ҚАЙСАР ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ!

Құттықтаймыз
1 001 Views

Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық кірістер басқармасының қызметкері Роза ЕРМАНОВАНЫ туған күнімен және Әз Наурыз мерекесімен шынайы құттықтаймыз! Оған ұзақ та бақытты ғұмыр, зор денсаулық, толағай табыс тілейміз! Ұл-қыздарының рахатына бөлене беруіне ниеттестігімізді білдіріп, мына төмендегі жыр жолдарын арнауды жөн көріп отырмыз.

 

Туған едің сен шалғайдағы Созақта,

Баламасы оның дағы – қазақ та.

Халықпыз ғой мың өліп, мың тірілген,

Бодандықта көрген талай азап та.

 

Қыз да болсаң өжет едің, батыл ең,

Тәрбиелі, намысқой жан, батыр ең.

Шығамын деп Желтоқсанда алаңға

Жендеттердің таяғын да татып ең.

 

Тұла бойын азаматтық ар қозғап,

Барған еді көппен бірге нар қыз да.

Комсомол, спортшы, белсенді,

Оқитұғын Алматыда нархозда.

 

Қосылып ап патриотшыл қауымға,

Қайсарлықпен қарсы тұрдың «дауылға».

Ән де салдың, айқайладың ұрандап,

Қарамастан қарлы боран, жауынға.

 

Жасамаған жастар сонда ағаттық,

Көп ұзамай Тәуелсіздік таңы атты.

Айы туып қазағымның оңынан,

Ой-сананы, сезімдерді жаңартты.

 

Жанып тұр ғой бүгін сенің жұлдызың,

Қаумалайды дос-жараның, ұл-қызың.

Жеткеніңде жасың дағы жүзге кеп,

Бұйыртсыншы дастарқаның, дәм-тұзың.

Ізгі тілекпен,

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *