БЕРІК УӘЛИҰЛЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құттықтаймыз
1 230 Views

«Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы ҚҰРМАНҒАЛИ сайланды.

Берік Уәлиұлы Құрманғали 1977 жылы дүниеге келді. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын киновед мамандығы бойынша, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығы бойынша магистратурасын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Таң» телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастады. «НТК» телеарнасының шығарушы редакторы, «31-арнада» жауапты және бас редактор, «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, «Qazaqstan» телеарнасының «1-студия» ток-шоуының жүргізушісі, «Нұр Медиа» сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бақылау кеңесінің төрағасы, Министрдің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2019 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Берік Уәлиұлын жаңа қызметімен құттықтап, оған мол шығармашылық тілейміз!

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті редакциясының ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *