ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛОРДАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Спорт
538 Views

Түркістан қаласы Әуесқойлар футбол лигасының «Көктем -Жаз 2022» маусым біріншілігінің жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа 64 командақатысып, олар өз кезегінде супер лига А,В,С топтары болып үшке бөлініп ойнағанболатын. Тартысқа толы аяқ доп бәйгесінде «ФК Муслим», «Marka.kz», «МФК Яссыгород» командалары топ жарып, республикалық чемпионатқа жолдама алды. Қалаәкімдігі Қазақстан чемпионатына жолдама алған үш командаға қолдаубілдіретіндігін жеткізді және жеңімпаз қомандалар арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ, «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы» иелеріде марапатталды.

Марапаттау рәсімінде Түркістан қалалық мәслихатыныңхатшысы Мақсат Асылбекұлы Таңатаров, қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлысөз алып, құттықтау сөздерін жеткізді. Сонымен қатар қалалық мәслихат депутатыҒалымжан Құдияров, Ардақ Мансұров өз ізгі тілектерін жеткізді. Олар аяқ допшеберлеріне алдағы жарыстарына сәттілік тілеп, арнайы кубоктар мен марапаттары табысталған соң, Елордада болатын жарысқа шығарып салды.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *