БЕЛІМІЗ БЕКЕМ, ТАС-ТҮЙІН БОЛАТЫН УАҚЫТ БҰЛ…

Қоғам
280 Views

Қазақ елінің тәуелсіздігіне 31 жыл.

Биылғы жыл біз үшін оңай болған жоқ, қаңтарда ел басына қауіп төніп, іріткі мен алауыздықтың аранында кете жаздадық. Ту көтеріп алаңға шыққан қазақтың қаны төгілді. Халық атын жамылып, ту сыртымыздан білдірмей келген бүлікшілер елді ала тайдай бүлдірді. Қаңтардың қысымынан есімізді жия бергенде, арада бір ай өткен жоқ… ақпанда көрші мемлекеттердің қырғи-қабақ майданы басталды да кетті. Геосаяси ахуал ушығып тұр, жан-жағымыз толған соғыс өрті. Бейқам жататын кез емес, етек-жеңімізді жинап, беліміз бекем, тас-түйін болатын уақыт бұл.

Украина өз тәуелсіздігі үшін жан берісе күресіп жатыр. Тәуелсіздіктің іргетасына сызат түсірмейміз десек, бірлік, білім, биік рух керек!

Тәуелсіздік біздің бар құндылығымыз, ұлттың бар байлығы!

Көршілердің қанқасап қазіргі күйін кешуді Тәңірім бұйыртпасын. Егемендіктің қадірін біліп қастерлейік, тәуелсіздік туы астында ел болып еңбек етіп, еңсемізді тіктей берейік.

Азаттықтың ақ таңымен әркез оянуды нәсіп етсін қазаққа Жаратқан Алла!

Алға, жасай бер, Жаңа Қазақстан!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *