«БАРЛЫҚ ЖОЛДАР РИМГЕ АПАРАДЫ» («All roads lead to Rome»)

Білім
986 Views

«Барлық жолдар Римге апарады» деген әйгілі мақалда айтылғандай, қазіргі жастардың мақсаттарынажетуінің сан алуан жолдары бар. Халықаралық Silkway университетініңлингвист-түлектерінің мақсаты – шығармашылық әлеуеті, сыни тұрғыдан ойлау стиліқалыптасқан кәсіби, коммуникативтік және шет тілдік құзыреттілікке ие маман болу.

«Тіл Киевке дейін жеткізеді» – деп бұрын босқа айтпаған болар. Шет тілдерін меңгеру университет түлектері үшін университеттер мен колледждердің, лицейлер мен гимназиялардың, әкімшілік-басқарушылық және ақпараттық-талдамалық салалардың ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания мен Бельгия, Испания, Швеция және Канада, Египет сияқты елдердің кабинеттері мен кеңселерінің есіктерін ашты – міне бұл Халықаралық Silkway университетінің студенттері мен магистранттарының географиясы.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді қазақ мақалы. Филология сөзі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда «сөзге деген сүйіспеншілік» деген мағынаны білдіреді. Студенттер бойында сөзге деген мұндай сүйіспеншілікті SWIU шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары қалыптастырады. Ағылшын, қытай және неміс, испан және араб тілдерінің қазыналары – бұл білімнің бәрі сіздің тіл байлығыңыздың бір бөлігі бола алады. Ал Сіздің тарапыңыздан қажет нәрсе – ол тілек пен еңбекқорлық. Шет тілін меңгеруде алға қойған мақсатыңыз бен сол мақсатқа жету жолында сіңірген еңбегіңіз Сіздің алған біліміңізді білім эталоны жасай алады.

Сапалы оқытудың эталоны – бұл тәжірибелі оқытушылар мен жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып әзірлейтін білім беру бағдарламалары.

Университет әкімшілігі заманауи сұраныстарға бей-жай қарамай, сыныптардың техникалық жабдықталуын үнемі жаңартып отырады. Сонымен, кафедра оқытушылары студенттерге Интернет-сыныптарда, интерактивті және лингафондық зертханаларда сабақтарды өткізу барысында тек білім беру сайттарын қолданып қана қоймайды, сонымен қатар білім беру бағдарламалары мен оқыту технологияларының талаптарына сәйкес сабақты сапалы өткізуге ықпал ететін мультимедиялық құралдардың SD-технологиясын үнемі толықтырып отырады.

Шетел филологиясы кафедрасының мамандары білім беруді дамытудың заманауи тенденцияларын ұстанады, инновациялық технологияларды енгізеді, студенттердің әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін оқытудың белсенді әдістерін қолданады.

Зерттеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, оның нәтижелері сараптамадан өткізіліп, рецензияланған журналдарда, Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің халықаралық және аймақтық ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларының баспа басылымдарында жарыққа шығады.

АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландиядан тіл иегерлерін шақырып жазғы лингвистикалық мектепті ұйымдастыру жыл сайынғы дәстүрге айналды, мұнда американдық, британдық және басқа батыс еуропалық университеттердің оқытушылары студенттердің ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту және ағылшын тілді елдер халықтарының мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстар жүргізеді.

Нобель сыйлығының лауреаты, философия, медицина және музыка ғылымдарының докторы, неміс ғалымы Альберт Швейцер өзінің ғылыми еңбектерін бірнеше тілде жазды, өзінің жинаған ақшасымен Африкада кедейлерге арналған аурухана ашып, адамдарға көмектесе алатындығы үшін өзін бақытты адам санады. «Бақыт – бұл сәттіліктің кепілі. Егер сіз өзіңіздің ісіңізді сүйсеңіз, онда сіз табысқа жетесіз», – деп жазды осы бақытты адам. Филология – сөзге деген сүйіспеншілік, ал шынайы махаббат бақыт сыйлайды.

Ф. И. АРТЫҚБАЕВА,

SWIU шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *