«БАДАМ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ ЖАҢА СЕРПІЛІС ЖАСАУ ҚАРСАҢЫНДА

Экономика
796 Views

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше Түркістан облысы,Ордабасы ауданында орналасқан «Бадам» қазақ-түрік индустриалдыаймақтың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгін онда жалпы инвестицияқаражаты 4,6 млрд. теңгені құрайтын төрт өндіріс орны жұмыс істеуде. Соныменқатар, іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың инфрақұрылымын пайдаланатынтөрт кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция соммасы 20,7 млрд. теңгеніқұрайды.

Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаттылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін жеткіліксіз. Өйткені, бастапқыда жүргізілген инфрақұрылым кәсіпорындардың мұндай жоғары сұранысына есептелмеген болатын.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен және осы «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймағының даму қарқынымен танысу мақсатында іссапармен Ордабасы ауданында болды.

Облыс әкімінің орынбасары кездесуде жауапты сала басшыларымен инфрақұрылымға қатысты мәселені шешудің ықтимал жолдарын талқылады. Мейіржан Мырзалиев инфрақұрылым қуатын, оның ішінде электр және газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйелерінің қуатын 52 га дейін ұлғайту бойынша жаңа жобаны әзірлеуге тапсырма берді.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа серпіліс жасағалы отырған «Бадам» индустриалды аймағы әлеуетті инвесторлар үшін өте ыңғайлы әрі ұтымды жоба болмақ. Оның үстіне Шымкент қаласына жақын орналасқаны да өндіріс орындарының қызметіне өте тиімді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *