ТАУАР БЕЛГІСІ ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ?

Заң Қоғам
522 Views

Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасы «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңда белгіленген тәртіпте оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тіркеусіз беріледі. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.

Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды. Тауар белгісіне құқық куәлікпен куәландырылады және тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.Тауар белгісінің иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар белгісін пайдалану мен оған иелік етудің айрықша құқығына ие болады.

Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.Тауар белгісі ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.

Тауар белгісі кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін. Тауар белгісін тіркеуге жол бермейтін абсолюттік негіздер

1. Ажыратылатын реңкі жоқ белгілерден ғана тұратын:

1) тауарлардың(көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір түрін белгілеу үшін жалпыға ортақ қолданысқа енген;

2) жалпыға ортақ қабылданған рәміздер мен терминдер болып табылатын;

3) тауарлардың түрін, сапасын, санын, қасиетін, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткізілген жері мен уақытын көрсететін;

3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін; Егер көрсетілген белгілемелер тауар белгісінде үстем жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтері ретінде пайдаланылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепілдік және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, олимпиадалық рәміздерді, наградаларды және басқа да айырым белгілерін, сондай-ақ оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді бейнелейтін белгілер тауар таңбалары ретінде тіркелмейді. Егер белгі солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиісті құзыретті органның немесе олардың иесінің келісімі бар болса, мұндай белгілер қорғалмайтын элементтер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

3. Тауар белгілері немесе олардың элементтері ретінде:

1) тауарға немесе оның жасаушысына, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беретін тұлғаға, сондай-ақ тауар өндірілген жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкін географиялық объектілердің атауларына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкін;

2) тауар шығарылған нақты жерді үстірт түрде көрсететін, бірақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсінік беретін;

3) минералды суларды, шараптарды немесе күшті спирт ішімдіктерін бірыңғайландыратын географиялық объектінің атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгілерді, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгілеу үшін, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгіде «түрінде», «үлгісінде», «стилінде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгілерді;

4) өзінің мазмұны жөнінен қоғамдық мүдделерге, адамгершілік пен ізгілік принциптеріне қайшы келетін белгілерді тіркеуге жол берілмейді.

Д. ЕСЕНТУРЕЕВА,

Түркістан облысының

Әділет департаментінің зияткерлік

меншік құқығы бөлімінің бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *