БАЛАНЫҢ ДҰРЫС ДАМУЫ ТАМАҚТАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

Денсаулық
1 308 Views

Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс тамақтануы өте маңызды. Оның негізгі ережесі, күнделікті азығының құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс.

Бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар азық – ол: ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік бұйымдарды, нан, дәнді-дақылдарды күнделікті тамақ үлесіне қосып отырса, баланың денсаулығы мықты болмақ.

Дұрыс тамақтану – өсіп келе жатқан жас ағзаның денсаулығы мен дұрыс өсуіне жағдай жасайтын маңызды фактор. Бұл ретте балалар ұйымдарында тамақтануережесін ұйымдастыруға да көңіл бөлу керек. Балабақшада басты назар асмәзірінің дұрыс құрылуы мен тамақ дайындау технологиясына аударылады. Тамақ әзірлеуережелерін сақтап, ас мәзірін қадағалау бас медбикеге жүктеледі. Олазық-түліктердің сапасын бақылау, сақтау мерзімін қадағалау, ас мәзірініңқұрамы, тағамдардың мөлшері, дайындау технологиясы секілді жайларды бақылауытиіс. Балабақшадағы ас әзірлейтін бөлімнің санитарлық тазалығы менқызметкерлердің жеке басының гигиенасы күнделікті тексеріп тұрады. Мектепкедейінгі ұйымдарға жеткізілетін тамақ өнімдері мемлекеттік стандарттардыңталаптарына сәйкес тексеріледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды күніне төрт мезгіл тамақтандыру қажет. Күннің бірінші жартысында бала ағзасына пайдалы дәрумендермен байытылған және ақуыз бен майға қаныққан тағамдарды беру ұсынылса, кешкі асқа тез қорытылатын жеміс-жидектер мен көкөністер, балық, сүт өнімдерін дайындап беруге кеңес беріледі.

Тағамдар міндетті түрде, ас құрамын мен мөлшері көрсетілген технологиялық картадағы нұсқаулықтар бойынша әзірленуі керек. Ас мәзіріндегі тағамдар келесі 2-3 күнде қайталанбауы керек. Күнделікті тамақтану тәртібінің тізіміне енетін өнімдер: ет, сүт, сары және өсімдік майы,бидай наны немесе қара бидай наны, қант және көкөністер. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс етін 2-7 күнде 1 рет. Мектепке дейінгі ұйымдарының ас ішетін бөлмелерінде күнделікті ас мәзірінің бекітілген үлгісі ілулі тұруы керек.

Мектепке дейінгі ұйымдағы балалар тағамының сапасы жоғары болып, қатаң қадағалануы керек. Азық-түлік өнімдерін жеткізушілерге қойылатын талаптар: санитарлық-эпидемиологиялық куәліктері, жануарлар етін бақылайтын ветеринарлық қызметтердің анықтамалары, азық-түліктердің сақтау талаптары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы инфрақұрылысы бар, жеткізу талаптары мен мерзімін дұрыс орындауы керек.

Тағам өнімдері мен сатылым шикізаттарын қабылдау кезінде, тиісті құжаттары (өндірушінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы, сонымен қатар тиісті сертификат) болуы керек. Тағам өнімдерін тасымалдау үшін арнайы санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы бар автокөліктерді пайдаланады.

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды, пайдалы әдеттерді, тиімді тағамдық тәртіп деп аталатын, мәдени тамақтану негізін қалайды.

Дұрыс тамақтану Сіздің балаңыздың дамуында баланың өсуіне, оның ақыл-ойы және дене дамуында маңызды рөл атқарады.

А. МОНТАЕВА,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *