СОЛТҮСТІККЕ КӨШКЕН ОТБАСЫ ЕГІНШІЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДА

Экономика Қоғам
271 Views

Ел үкіметі 2013 жылы қабылдаған «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасында жұмыс күшіне тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасыларды көшіру туралы егжей-тегжейлі айтылған. Әр облыс осы бағдарлама негізінде жоспар құрып, өзінше атсалысуда. Нәтижесінде оңтүстіктен солтүстікке көш түзегендердің саны артып келеді.

Мемлекет бағдарламасы аясында экономикалық белсенділігі төмен теріскейаймақтарға көшіп барған тұрғындардың тұрмысын түзеуіне мүмкіндік молынан. Бұл бағдарлама бүгінде ағартылып, уақытты талабына сай өзгертілген. «Еңбек» бағдарламасыаясында Түркістан облысына Солтүстік Қазақстан облысына көшіп барғандардың бірікүнгейлік тұрғын Азамат Серікбаевтың отбасы. Мемлекеттік конкурс арқылы жералған ол қазір егіншілікпен айналысып, көшіп барған тұрғындарды да жергілікті халықты да жұмыспен қамтып отыр. Жер еміп, егіншіліктен орасан пайда табудыкөзін тапқан түркістандық тұрғын өзіне берілген 24 гектар алқапқа түрлі бақша өнімдерін еккен. Түркістан облысынан көшіп барған тұрғын елде жүргенде де егіншаруашылығымен айналысатын. Алайда, жері тапшы болғандықтан бұл шаруаныдамытуға мүмкіндігі болмапты. Отбасының күнкөрісіне жарап тұрған шаруашылығынол теріскейде де қолға алды. Бағбан сәбіз, қырыққабат, картоптың түр-түрінеккен. Көктемде келе салысымен жер қамына кіріскен дихан ала жаздай еккен өнімдерін жинап, мол өнім алып жатыр.

Жергілікті нарықта әлі жіті зерттей алмаған кейіпкеріміз өнімдерін Шымкентке сатып жатыр. Қазір оның шаруашылығында 20 шақты адам еңбек етеді. Оның жартысына жуығы күнгейден көшіп барған туыстары мен жерлестері болса, қалғаны Престовак, Майбалық елдімекеннің тұрғындары. Диқан жұмысшыларына күніне4 -5 мың теңге ақы төлейді. Қазір еңбекқор жандар картоп қазып жатыр. Еңбегінің өнбегін көрген ол келесі жыл тағы да қосымша жер сұрап, 80 гектарға түрлі бақшаөнімдерін еккісі келеді.

Күнгейден көшіп барған Азамат Серікбаевтың бизнесіне қызығып, ондағы мүмкіндіктердіоңтайлы пайдаланғысы келетіндер мемлекет бағдарламасына қызығушылық арттырыпотыр. Айта кетейік, бағдарлама қолға алынған алты жыл ішінде облыстан 200 отбасы жұмысшы тапшы солтүстік өңірлерге көшіп барған.

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатындарға төленетін біржолғы жәрдемақы да бүгін де едәуір көтерілген. Сонымен қатар, жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында қоныс аударушылардың еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, оқыту шығындарын өтеуге қатысты шаралар қабылданды. Бұл шаралар өз жемісін беруде.

Бұдан бөлек, бос жұмыс орындары туралы мәлімет алу, қоныс аударуға өтінім беру және қабылданған шешімдермен танысу электронды еңбек биржасы арқылы жүзеге асады. Мұны тиімділігі де зор.

Айта кетейік, 2021-2025 жылдар аралығында өңірге 10 мыңнан астам жұмыс күшін көшіру, жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ке дейін азайту көзделіп отыр. Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналғанәлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары уақыт талабына қарай өзгертіліп отырады. Бұл ретте қоныс аударған тұрғындардың өңірге тез үйреніп, кәсіп бастауына, тұрақты жұмыс орындарына орналасуына, кәсіп бастауына, баспаналы болып, нарыққа қажетті түрлі мамандықтарға машықтануына мол мүмкіндіктер берілетін болады.

Аружан САМИДИН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *