (+90) – қола жүлдегер.

Қырғызстан

Нурадин Рустамбек уулу (75) –қола жүлдегер.

ЕСКЕРТУ: АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

Әлем Кубогы үшінші кезеңінің бәсекелерінен кейін үздік бестікке Өзбекстан (12 алтын, 4 күміс, 11 қола медаль), Қазақстан (11; 7; 7), Польша (7; 7; 2), Бразилия (7; 4; 5), Италия (4; 6; 5) еніп отыр.

Әлем Кубогының төртінші кезеңі 15-22 қарашада Үндістанда өтеді. Бұған дейін Енді 4-14 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында кезекті Әлем чемпионатының жүлделері сарапқа салынады. Әлем Кубогының төртінші кезеңі 15-22 қарашада Үндістанда өтетін болады.

Әбдісаттар ӘЛІП,

Спорт журналистері арасындағы республикалық шығармашылық конкурстың лауреаты.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *