САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ АРҚЫЛЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСА!

Білім
200 Views

Лицензия №KZ16LAA00025036

Шымкент қаласындағы Орталық Азия Инновациялық университетінің (ОАИУ), «Жаратылыстану — ғылыми» факультетіне қарасты «Техника және ақпараттық технологиялар» және «Математика, физика және информатика» кафедраларының білім беру бағдарламаларымен (мамандықтарымен) таныстырып кетейік.

Қарастырылып отырған білім беру бағдарламаларымыз білім беру бағытына байланысты «Математика, физика және информатика» және «Техника және ақпараттық технологиялар» кафедраларында дайындалады.

«Математика, физика және информатика» кафедрасы 6М015 – Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша педагогтерді дайярлау бағыты бойынша:

6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау;

6В01507 – Физика-Информатика;

6В01509 – Математика;

6В01511 – Информатика және робототехника;

6В01512 – Математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бакалаврларды, сонымен қатар жоғарғы оқу орнынан кейін 7М01503 – Математика, 7М01504 – Информатика магистрантарын дайярлауда.

«Техника және ақпараттық технологиялар» кафедрасы 6B061 – Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және 6B075 — Стандартизация, сертификация және метрология бағыттары бойынша келесідей білім беру бағдарламалардан мамандар дайярлайды:

6B06102 — Ақпараттық жүйелер;

6В06103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

6B06104 – Информатика;

6В06106 – Компьютерлік ғылымдар;

6В07501 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).

Кафедраларда ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер жұмыс жасуда. Отызға таман ғылыми педагогикалық құрам өздерінің білікті тәжірибесі барысында, болашақ мамандарды заманауи білім нәрімен сусындатып отыр.

Бізідің білім алушылар оқуын үзбей дуальды білім беру жүйесі бойынша кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтеді. Мектеп мекемелерімен тығыз байланысып оқу процесінде болашақ педагог – психологтарға қойылатын талаптарды ескереді.

Дуальді білім беру жүйесінде жұмыс берушінің рөлі күшейіп, сапалы түрде өзгереді. Кәсіпорын аумағында білім алушылар үшін виртуалды симуляциялық жабдықтың болуымен әдеттегі жұмыс орнынан ерекшеленуі мүмкін оқу жұмыс орындары құрылады. Ең маңызды құрамдас – тәлімгер ретінде әрекет ететін дайындалған кадрлардың болуы.

Университет соңғы үлгідегі материалдық-техникалық базамен жасақталынған: робототехника кабинеті компьютерлік жабдықтармен, 3D модельдеу бойынша жабдықтар мен оқу құралдарымен, робототехника бойынша білім беру жинақтарымен; жаттығу полигондарымен жабдықталған.

Ең танымал бірі-LEGO Mindstorms конструкторы. Ол әртүрлі сенсорлар мен механизмдерді қосуға болатын LEGO микрокомпьютері негізінде жұмыс істейді. Әйгілі LEGO Mindstorms — тен басқа, әр түрлі курстары үшін күрделі дамуға арналған платформа қолданылады. Arduino-микробағдарлама арқылы түсіндірілетін код негізінде жұмыс істейтін микроконтроллер, 3D модельдеу үшін принтерлер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *